Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі


Балаларды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар



бет14/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
0,1,2,3,4 тест

Балаларды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар

4.1 Зейінді дамыту және тәрбиелеу жаттығулары

1. Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары

Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: Называйте ребенку различные слова: үстел, кереует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, тоғай, шанышқы және т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да, мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде,алақанын соғады. Егер балашатасып кетсе тапсырманы қайталаңыз.
Екінші сериясында келіскендей ,өсімдіктерді білдіретін сөзді естігенде, балаға орнынан тұруды ұсыныңыз.
Үшінші сериясында и бірінші және екінші тапсырманы біріктіруге болады, яғни бала жануарды білдіретін сөзді естігенде алақанын соғады да, қандай да бір өсімдікті білдіретін сөзді естігенде орнынан тұрады.
Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңйтіп, танымдылық белсенділігін арттырады.
Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізген қызықты.
2. Зейінді шоғырландыруды дамыту жаттығулары

Сабақты жүргізу үшін 10-15 айырмашылықтары бар суреттердің 2 жұбын,бірнеше бітпеген суреттер немесе қисынсыз мазмұнды суреттер, бірнеше жартылай боялған суреттер дайындау қажет..
Бірінші тапсырмада балаға берілген жұп суреттерде барлық айырмашылықтарды атау ұсынылады. (сурет 18).
Екінші тапсырмада балаға бірінен соң бірін бітпеген суреттерді көрсетеді де, не салынбай қалғанын сұрайды (сурет18а) немесе қисынсыз мазмұнды суреттерді таңдап алып, сәйкессіздікті табуды сұрайды.
Үшінші тапсырмада бірінші бөлігінің боялғанындай суреттің екінші бөлігін бояу керек (сурет таңдап алыңыз).
Барлық үш тапсырма бойынша нәтижелілік бағаланады- дұрыс аталған айырмашылықтар саны, аталған жетімсіз бөлшектер және қисын сыздықтар саны, сонымен бірге дұрыс боялған бөлшектер саны.

18-сурет

18а-сурет

3. Знйіннің тұрақтылығы және жинақтылығын дамыту жаттығулары

Оқи білетін балаларға ұсынылады.
Қағазда (рис. 19) кездейсоқ ретпен әріптер басылған (5 жол). Әр жолда шамамен 30 әріп бар. Бала әр жолды мұқият қарап, әріптер арасынан сөздерді құрауға тырысады.Ол осы сөздерді іздеп табуы. (үш-, төрт-, бес-әріпті) және астын сызуы керек.
Табыстылық көрсеткіші - табылған дұрыс сөздер саны және тапсырманы орындау жылдамдығы.
Зейінді одан әрі жаттықтыру үшін өзіңіз осыған ұқсас ынталандыру материалын дайындаңыз.
Әріптер мен сөздерді машинкада немесе компьютерде теруге немесе қолдан жазуға болады. Күлкілі сөздер ойлап табыңыздар, балаларға бұл әрқашан да ұнайды.
ФПИТЗМҰКУНЦЗНИӘАКОТЕЛМАРТҮПОМЯЧВ
ТРПМДЫМЫЛОЩЙЬМІШЦЫСОРЗЩНӨТСПРЖО
КВИАИПӘШУБАЫВАКРҮТЬАМАМАОИПСАЗШ
ОТШМЛОҚРОРВВУРАНСҮТРАЛГПАЛКАНИО
ОДЫРАМЕТӨЛАКАИОГУАВТОБУСШЫГМИК

19-сурет
4. Зейіннің тұрақтылығын дамыту жаттығулары

Эейін тұрақтылығын дамыту үшін балаға шағын мәтін (газет, журналдан) беріңіз де, әр жолды қарап отырып қандай да бір әріпті (мысалы, "а") сызуын ұсыныңыз
Уақыт және қателер санын белгілеңіз. Нәтижелерін күн сайын графикке салып отырыңыз, нәтижелілігі қалай өзгеретіндігін талдаңыз.
Егер сіз бәрін дұрыс жасасаңыз, онда нәтижелер жақсару керек -онымен баланы таныстырыңыз, баламен бірге қуаныңыз.
Зейінін бөлінушілігін және аударылуын жаттықтыру үшін нұсқауды өзгертіңіз. Мысалы, былай: "Әр жолда "а" әрпін сызып таста, ал "б" әрпінің астын сыз. Немесе былай: "Егер "н" әрпі алдында тұрса, "а" әрпін сызып таста, егер оның алдында "л" әрпі тұрса, "а" әрпінің астын сыз. Уақыты мен қателерін белгілеңдер.
Бұл дамыту жаттығуларын жарыс түрінде өткізіңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет