Бала көбінесе мектепке келгенде ғана алғашқы рет психологпен кездесетінін ескере келіп, қарапайым байқау мен жауаптардың нәтижесінде өзін өзі тексеруге болатын, американдық психолог Джеральдина Чейни әзірлеген сұрақтарды ұсынамыз. Ата-аналар мұны өздері де жүргізе алады.
Таным дамуын бағалау Бала негізгі ұғымдарды меңгерді ме, мысалы оң (сол), үлкен (кіші) т.б.?
Жіктеудің ең жеңіл түрлерін бала түсінуге қабілетті ме, мысалы, дөңгелейтін заттар, дөңгелемейтін заттар?
Қарапайым оқиғалардың соңын шеше ала ма?
Бала кем дегенде үш нұсқауды есінде сақтап, орындай ала ма?
Бала алфавиттің бас және кіші әріптерінің көпшілігін атай ала ма?