Лекция 14.
Интеллектуалды тесттер
Бұрынғы кеңес психологиясында интеллектуалды тесттерді екі топқа бөледі:
вербалды
вербалды емес
Вербалды интеллектуалды тесттерде стимулдық материал тілдік формада келтірілген. (сөздер, пікірлер, пайыдаулар, текст). Зерттелінушілер алдына қойылатын міндет осы тілдік формада келтірілген стимулдардың арысында логикалық-мағыналық байланыс орнату. Вербалды емес тесттерде стимулдық материал көрнекі формада (сурет, графика, сызықтар) немесе заттық формада келтірілген (кубиктер, заттардың бөліктері). Сонымен, вербалды тесттер сөздік-логикалық ойлаудың деңгейін көрсетеді, ал вербалды емес тесттер бейнелі-логикалық және бейнелі-әрекеттік ойлаудың деңгейін көрсетеді.
Шетел психодиагностикада интеллектуалды тесттердің 3 түрі қарастырылады:
әрекет тесттері
тілдік емес тесттер
вербалды емес
Әрекет тесттер әр түрлі әрекеттерді, қимыл-қозғалыстарды орындауды талап етеді. Тілдік емес тесттерде стимулдық материал вербалды емес формада келтіріледі, және инструкция көрсету нмесе жест арқылы беріледі. Вербалды емес тесттер А.Анастази бойынша оқу немесе жазу дағдыларын талап етпейтін тесттер.
Бұл тесттер шетелде ерекше популяцияларға арналған тесттер деп аталады. Өйткені олар кәдімгі вербалды тесттерді орындай алмайтын адамдарға арнылған:
Сөйлей алмайтын адамдар
Оқу немесе жазу дағдылары қалыптаспаған адамдар
ақыл-ойы шектелген балалар
сауатсыз адамдар
Шетелден келгендер
Сонымен бірге вербалды емес тесттер адамның көрнекілі ойлау деңгейін анықтау үшін қолданады. Кеңінен тараған вербалды емес тесттер: Сеген тақтайары, Равеннің прогрессивті матрицалары, Р. Кеттеллдың мәдениет әсерінен тәуелсіз тесті, Адамның бейнесін сал әдісі, Векслер тестіндегі вербалды емес интеллектіні анықтауға бағытталған субтесттер: Коос кубиктері, Фигураларды құрастыру, Жетпейтін бөлшектерді табу.
Достарыңызбен бөлісу: |