Лекция 1.
Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе түрі ретінде
Психодиагностика бір жағынан ғылыми-теоретикалық пән, сонымен қоса психолог атқаратын дәстүрлі тәжірибелік әрекеттердің бірі. Яғни, психодиагностика теория мен практиканы, тұлға туралы академиялық концепциялар мен оларды іс жүзінде зерттеуді байланыстыратын «көпір» деп айтуға болады. Осы жайлы Шмелев А.Г. былай деп жазады: «Психодиагностика- бұл ғылым саласы және адамның жеке дара ерекшеліктерін айқындау әдістерін жасап шығаратын және қолданатын психологиялық тәжірибенің өте маңызды формасы». Психодиагностиканың психологиялық тәжірибе түрі ретінде мақсаты – адамның жеке дара психологиялық ерекшеліктерін айқындап, өлшеу болғандықтан, психодиагностиканың дифференциалды психологиямен байланысы түсінікті. Дифференциалды психология өз тарапынан адамдар арасындағы психологиялық ерекшеліктерді зерттейді, сол арқылы диагностикалық әдістерді жасап шығару үшін қаетті теоретикалық негізді дайындайды. Ал психодиагностика сондай зерттеулерді жүргізу үшін, яғни теориялық концепцияларды дәлеледеу үшін әр түрлі психодиагностикалық әдістерді ұсынады. Шмелев А.Г. психодиагностиканың жүйелік құрылымын адам бейнесі арқылы қарастыруды ұсынады. Сонда, психодиагностиканың «басы» – бұл дифференциалды психологияның ғылыми теориялары, «денесі» - нақты психодиагностикалық әдістер жиынтығы, «аяғы» - тесттерді жасап шығарудың математикалық-статистикалық технологиясы (психометрика), «қолы» - нақты психодиагностикалық міндеттерді шешу үшін психодиагностикалық әдістерді қолдану схемаларын көрсететін тәжірибелік психодиагностиканың қолданбалы үлгілері. Сол сияқты А.А. Бодалев пен В.В. Столин психодиагностиканың бір жағынан теоретикалық пән, ал екінші жағынан психологтың тәжірибелік әрекеті екендігін көрсетеді. Олар психодиагностиканы теоретикалық-ғылыми пән ретінде «жалпы психодиагностика» деп атайды да, оған келесі анықтама береді: «Жалпы психодиагностика валидтті және сенімді диагностикалық пікірлерді жасап шығарудың заңдылықтарын, психодиагностикалық әдістерді құру принциптерін және оларды нақты әдістемелер түрінде жүзеге асыру ерекшеліктерін қарастырады, әдістердің методологиялық-теоретикалықтнегіздерін анықтайды, және әдістердің валидтілігі мен сенімділігін тексереді» Жалпы психодиагностика психологияның теоретикалық салаларымен тығыс байланысты. Практикалық психодиагностика психодиагностикалық әдістерді іс жүзінде қолдану болып табылады. Сонымен, бұл авторларлы ойы бойынша психодиагностика 3 бөлімнен тұрады:
1.сәйкес келетін психологияның теоретикалық саласы, соның шеңберінде анықталатын психологиялық көрсеткіш теория жағынан негізделеді
2. психометрика - психодиагностикалық өлшеу әдістерін негіздейтін және математика-статистика жолымен жасап шығаратын ғылым
3. Психодиагностиканың тәжірибелік қолдану салалары: оқыту мен тәрбиелеу, еңбек саласы (мысалы, жұмысқа қабылдау барысында ), патопсихологиялық зерттеулер, кеңес беру, психотерапия салаларында, соттық экспертиза Әр салада өзіндік психодиагностикалық міндеттер болады.
Сол сияқты Абрамова Г.С. психодиагностиканы тәжірибелік әрекет саласы ретінде және теориялық пән ретінде қарастырады (). Бұл автордың ойы бойынша психодиагностика адамның ішкі дүниесін сипаттайтын тұрақты айнымалылармен және көрсеткіштермен жұмыс істейді. Ал бұл айнымалылармен және көрсеткіштерді анықтау, тіркеу, сипаттау үшін оларды теория жағынан талдау керек. Сондықтан, психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастыруға болады. Сонымен, психодиагнотсика нақты теориялық құрылымдарға негізделеді, бірақ нақты тәжірибелік міндеттерді атқаруға бағытталады.
Жоғары айтылған авторлардың ой көзқарастарын жалпылай келгенде, келесі қорытыныдыоар жасауға болады: 1. Психодиагностика бір жағынан өз пәні бар теориялық, ғылыми сала, бір жағынан тәжірибелік міндеттерді шешетін тәжірибе әрекеті.2.Психодиагностика ғылыми теориялық сала ретінде көбінесе «жалпы психодиагностика» деп аталады, ал психодиагностика тәжірбелік бағыт ретінде – жеке немесе тәжірибелік психодиагностика деп аталады. 3. Жалпы психодиагностика психологиялық білімнің үш саласымен тығыз байланысты: анықталатын құбылыстарды зерттейтін психологияның пәндік бағытымен, жеке дар ерекшеліктерді өлшеу туралы ғылым ретіндегі психометрикамен, және психологиялық білімді қолдану салсымен. 4. Тәжірибелік психодиагностика теориялық психодиагностика негізінде жүргізіледі және нақты диагностикалық міндеттерді шешу мақсатымен диагностикалық құралдарды тәжірибелік пайдалану болып табылады.
Сонымен, психодиагностика психологиялық ғылымның бір саласы, сонымен қатар, өте маңызды, ал тарихи дамуда психологиялық тәжірибенің пайда болған бірінші түрі.
20 ғасырдың басында Француз мемлекеті ақыл-ойы жетіспейтін балалар үшін арнайы мектептер аша бастады. Осындай мектептерде оқытылатын балаларды сұрыптау мәселесі пайда болды. Қойылған мәселені Францияда эксперименталды психологияның негізін қалаушы Альфред Бине (фр. Alfred Binet; 11 шілде 1857 — 18 қазан 1911) шешуге кірісті. Ол (1905ж Т. Симонмен бірлесіп) ойлаудың кешігіп дамуы байқалатын балаларды анықтау үшін арнайы интеллектуалды тест жасап шығарады. Кейін бұл тест «Бине-Симонның ақыл ой дамуының шкаласы» деп аталады. (қазіргі IQ тест аналогы). Кейін 1916ж. Бине- Симон шкаласын Л. Термен «Стэнфорд-Бине интеллект шкалсына» өңдеп, ауыстырылды (ағыл. «Stanford-Binet Intelligence Scale»).
Достарыңызбен бөлісу: |