Ассоциативсіз үйрету.
Габитуация (үйрену және бейімделу) жүйке жүйесіндегі реакциялардың бірнеше рет қайталаудың арқасында тірікендіргіштердің әлсіреуі немесе жойылуы. Ең алғаш төменгі сатындағылармен жүргізіліп, әсіресе қарпапайым жүйке жүйесі бар құрттарда (планари), зерттелді. Үйрету мен бейімделуде айдия немесе кез-келген жаңа әсерлерді қолдана отырып, бұрыңғы тітіркеңдіргіштерге бейімделу процесін тоқтату және жаңа тітіркендіргіштерге деген реакцияларды қалыптастыру құрылысы (жаңа әсерлердің бейімделу процесін бұзуы).
Сенсибилизация – тітіркендіргіштердің жағымсыз ықпалдармен үйлесе отырып, жауап берудің арту құбылысы.
Бейімделудің функциялары: жануарлардың қажетсіз реакциялардан сақтануын, шаршамауын реттейді және бұл үйретудің қарапайым функциясы болып табылады.
Ассоциативті – үйретуді бекітумен байланыстыру, жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың қалыптасу процесі және екі түрлі ықпалының арасындағы байланыстық; біреуі жануарларға әсерсіз, ал екіншісі мадақтау немесе жазалау әсерлерімен байланысты болады. Бұлар уақытша байланыс немесе шартты рефлекс. Шартты рефлекстер құрылымына қарай: классикалық – (Павлов) жекеше тітіркендіргіштің негізінде қалыптасатын реакция (слекей сөлінің бөлінуі) классикалық шартты рефлекс (КШР) Павловтың моделі бойынша (S Р).
Инструменталды шартты рефлекс (ИШР) моделінің негізін жасаушы Торндайк - қателесу және қолдану әдісі, проблемалық жәшік. Торндайк бұны проблемалық жәшікке салу арқылы тәжірибе жүргізген. Қолдану және қателесу концепциясы негізінде жануарлар өздерінің нәтижеге қалай жеткенін есте сақтай отырып, нәтижелі қозғалысын іріктеп, бекітіп оны қозғалыс дағдыларында қалыптастырады. Скиннердің пікірінше инструменталды шартты рефлексі арқылы жануарлардың қозғалыс актілерін қалыптастырып үйретуде лабиринттің маңызы зор деп көрсетті. Инструменталды шартты рефлекспен салыстырмалы сипаттамасы.
Құрылымдық ерекшеліктері: классикалық шартты рефлекстік байланыс барысында шартсыз реакция арасында ырықсыз шартсыз тітіркендіргіштер пайда болады.
Шартты Бекіту Реакция
стимул
↓ Инструменталды шартты рефлекс барысында жануар орындайтын қозғалыс шарттытітіркендіргіштермен бекітіледі.
Қозғалыс Бекіту Шартты стимул (R S).
Жалпы ерекшелігі: Классикалық шартты рефлекстерде инструменталды шарты рефлекстерде де болатын биологиялық маңызды бекітулер.
Классикалық шартты рефлекстердің кемістігі: Жануарлардың ішкі қажеттілігі немесе ішкі органдарының даярлығы болған жағдайда ғана жұмыс істейді.
Инструменталды шартты рефлекстердің кемістігі: оның қалыптасуы интенсивті мінез-қылықтың ақырғы фразасымен байланысты, ал бағдарлау фазасы жануарлардың уақыт пен кеңістіктегі қозғалысында ескерілмейді. Фабридің пікірі бойынша Павловтың осы пікірі жануарлардағы мінез-қылықтың табиғи қалыптасу жолын көрсетеді. Өйткені жануарлардың қоршаған ортаны бағдарлауы айқын компоненттердің бейнеленуіне байланысты.
Когнитивті процестері (таным) жануарлардың мінез-қылығының қалыптасуы сыртқы стимулдардың ықпалына, шарты рефлексті жауабына байланысты. Қалыпасуы адамдікінен өзгеше қоршаған ортаны қабылдау жануарларда белгілі бір нақты стимулының ықпалынсыз-ақ бейнеленеді. Жануарларда да адамдарға тән қоршаған ортаның бейнеленуі болды (сурет немесе ойша елестету).
Үйретудің әдістері: 1. Өтіп кеткен реакциялар әдісі – негізін салушы Хаутер (1813) Жануардың көзінше жәшікке приманка салынады. Біраз уақыттан соң жануарларды қатар тұрған үш жәшіктің ішінен приманканы тауып алуға жібереді. Бұл әдістің негізгі мақсаты: жануарлардың есінде сақталатындығын тексеру (приманканың қай жерде жатқанын). 2. Лабиринттің ойша жоспары – негізін салушы Э. Толмен. Бұл әдіс когнитивті карталар немесе аралық реакция деп аталады
3.Заттардың қасиетіне байланыс тұрақтылық бейнелерін тестілеу – негізін салушы Крушинский, яғни жануарлар заттардың қасиетіне байланысты есте сақтауын анықтау. Крушинский негізінен эмпирикалық заң негізінде жануарлардың мінез қылық әрекетінің қалыптасуын зерттеген.
Эмпирика–фактілер, бақылау, яғни жануарлардың мінез-қылығына тән, эмпирикалық заңдар Крушинскийдің пікіріне былайша тоқталады: -Жоғалу заңдылығы – жануарлар заттар туралы түсініктерін ырықсыз қабылдау арқылы есте сақтай алады. (Қысқа мерзімді). -Қозғалысқа байланысты заңдылық. Кез-келген жануарлар кіші кезінен ата-анасының басқа жыртқыштарының ортадағы қозғалысына қарап, тіршілікке қажетті қимыл қозғалыс дағдысын қалыптастырады.
-Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстың көлеміне байланысты, айрықша белгілеріне байланысты жануарлардың есінде сақталынуы.
Үйретудің формалары
-
Латентік үйрету – жануарлардың өзінің мекен тұрағына байланысты бағдарлауы саналарында бейнеленеді.
-
Кеңістіктегі үйрету – (латентті үйретумен қатар жүреді) кез-келген жануарлар кеңістікте бағдарламаларды үйренеді және үйренуге қабілетті. Жануарларда өздеріне тән қоршаған ортаны бағдарлаудың тәсілдері қалыптастырылған. Мыс: жүріп өткен жолдарына байланысты, уақыттың күн мен түннің ауысуына байланысты. Жануарлар сыртқы ортадағы кейбір элементтері естеріне сақтайды. Ал бұл есте сақтау ассоциативті есте сақтау жүзеге асырылады.
-
«Үлгіге байланысты таңдау» - (эксперименттік әдіс) яғни жануарлардағы когнитивтік әрекеттік қалыптасуына байланысты жүргізілетін экспериментік әдіс. Екі немесе бірнеше үлгіге ұсына отырып, арасындағы айырмашылықтарды есіне сақтайды.
-
Имитациялық үйрету мен еліктеу жануарлардың кез-келген әрекетін, қимылын сол қалпында қайталау.
-
Эвристикалық үйрету мен инсайт. Инсайт – шындыққа жату. Бұл әдістің негізін салушы Келер-гештальт психологиясы ағымының өкілі. Бұл ілімнің негізі жануарлар мінез-қылығының тұтастығы жануарлар белгілі бір көзқарас барысында ойланбайды. Жануарлар демалу барысында ойланады.
Нерв орталықтарында қозудың бір бағытта таралатынын мынадай тәжірибеден көруге болады. Жануар жұлынының бір сегментіндегі артқы және алдыңғы, түбірді кеседі. Артқы түбірде афференттік талшықтары, ал алдыңғы түбірде эфференттік нерв талшықтары болатыны белгілі. Егер артқы түбірдің орталық кесіндісін тітіркендірсе алдыңғы түбірдің орталық кесіндісінен әкеткіш электродтар арқылы осциллографқа әрекет потенциалдарын жазуға болады. Ал еғер алдыңғы түбірдің орталық кесіндісін токпен тітіркендірсе, артқы түбірдің орталық кесіндісінен ондай потенциалдар алынбайды.
Кешіктіріп өткізу. Нейронаралық синапстар арқылы қозу өту
процесінде басты роль атқаратын химиялық заттардың басауына (бөлінуіне), олардың синапстық саңылауға (кеңістікке) өтуіне, одан әрі субеннапстық мембранадағы арнайы рецепторлармен байланысып өзара әрекеттесуіне және соның нәтижесінде мембрананың ион өткізгіштігінің өзгеріп деполяризация жүруіне жұмсалатын уақыттар қосылып орталық нерв жүйесі арқылы қозудың рефлекторлық доғаның басқа бөлімдерімен салыстырғанда көп баяу (жай) өтетіндігіне себеп болады. Осыны кешіктіріп өткізу немесе синапстық кідіру дейді. Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру – 0,5 мсек шамасында болатындығы анықталған. Ал қоздырушы постсинапстық потенциалдың (ҚПСП) айнымалы шамаға жетуіне - 1,5 – 2 мсек керек. Олай болса, бұл уақыттарды қосса бір синапс арқылы қозу өтуге 2 – 3 мсек керек екендігі шығады. Осыдан қай арифметикалық жолмен – ақ рефлекс уақытын анықтаған соң, сол рефлекстің доғасында шамамен қанша синапс бари екенін анықтауға болады.
Қозулар жиынтықталуы (суммациясы). Бұл құбылысты нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М. Сеченов (1863) болды. Оның мәнісі – екі немесе одан да көп тітіркендірулерді өзара ұштастырса рефлекторлық реакция тумайды. Жиынтыңталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді, (уақыттық) және кеңістіктік. Уақыттық жиынтықталу - нерв орталғына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар ара сындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Егер келген қозудың әрқайсысы өз тарапынан рефлексторлық реакцияны тудыра алатын болса, жиынтықталу ырғақты тітіркендіру кезіндегі реакцияның күшеюінен, ал жеке стимул күші өздігінен рнфлекс тудыра алмайтын болса, онымен ырғақты әсер ету арқылы рефлекстің алатындығынан көрінеді.
Кеңістіктегі жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады. Мұндай жиынтықталу бір рецептивтік алаңдағы орталыққа тепкіш екі нерв талшығын табалдырықтан төмен күшпен бірінен соң бірін 15 мсек интервалмен тітіркендіргенде де алынады.
Жиынтықталудың механизмі ырғақты тітіркендірулер кезінде, немесе бір мезгілде екі не одан да көп афференттік нерв талшықтары тітіркенген кезде пайда болатын қоздырушы постсинапстық потенциалдардың бірінің үстіне бірі түсуіне күшейе, өсе келе мембрана деполяризациясының айнымалы деңгейге жететіндігіне одан әрі таралатын әрекет потенциалының туатындығына байланысты. Ал бір рет қана тітіркендіру бергенде синапста түзілетін медиатор мөлшері аз болатындықтан субсинапстық мембрана деполяризациясы айнымалы деңгейге жете алмайды.
-
Ырғақтың трансформациясы. Нерв орталықтары өздеріне келген
импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де нерв орталығының жұмыс органына жіберетін эфференттңк импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Қозу ырғағы транспормациясының механизмі әртүрлі болады.
Әрекет соңы. Бұл құбылысты алғаш И. М. Сеченов байқаған. Оның мәнісі жауап реакциясының ұзақтығы тітіркендіру ұзақтығынан артық бола алады. Неғұрлым тітіркендіру күші жоғары болса соғұрлым әрекет соңыда ұзаққа созылады. Әрекет соңына екі механизм себепші болады: Біріншіден, афференттік нерв талшығын ырғақты тітіркендіруден кейінгі лепка мембранасындағы үздік деполяризация бірден жоғалмай, клетка бірнеше ондаған м/с бойы қозу импультерін тудыра алады. Екіншіден, ұзақ әрекет соңын тудырады. Бұл нерв импульстері нерв орталығындағы нейрондардың өзара байланысын тұйық сақина тәрізді құрға тізбегі арқылы айналып жүреді деп есептеледі.
Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық нерв жүйесіндегі бір нейронда әртүрлі жолдармен жүретін импульстер тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылчы бір мезгілде нерв орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке – жеке тітркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс әр түрлі нерв жолдары арқылы импульстер екі не үш нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффект сол импульстер сол нейрондарға жеке- жеке жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады.
№13-дәріс
Тақырыбы: Стресстің психофизиологиясы
Сұрақтары:
-
Стресстің анықтамасы. Стрессорлар, стресстік реакциялар және дистресс.
-
Стресс және психикалық басқа жаңдайлар.
-
Стресстің механизмдері. Дистресс және ауру
«Стресс» (ағылш. Stress - зорлану, күштену, қиналу) деп қоршаған ортаның кез келген қолайсыз әсерлеріне организмнің арнайыланбаған бірбеткей серпілістермен жауап қайтаруымен көрінетін, оның қорғану - бейімделу мүмкіншіліктерінің жаңа деңгейде қалыптасуын айтады. Бүл қолайсыз ықпалдарға физикалық әсерлер (ыстық немесе суық температуралар, иондағыш сәулелер, электр соққы жарақат, ауыр қол жұмыстарын атқару т.с.с), химиялық әсерлер (улы химиялық заттар, гипоксия ж.б.), биологиялық әсерлер (жұқпалар, вирустар, микробтардың уыттары, жәндіктердің улары ж.б.), психогендік (жан-дүниелік жарақаттар, күйзелістер, ауыр қайғы-қасіреттер, көңіл-күйдің толқулары), әлеуметтік жағдайлардың (қазіргі адамдарға шамадан тыс артық ақпараттардың әсерлері, уақыттың тапшылығы, жеке тұлғалардың арасындағы шиеліністер, қоғамның заңдары мен жеке адамдардың еркіндіктерінің шектелуі, қимыл қозғалыстарының азайтуы т.с.с.) әсерлері жатады. Адам үшін жағымсыз сөздің стресс жағдайын дамытуда маңызы өте үлкен. Бұл организмге қолайсыз әсерлерді стрессорлар деп атайды.
«Стресс» атауын медицинаға Канада ғалымы Ганс Селье алғаш XX ғ. 60-шы жылдары енгізді. Бұл ғалымның байқауы бойынша әсер еткен қолайсыз ықпалдардың (ол жарақатпа, жұқпама, химиялық уланума немесе ауыр қайғы-қасіретпе) түріне қарамай оларға организм әрқашан бірбеткей жауап қайтарады. Бұл кезде: айырша без бен лимфалық түйіндердің кері дамуы, бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы, асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында ойық жара дамуы, қандай нейтрофильдер көбейіп, эозинофильдер мен лимфоциттердің азаюы, тіндерде зат алмасуларының өзгерістері байқалады. Көрсетілген өзгерістер әсер еткен қолайсыз ықпалдың түріне қарамай эрдайым бір түрде болатын болғандықтан, оларды организмнің арнайыланбаған, серпілістеріне жатқызады. Стресс кезіндегі бейспецификалық серпілістердің бір көрінісі болып, кез келген жағымсыз ықпалдардың әсерлерінен жасуша қабықтарындағы май қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипаза, липаза, протеаза ферменттерінің артық әсерленуі есептеледі.
Қазіргі кездегі ғалымдар стрестің келесі түрлерін ажыратады:
-
Эустресс : жағымды стресс. Ол қалаулы әсерімен үйлеседі және ағзаны жинақтайды. Эустресс жағдайында танымдық процестердің белсенділігі және сана сезім процестері шынайы өмірде ұғысуы, есте сақтау қабілеті артады.
-
Дистресс: Жағымсыз стресс. Ә радам стресстің оптимальды деңгейін ұстауға қабілетті, Бірақ стрестік әсерлер адамның бейімделушілік мүмкіншілігінен аспауы керек. Олай болмаған жағдайда стресс – дистреске айналуы мүмкін. Ол шаршау, жұмысқа ынтаның төмендеуі, қобалжу, үрейлену деген сияқты өзгерістермен сипатталады. Осы сияқты стреске төзімсіздік азуға әкеп соғады. Ал, азу жүйке ауруына шалдықтырады, кейде психоздық ауруға, үнемі шаршап тұру синдромына, немесе психосоматикалық ауытқуларға жетелейді.
Стресстің организм тіршілігінде маңызы өте үлкен. Оның әсерінен организмнің тіршілігіне қажетті барлық мүмкіншіліктерінің жұмылдырылуы болады. Осыдан ұдайы өзгеріп түратын қоршаған ортаның жағдайларына организмнің икемделіп, бейімделу мүмкіншіліктері артады.
Г. Сельенің пікірі бойынша кез келген стрессор алдыңғы гипофизге әсер етіп, онда кортикотропин түзіліп шығуын күшейтеді. Ол өз алдына бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатына әсер етіп, глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуін артырады. Осыдан қолайсыз ықпалдардың әсерлеріне организмнің төзімділігі көтеріледі. Мәселен, жануарлардың алдыңға гипофизін немесе бүйрек үсті бездерін сылып тастағанда, кез келген ықпалдарға олардың төзімділігі қатты азайып, бұл жануарлар тез жан тапсыррады. Ал, жануарларға алдын ала кортикотропин немесе глюкокортикоидтық гормон (гидрокортизон, кортизон, преднизолон т.с.с.) енгізіп, содан кейін оларға химиялық улы зат енгізсе немесе оларды жарақаттаса, онда бұл көрсетілген ықпалдарға деген жануарлардың төзімділігі артады. Сол себептен кортикотропин мен глюкокортикоидтық гормондарды адаптациялық гормондар деп атайды. Осыған байланысты стрессті Г. Селье жалпы адаптациялық синдром деп жариялады. Бұл синдром үш сатыда өтеді: 1-сатысы - үрей сатысы, 2-сатысы организмнің төзімділігінің көтерілуі, 3-сатысы қалжырау сатысы. Үрей сатысында жағымсыз ықпалдарға организмнің қорғаныстық икемделу мүмкіншіліктері тез іске қосылады. Бүл саты «соққы» және «соққыға қарсы» фазаларынан тұрады. Соққы фазасында бұлшық еттердің әлсіздігі, артериялық қысымның төмендеуі, гипотермия, гипогликемия, эозинопения, қылтамырлардың өткізгіштігі көтерілуі ж.б.байқалады. бұл кезде лимфоидтық түйіндердің кері дамуы, теріс азоттық баланс, асқазанның ойық жарасы байқалады. Бұлар организмде ыдырау үрдістерінің күшейгенін көрсетеді. Соққыға қарсы фазасында көрсетілген бұзылыстар кері бағытта өзгереді. Артериялық қысым жэне бүлшық еттердігі, күш-қуаты көтеріледі, қанда глюкоза көбейеді. Гипофиз бен бүйрек үсті бездерінде кортикотропин мен глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуі тұрақты түрде жоғарылайды, осыдан төзімділік сатысы дамиды. Бұл сатысында бүйрек үсті бездерінің гиперторофиясы байқалады, кортикостероидтардың түзілуі артады, глюконеогенез күшейеді. Бұл кезде өзгерген сыртқы ортаның жағдайларына организмнің бейімделу мүмкіншілігі ең жоғары деңгейге көтеріледі. Егер қолайсыз ықпал ұзақ мерземде әсер етсе, онда организмнің көрсетілген қабілеті бұзылады, жалпы адаптациялық синдромның үшінші қалжырау сатысы дамиды; организмнің функциялық мүмкіншілігі таусылады, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты семіп қалады, артериялық қысым төмендейді, нэруыздардың ыдырауы артады, дене қызуы азаяды, гипогликемия байқалады.
Жалпы адаптациялық синдром кезінде организмнің төзімділігі әсер етуші ықпалға ғана емес, көптеген басқа жағымсыз әсерлерге де жоғарылайды. Былайша айтқанда бір жағымсыз ықпалдан кейін екінші қолайсыз ықпалдың зиянды әсері әлсірейді. Мәселен, тәжірибелік жануарлардың терісіне формалин жіберсе қатты қабыну дамиды. Ал формалин жіберер алдында аз ғана мөлшерде қан алса (стрессор), онда формадин жібергеннен кейінгі қабынудың қарқыны төмендейді. Сондай-ақ жануарлардың көктамырына протеолиздік фермент (трипсин) жібергенде миокард некрозы пайда болады. Ал фермент жіберер алдында жануарлардың бұлшық еттерін электр ағымымен жарақаттаса, онда фермент жібергеннен кейінгі миокард некрозының мөлшері азаяды. Осыған байланысты инемен емдеу, қан алу, терінің кейбір нүктерлерін күйдіріп емдеу т.с.с. медицинаның бейдәстүр емдеу әдістері көрсетілген зандылықтармен түсіндіріледі. Организмге элсіз жэне шамалы қоздырғыштардың (Мысалы; суық температураның, физикалық жүктемелердің) ұдайы әсерлері эндокриндік жүйенің бейімделу мүмкіншіліктерін әрдайым қолайсыз ықпалдарға дайын жағдайда ұстап, организмнің оларға төзімділігін арттырады.
Адаптацияның жеткіліктсіздігі немесе оның бұзылуы дезадаптациялық аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Мысалы, бүйрек үсті бездерінің минералокортикоидтық гормондарын (дезоксикортикостеронды) жануарларға артық мөлшерде жіберсе, онда артериялық гипертензия, нефросклероз, ағзалардың гиалинозы дамиды, қабыну қарқынды түрде өтеді. Глюкокортикоитық гормондарды жібергенде, қабыну қарқыны әлсіреумен бірге, организмнің иммундық жауаптары тежеледі, асқазан мен ұлтабардың ойық жаралары, миокардтың некрозы пайда болуы мүмкін. Бұл гормондар жеткіліксіз болған жағдайда организмнің жағымсыз әсерлерге төзімділігі азаяды. Дезадаптациялық ауруларға Сельенің пікірі бойынша, құздама (ревматизм), бронхиалық демікпе, кейбір бүйрек аурулары, жүрек пен қан-тамырлары жүйесінің және кейбір тері аурулары т.б. жатады. Олардың пайда болуында қосымша жағдайлардың маңызы үлкен. Бұл жағдайларға суық тию, артық қызыну, шаршау, тектік ерекшеліктер, ас тұзын артық пайдалану т.б. жатады. Кортикостероидтар мен ас тұзын жануарларға бірге жібергенде әртүрлі қоздырғыштардың әсерлерінен миокардтың некрозы дамуына қолайлы жағдай дамиды. Жалпы адаптациялық синдромды Г.Селье «гипофиз - бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты» жүйесі арқылы түсіндірді.
Қазіргі көзқарастар бойынша стресс нерв жүйесі мен эндокриндік бездердің қатысуымен дамитын организмнің күрделі нервтік-гуморалдық серпілісі. Бұл серпіліс дамуында орталық нерв жүйесі, мидың сыртқы қыртысы, гиппокамп, лимбикалық жүйе, мидың торлы кұрылымы, гипоталамус ж.б. мидың құрылымдары, шекті нервтер мен вегатативтік нерв жүйелері қатысады. Көптеген қолайсыз ықпалдардың организмге әсері нервтік-рефлекстік жолдармен болады. Сыртқы жэне ішкі қабылдағыштардан (рецепторлардан) нервтік серпіндер орталық нерв жүйесіне түсіп, ми қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі.
Содан пайда болған нервтік медиаторлар, шағын пептидтер (эндорфиндер мен энкефалиндер), нервтік гормондар (либериндер мен статиндер) нервтік-эндокриндік серпілістердің дамуына әкеліп соғады. Адамда сөйлеу жүйесінің болуына байланысты жағымсыз дөрекі сөздер, жан-дүниелік күйзелістер, психикалық жарақаттар мидың сыртқы қыртысының қатысуымен болатыны сөзсіз. Мидың сыртқы қыртысы әрекеттерінің өзгерістері мидың қыртыс асты құрылымдары мен гипоталамус арқылы эндокриндік жүйелердің жұмылдырылуына әкеледі. Стресс дамуында алдыңғы гипофиз - бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатынан басқа қалқанша бездер, ұйқы безі, бүйрек үсті бездерінің милық қабаты ж.б. бездер қатысады. Мәселен, кез-келген стресс кездерінде ұйқы безі инсулинді артық өндіреді. Осыдан қанда инсулиннің деңгейі көтеріледі. Ал, гиперинсулинемия симпатикалық нерв жүйесі мен бүйрек үсті бездерінің милық қабатының белсенділігін арттырып, катехоламиндердің әсерін күшейтеді. Содан норадреналиннің әсерінен қан тамырларының жиырылуы күшейеді. Қанда катехоламиндердің көбеюі өз алдына тіндердегі инсулинді қабылдайтын рецеипторлардың сезімталдығын азайтып, инсулиннің безден тыс жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Дегенмен, стресс дамуында «гипоталамусалдыңғы гипофиз - бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабыты» бірігіп, бір функциялық жүйеге қалыптасуының маңызы өте үлкен. Сонымен, стресс дамуы бір жағынан организмнің сыртқы ортаның ықпалдарына бейімделу қабілетін көтеріп, адаптация дамуына әкелсе, екінші жағынан көптеген дерттердің пайда болуына әкеледі.
Осыған байланысты, қай жағдайларда стресс организмнің адаптациялық мүмкінші/иістерін көтеріп, оның төзімділігін жоғарылатады, қай жағдайларда дерт дамуына әкеледі?— деген сүрақ пайда болады. Сонымен бірге, стресс организмнің қолай-сыз ықпалдарға төзімділігін қандай жолдармен көтереді?— деген де сүрақ түрады. Шын мәнінде көпшілік жағдайларда ұзаққа созылған және жиі қайталанған қолайсыз стресстік әсерлерден кейіи де организм тіршілігін жоғалтпай, өмір сүре береді. Демек, организм стресстік жағдайларға бейімделе алады деп тұжырымдауға болады. Бұл кезде жағымсыз әсерлерге жауап ретінде организмде стресс дамытатын жүйеиің белсенділігі артуымен қатар стрессті шектейтін жүйенің қызметі көтеріледі. Стресс дамытатын жүйеге симиатикалық-адренергиялық жүйе, гипоталамус, алдыңғы гипофиз, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты ж. б. жатады. Қолайсыз әсерлерден осы жүйненің белсенділігі көтеріледі. Осыған жауап ретінде организм мида гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ), серотонин, эндорфиндер мен энкефалиндер түзілуін арттырады, шеткі ағзалар мен антиоксиданттық ферменттер түзілуін көбейтеді. Бұл көрсетілгендер стрессті — шектейтін жүйеге жатады және стресс дамуын азайтады. Бұл кезде ГАМҚ мида тежелу үрдістерін күшейтеді, серотонин катехоламиндердің әсерін әлсіретеді, эидорфиндер организмде ауыру сезімін шектейді, эндорфиидер мен энкефалиндер шағын реттеуші пептидтерге жатады және көптеген ішкі ағзалардың іс-әрекеттерін қадағалайды. Шеткі тілдерде өндірілетін простагландиндер тін жасушаларының сыртқы қабықтарындағы аденилатциклаза ферментін әсерлеп, жасуша ішінде цАМФ түзілуін арттырады. Антиоксиданттық ферменттер тін жасушаларының қабықтарында май қышқылдарының асқын тотығып кетуінек сақтандырып түрады.
Соңғы жылдары стресс кезінде нейтрофилдерде бір зат өндірілетіні белгілі болды. Бұл затты нейтрофилокин деп атайды. Ол пептид. Нейтрофрглокиндер қолайсыз әсерлерге организмнің сезімталдыгыл төмендетеді және стресстен кейінгі дамитын өзгерістердің қарқыньш азайтады. Мәселен, олардың әсерлерінен егеуқүйрықтарда сіресс кезінде дамитын асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, лимфоидтық тіннің кері дамуы, қанда лимфоциттердің азаюы, нейтрофилдердің тым аргық көбеюі болмайды (Колесников О. Л. ж. б., 1996). Нейтро-филокиндердің әсер ету жолдары элі анықталмаған. Дегенмен олардыңда стрессті шектейтін жүйеге жататыны анық.
Сайып келгенде, стресс кезінде стрессті шектейтін жүйенің жүмылдырылуы нәтижесінде жағымсыз әсерлерге организмнің адаптациясы болады.
Адаптацияны бейімделу деп аудару оның терең ғылыми мэнін бермейді. Бейімделу жалпы тірі жәндік-жануарларға, тіпті өсімдіктерге де тэн және қарапайым серпілістермен көрінуі мүмкін. Адаптация деп нерв және эндокриндік жүйелердің қатысуымен дамитын организмнің күрделі қорғану-бейімделу мүмкіншіліктерінің жаңа сапалы деңгейде қалыптасуына әкелетін, күрделі ұйымдастырылған жануарлар мен адам организміне тән қасиетті айтады.
Организмнің адаптациясы екі сатыда дамиды: 1-сатысы жедел дамитын, өткінші, жетілмеген; 2-сатысы біртіндеп дамитын, ұзақ уақытқа жететін, жетілген болады. Жедел дамитын сатысы организмде бұрын қалыптасқан, дайын физиологиялық құбылыстардың негізінде дамиды. Мәселен, ауыртатын немесе қорқыныш тудыратын қоздырғыштардан жануарлар қашып құтылады. Организмге суық температура әсер етсе, онда жылу өндірілу күшейіп, жылуды сыртқа шығару азаяды. Дем алатын ауада оттегі азайғанда организмнің дем алуы жиілеп, тіндерде қан айналымының жылдамдығы ұлғаяды. Адаптацияның бұл сатысы организмнің физиологиялық мүмкіншіліктерінің ең жоғары шыңында өтеді және қажетті тұрақты адаптацияға әкелмейді. Мәселен, дағдыланбаған адам жүгіргенде айналымдағы қанның минуттық көлемі, өкпеде ауа алмасуы қатты күшейеді, жүрек соғуы тым жиілеп, қатты ентігу пайда болады. Бұл кезде бауырдағы гликогеннің қоры қатты азаяды, қанда сүт қышқылының деңгейі көтеріліп кетеді. Осылардың нәтижесінде жүгіру ойдағыдай тез және үзақ болмайды.
Адаптацияның ұзақ мерзімді сатысы организмге сыртқы орта ықпалдарының ұзақ немесе әлденеше рет қайталанған әсерлерінің нәтижесінде біртіндеп пайда болады. Организм шынықпаған жағдайынан жаңа сапалық жаттыққан жағдайға ауысады. Сөйтіи организм бұрын әлі келмейтін ауыр жұмыстарды атқарады, гипоксияға, суыққа, ыстыққа, жүқпалы ауруларға, улардың үлкен дозаларына төзімді болады. Мидың есте сақтау қабілетінің негізінде дамитын организмнің белгілі жағдайларға үйреніп дағдылануы қоршаған ортаның ықпалдарына бейімделудің күрделі түріне жатады және ол мида жаңа шартты байланыстардың пайда болуымен сипатталады.
Организмнің тұрақты адаптациясы дамуы үшін адаптацияға жауапты басым функциалық жүйе қалыптасуы қажет (Меерсон Ф. 3.). Мәселен, физикалық жүктемелерге организмнің адаитациясы кезінде адаптацияға жауапты функциалық басым жүйе бұлшық еттерде, жүрек-қан тамырлары, сыртқы тыныс жүйелерінде қалыптасады. Гипоксияға организмнің адаптациясында бұл жүйе тыныс алу жолдарында, қан және қанайналым жүйелерінде байқалады.
Организмнің тұрақты адаптациясы қалыптасуы үшін организмге қолайсыз ықпалдардың (физикалық жүктеме, гипоксия ж. б.) бірнеше рет қайталануыиан жаңа қатаң дағды (стереотин) пайда болуы керек. Адаптацияның жедел дамитын сатысынан тұрақты ұзақ дамитын сатысына ауысуы үшін адаптацияга жауапты функциялық басым жүйеде «жүйелік құрылымдық із» қалыптасуы қажет (Меерсон Ф. 3.)- «Жүйелік кұрылымдық із» деп адаптацияға жауапты жүйе тіндерінде белгілі құрылымдық өзгерістердің дамуын айтады. Оның негізінде көрсетілген тіндерде нуклеин қышқылдары мен нәруыздар түзілуінің артуы жатады. Ол мына жолмен дамуы мүмкін: жаттығулардың нэтижесінде адаптацияға жауапты басым жүйе тіндері жасушаларының атқаратын қызметі көтерілуінен олардың ядроларындағы гендік құралдардың белсенділігі артады. Осыдан бұл жасушаларда ДНК молекуласының екіге ажырауы, РНК молекуласына гендік ақпараттың көшірілуі, рибосомалар мен полисомаларда нәруыздар түзілуі көбейеді. Сондықтан қызмет атқаратын жасушалардың көлемі ұлғаяды, олардың қызмет атқаруға деген қабілеті арта түседі.
Сонымен қатар мида РНК мен неруыздар түзілуінің артуы жаңа шартты байланыстардың бекуіне, жаңадан қабылданған қасиеттердің тұрақты дағдыға айналуына, кейбір нейрондардың гипертрофиясы дамуына қолайлы жағдай жасайды. Бұл кезде ГАМҚ, серотонин, шағын пептңцтер, нервтік медиаторлар өндірілуіне қажетті ферменттердің түзілуі артады.
Ішкі сөлденіс бездерінде нуклеин қышқылдары мен нәруыздар түзілуінің көбеюі бүйрек үсті бездерінің милық және сыртқы қабаттарының гипертрофиясы мен гиперплазиясы дамуына әкеледі, оларда катехоламиндер мен кортикос-тероидтық гормондардың өндіріл) ане қажетгі ферменттердің түзілуіне қолайлы жағдай пайда болады.
Қан жүйесінде ДНК, РНК, нөруыз түзілуінің артуы сүйек кемігінің гиперплазиясы дамуын, онда эритроциттердің, гемоглобиннің, микро және макрофагтардың өндірілуін күшейтеді, иммундық жүйе деңгейінде антиденелер мен лимфоциттердің өндірілуін арттырады.
Бауырда нуклеин қышқылдарй мен нәруыздсір түзілуінің артуы қан плазмасы нәруыздарының, микросомалық тотыгу ферменттерінің түзілуін күшейтеді, бауырдың усыздандыру қабілетін көтереді.
Шеткі ағзалар мен тіндерде нәруыздар түзілуінің артуы тотығу-тотықсыздану ферменттері түзілуіне, макроергиялық фосфорлық қосындылардың өндірілуіне және құрылымдық нәруыздардың түзілуіне әкеледі. Мәселен, физикалық жүктемелердің нәтижесінде нәруыздар түзілуі артуынан бұлшық еттердің гипертрофиясы дамиды, оларда митохондрийлар көбейеді. Бұл кезде қан айналым және тыныс алу жүйелерінің қуаты артып, оттегін пайдалану мен АТФ түзілуі көбейеді. Осылардан бұлшық еттерде аэробтық тотығу артып, олардың қызмет атқару қарқыны мен ұзақтығы ұлғаяды. Сонымен бірге жүрек еттің шамалы гипертрофиясы дамиды, миозиннің АТФ-азалық белсенділігі көтеріледі, коронарлық қан тамьфларының сиымдылығы көбейеді, жүйелік қан айналым жақсарады.
Осылай адаптацияға жауапты функциялық басым жүйеде «құрылымдық із» қалыптасады. Ал, стресс кезінде адаптацияға жауапты функциялық басым жүйе қалыптасуы нервтік және эндокриндік жүйелердің қатысуымен болады. Бұл жүйеде «құрылымдық із» қалыптасқан соң организмнің тұрақты адантациясы толығынан қалыптасып, гомеостаздың бұзылыстарын аластайды, стресстік әсерлерге жауап қайтару әдеттегі деңгейлерге келеді.
№14 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |