Психология бойынша сабақтарды өткізу әдістемелері 18



бет26/27
Дата20.05.2022
өлшемі108.63 Kb.
#458084
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Қазіргі білім беру процесінде психологияның рөлі мен орны

Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұның — сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. — анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға алып келеді, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың жойылуына алып келеді.

4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.





Қорытынды

Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы, ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып пайда болуы мүмкін. Бұл құбылыс өзін-өзі қорғау қасиетімен түсінікті. Енжарлықтың пайда болуы — осындай өзін-өзі қорғаудың нәтижесі. Дегенмен, балаларда бұл қасиет қызметтік әр түрлі бөгдс түрлерін іздестіруде байқалады, олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің турлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет.
Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыру әр түрлі болуы керек, оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Балалардың барлығы барлық уақытта қызметтін бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.

Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті — жаңа білімді игеруді — атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің катты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдылық мұғалімдік сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.

Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді


Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді: 1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі; 3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі; 5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі; 7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады. Білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың (психологиялық заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдісті ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасуы және даму ерекшеліктерінің аралығындагы қатынасы деп түсіндіреді.
Психиканың қалыптасу ерекшеліктері туралы сұрақ - қоршаған ортадағы және генетикалық факторлардың күрделі қатынасы туралы – психологияны оқыту әдістемесінің төңірегінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика және т.б. ғылым саласында да осы мәселе шешіліп қаралуда.
Сондықтан психология мамандығын таңдаған студентке осы сұрақтағы психиканың қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық құралдармен және эксперименттік ізденістермен таныстыру маңызды. Осы білімдер келешекте студентке психологияның аталған іргелес ғылымдарды тиімді игеруге, сонымен қатар оқытушы ретінде нәтижелі қызмет атқаруға мүмкіндік береді.
Соның салдарынан темпераментімен, қабілеттерімен, мінезімен, ой түрімен, тұтастай т.б. психикалық даму деңгейімен айырықшаланатын оқушылармен жұмысқа дайындық жүргізу барысында студент-психолог өзінің педагогикалық іс-әрекетін компетентті орындауда, тек психологияны оқыту әдістемесі саласында бүгінгі педагогикалық-психологиялық біліммен қаруланған жағдайда ғана нағыз маман бола алады.
Психологияны оқыту әдістемесі оқу үрдісінде алған фактілік материал мен теориялық білім берудің практикалық жағдайында (оқушылардың психологиялық таңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика және психикалық дамудың прогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және жақсы оқытуды қамтамасыз етуге қажетті психологиялық жағдайды анықтау, ата-аналармен жұмыс және т.б.) көптеген практикалық міндеттерді шешуге маңызды мәні бар. Алған білімдердің орта білім беру жүйесіндегі реформаның психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім берудің ұлттық үлгісі, білім берудің дифференциациясы мен индивидуализациясы, оқушылардың кәсіптік бағдарын ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері, білім берудегі информатизацияның психологиялық ерекшеліктері, тәрбие және оқыту жүйесі дамуының бүгінгі кезеңдегі психологияның рөлі мен орны, психологияны оқыту әдістемесі ғылыми практикалық пән ретінде және оның педагогикалық пәндер жүйесіндегі алатын орны, пәнге жалпы сипаттама және психологияны оқыту әдістемесі курсының мақсаттары деген сұрақтарға сенімді бағдарлануға мүмкіндік береді. Сонымен, С.В.Кульневичтің атап көрсеткеніндей, білім беру процесін тұлғаға бағдарлау гуманистік педагогикалық мәдениет құндылықтарына ықпал етеді, бұл дегеніміз-білім алу емес, бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық мәні; жекелеген білік-дағдылар емес, жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері, өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі; педагогикалық талаптар қою емес, педагогикалық қолдау мен қамқарлық көрсету және мұғалім мен оқушының сұхбаттасуы; білім көлемі емес, меңгерілген ақпарат мөлшері емес, оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамытуы.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқу процестері: дамыта оқыту; баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалық қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты-адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру. Мұндай технологияларға. Ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік-сипатшылық әрекеті, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет