21.Қызығушылық әлеуметтік іс әрекеттің жетекші мотиві ретінде.
Мотивация психология ғылымында жеке тұлғаның дамуындағы мінез-құлқы мен іс-әрекеті, әрекеттегі белсенділігін реттейтін фак- тор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлға іс-әрекеттің қай түрі болмасын, оның мотивациялық ерекшеліктерін ескермей, әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кез- дегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әртүрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады.
Мотивация – бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі. Оқу мотивациясының қызметтілігін анализдеуде міндетті түрде басымырақ қозғаушысын анықтай келе, мотивациялық сферадағы адамның барлық құрылымын ескеру керек. Оқу қызметі әртүрлі қайнар көздеріне ие болуына қарай полимотивтік болып табылады. М.В. Матюхина оқу мотивациясының қайнар көзін үш мотивке тәуелді деп көрсетті: *Ішкі – танымдық және әлеуметтік қажеттіліктер (әлеуметтік іс-әрекеттерге және жетістіктерге жету ұмтылысы); *Сыртқы – қатысушының өмірлік жағдайымен анықталады; оған талап, нәтижелілік, мүмкіншіліктер кіреді; *Жекешелік – қызығушылықтар, қажеттіліктер, нұсқаулар, өлшемдер және стереотиптер, сонымен қатар өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылу, басқа қызмет түрлерінде өзін-өзі тануы. Оқу мотивациясында ішкі, сыртқы және жекешелік көздерінің әрекеттесуі оқыту қызметі мен оның нәтижесіне ықпал етеді. Бір қайнар көзінің болмауы оқу мотивіне немесе оның өзгеруіне алып келеді. Мотивацияның атқару тәртібі келесідей психикалық процестерден тұрады: түрткіні қабылдау, оның эмоционалдық бағасының мағынасы, мәнін түсіну және түрткі бағасы, түрткіге көз жеткізу. Мотивтің мазмұны мо- тив түріне тәуелді. Ішкі мотив мазмұны оқып жатқан материалдың дүниетанымдылығы, сол объектіні практикалық қызметте тану болып табылады. Осы білімді игеру сана-сезімнің туындауын көрсетеді. Сөйтіп, мотив мазмұны – оның әділетті негізі. Субъектілік мотив негізі – тұлғаның дара ерекшелігіне байланысты оқу материалының маңызы. Субъектілік мағынаның қалыптасуы оның объектілік мағынасы субъектілік жүйе құндылығын салыстыруда және эмоционалдық күйзелістерінің нақтылылығында, адамилылығында. Оқу іс-әрекеті мотивациясының ішкі қайнар көзі – студент қажеттіліктерінің аймағы. Студент қажеттіліктерінің қанағаттануы немесе рустрацияға ұшырауы оқытушының аудиторияда туғызатын объективті жағдайларға және студенттің жеткен жетістіктеріне, оқытушының мінез-құлқына тәуелді болады..
Достарыңызбен бөлісу: |