Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


Психологиялық әсер етудің мәні, түрлері, механизмдері: жұқтыру, еліктеу, сендіру



бет29/46
Дата26.12.2023
өлшемі101.18 Kb.
#488015
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
психология

38. Психологиялық әсер етудің мәні, түрлері, механизмдері: жұқтыру, еліктеу, сендіру.
Сендіру – бұл іс-әрекетін тудыру себебінде ақпаратты беру және еркін қабылдауды мақсат еткен интеллектуалдық, психологиялық әсер. Басқаша айтқанда сендіруде текақпаратты қабылдау ғана емес, онымен іштей келісу және соңғы қорытындыны, ақпаратты өздігінен қабылдаушы жасау керек. Сендіру әсер ету әдісі ретінде иландыру,жұқтыру механизмдерінен бұрын әлеуметтік практикада жайырақ қолданыла бастады.Ақпаратты қабылдау немесе қабылдамау түскен сыни игерудің қажеттігі адамның интеллектуалдық дамуының жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді.Сендіру әсері процесінің қиындығы, рационалды әсер ету сияқты тұлғаның эмоциялық сферасына да әсерін әсер етуші инициатор мен адресаттың бірлескен белсенді әрекетін бастайды. Сендіруге көбінесе мына адамдар беріледі:қиялы ашық, өзіне қарағанда басқаларғабағытталатын, өзін-өзі бағалауы төмен адамдар.
Сендіру тиімділігімына талаптарды сақтау керек:
-контакт орната білу, сенімділік тудыру;
-шыдамдылық, төзімділік, такт;
-дәлелдеу, түсіндіру, жоққа шығара алатын;
-бұрын игерген нәрселермен байланысатын жаңа идеялар беру;
-тұлғалық ашықтық;
-екі жақ қолданатын терминдерді, түсініктерді бірдей түсіну;
-сендіретін адамның жеке тұлғалық ерекшелігі мен шағын топтың психикасын есепке алу.
Сендіру 3 әсер ету түрінен тұрады:ақпараттық, түсіндіру, дәлелдеу немесе жоққа шығаруАқпараттық тыңдаушының нақты іс-әрекет тудыруға қажетті оған фактілер мен қорытындыны жеткізу мақсатында ақпаратты бейнелі, әсерлі түрде жеткізу,жұмысшыға бар нәрсені айта отырып, индуктивтік немесе дедуктивтік жолдарды таңдап алады. Біріншісі, жалпылау қорытындысы бар фактілерді, құбылыстарды, оқиғаларды қарастыру. Дедуктивтік жол – бірінші жалпы жағдайдың өзін айтып, содан кейін фактіге дәлелдемелер келтіру.
Еліктеу деп – бір адамның сыртқы құлқын қабылдаудағы бірнеше психикалық қалыптың тууы және сонымен қатар сол адамның құлқын белгілерін өзінде қайталау. Өзгелерге еліктеу негізінен санасыз болады, бірақ кейде бір мақсатқа жету барысында саналы қолданылады. Біреуге еліктеу ерікті және еріксіз түрде де болады. Еліктеу баланың әлеуметтену механизмінің негізгі бөлігі болып табылады.Еліктеуді ғылыми тұрғыдан зерттеген, негізін салған француз психолог-социологы – Г.Тард. Оның тұжырымдамасы бойынша, еліктеу, қоғам дамуының негізгі принципі болып табылады. Сонымен қоса, еліктеу – «қайталаудың әлемдік заңдылығы». Жануарлар әлемінде бұл заңдылық тұқым қуалау арқылы болса, адамдар қоғамында еліктеуарқылы болады. Г.Тардтың көзқарасынша, еліктеу – прогресстің көзі: жұрттың еліктеуі арқылы кезең мен қоғамда өнер туыдылары жасалуда. Бұл туындылар мен ашылулар қоғам құрылымына еніп, еліктеу арқылы меңгеріледі.
Еліктеу психологиялық әсер етудің тәсілі ретінде нақты заңмен жүзеге асады:
Біріншіден, еліктеу іштен сыртқа бағытталады, яғни ішкі бейнелер сыртқыға қарағанда тез жүреді.
Екіншіден, әлеуметтік баспада төмен тұрғандар жоғарыдағыларға еліктейді.Үшіншіден, неғұрлым адам ересек және білімді болған сайын еліктеудің қарапайы белгілеріне икемді. Мысалы, балалармен салыстырғанда ересектердің әлемді қабылдаудағы адамның ішкі жеке сипаттамасына үңілмей, сыртқы бейнесіне негізгі көңіл аудару.
Жұқтыру – сырттан берілетін белгілі бір эмоционалды қалыптарға адамның еріксіз, санасыз түрде түсінуге бейімділігіне негізделген психологиялық ықпал етудің тәсілі..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет