40. Коммуникацияның құрылымы, негізгі функциялары және түрлері.
Қоғамда адамдар арасындағы ең үлкен құбылыс бұл қарым-қатынас. Қарым-қатынас болмай адамдар бір-бірімен араласа алмайды. Ал қарым-қатынасты орнату үшін ең алдымен мәдениетті игеру керек. Қалай болса солай сөйлеу бұл өзара қатынасты бұзуға алып келеді. 1. Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. Мысалы,жағымпаздану,өз жұмысын істетіп алу мақсатында өтірік қошеметтеуді жатқызуға болады. 2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi. 5. Маникулятивтiк қарым-қатынас – сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады. 6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: 1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. 2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана тырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету. 3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
41 Коммуникациядағы цифрлық технологиялар.
Коммуникацияның екі түрі бар: бейвербалды коммуникация – сөйлеусіз іске асады, яғни сөздерсіз қозғалыс арқылы қатысымға түсу; вербалды емес қарым-қатынас — «дене тілі», «ым-шара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-шара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция т. Б. жатады; ал вербальды коммуникацияда тіл қолданылады, вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады, демек сөздер арқылы ақпарат беріліп, оған жауап қайтару түрінде жүзеге асады. Коммуникация семиотикалық амалдар арқылы іске асады. Сондықтанда сөйлеу этикетін лингвистикалық мәдениеттану тұрғысынан қарастырған кезде осындай бейвербалды компоненттерге ерекше көңіл аудару қажет. Бейвербалды амал-тәсілдер тілдік қатынаспен қатар мағыналық реңк береді. «Паралингвистика» тіл білімінде тілдік емес, демек, бейвербалды амалдарды қарастыратын бөлім. Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты зерттеулерді шетелдік ғалымдардың, Пол Экман, Аллан Пиз, Барбара Пиз, Роджер Акстел, Альбер Мерабян, Альберт Шефлен, В.Б. Шапарь, Э. Холл, Д. Ньюренберг, Г. Калеро, С. Данкелл, А. Штангль, Карстен Нимиц, А.Л. Ярбус, т.б. еңбектерінен көруге болады. Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады. Кез келген «жемісті» қатынастың кепілі сенімді контакт болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |