«психология және адам дамуы» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны 1 модуль жасерекшелік психологиясына кіріспе



бет13/25
Дата18.02.2024
өлшемі288 Kb.
#492328
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Психология және адам дамуы лекциялар Word 97 - 2003

1.Қарым- қатынастың ерекшеліктері
Эмоционалдық және тілдік қарым- қатынас. Мектепке дейінгі кезеңде бала тіл арқылы өзіне маңызды деген уақиғаларды баяндайды., өзінің алған әсерлерімен бөліседі, адамдармен тең дәрежеде қары- қатынас жасауды үйренеді. Тіл- қарым- қатынас құралы. Ата-анасына, жақын туыстарына елітеу арқылы баланың табиғи қарым- қатынас жасау процесі өзгереді.
Идентификация және даралану механикасының дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде бала «Мен» концепциасын жүзеге асыру үшін, адамдармен қарым- қатынас жасауда идентификацияны және даралануды пайдаланады.
Күнделікті үзбей идентификация мен даралану механизмдерін пайдалану балаларда бейсаналы түрде қарым- қатынас техникасына айналады. Бұл механизмдер негізінен ашық әлеуметтік өзара іс- әрекетке қызмет етеді.
Баланың құрдастарының тобында эмоционалдық өзін- өзі сезінуі. Баланың құрдастарымен қарым- қатынасы оның тұлға ретіндегі дамуына қатты әсер етеді. Баланың қаншалықты өзін сабырлы, байсалды ұстауы құрдастарының ортасындағы жағдайға, қарым- қатынас стиліне байланысты. Құрдастарымен қарым- қатынас- әлеуметтік қарым- қатынастың қатаң мектебі. Осы құрдастарымен қарым- қатынас жоғары эмоционалдық күшті талап етеді.
Баланың құрдастарымен өзара іс- әрекеті- бұл тек қоршаған ортаны бірлесіп танудағы мүмкіндік емес, сонымен бірге өзімен қатарлас ұл, қыздармен қарым- қатынас жасау мүмкіндігі. Мектепке дейінгі кезеңдегі балаларда құрдастарымен қарым- қатынас жасауға қажеттілік туады. Мектепалды арнайы тәрбие жағдайларында, яғни бала үнемі басқа балаларымен қатар тәрбиеленетін болса, бала қоғамы пайда болады.
Қарым- қатынас және баланың мектепке дайындығы. Бала мектепке дейінгі кезеңнің соңында құрдастарымен және ересектермен өнімді қарым – қатынас орнатуға көмектеседі. Мектепке дейінгі кезеңнің соңғы кезеңінде балада жауапты қарым – қатынас негізі қалыптасады. Алты жеті жаста бала жауапкершіліктің өнегелі мәселелерінтүсінуге қабілетті ойында және қарапайым өмірде таныстармен құрдастармен қарым – қатынавста жауапкершілік іс - әркетте тәжіребе жинақтайды.
Алты – жеті жастағы бала жақсы таныс құрдастарымен қарым – қатынаста дұрыс қарым – қатына тәсілін таңдайды, өзіндік позициясын жауапкершілік сезінеді.
Бала ересектің бақылауына және дұрыс бағалауына мұқтаж.Дамудың бірінші этапы баланың моральдық мінез - құлқының дамуы. Ересек адам баламен сенімді, жағымды тонда оның өзін дұрыс ұстай алатынын айту керек.
Ересектермен және құрдастармен қарым – қатынасқа түскенде бала мінез – құлқының әлеуметтік эталонын меңгеруге мүмкіндік алады.Бала өмірдегі белгілі бір ситуацияларда өзінің мінез – құлқының моральдық нормаларымен талапқа бағыну қажеттілігі туады . Сондықтан баланың өнегелік дамуындағы маңызды сәттер - қарым – қатынас нормасын, олардың құндылығын түсіну білімі болып табылады.
Мектепке дейінгі кезеңде бала адамдардың ересектермен және балалармен қарым – қатынастағы мінез – құлық жүйелерінің әлеуметтік кеңістікті меңгеруде үлкен жолдан өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет