«психология және адам дамуы» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны 1 модуль жасерекшелік психологиясына кіріспе



бет16/25
Дата18.02.2024
өлшемі288 Kb.
#492328
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Психология және адам дамуы лекциялар Word 97 - 2003

Ауызша және жазбаша тіл. Осыған сай сөздік пен грамматикалық тілдің құрылымының дамуы және танымдық процестер өмір жағдайы мен тәрбиеге тәуелді болады. Бұл жерде индивидуалдық вариациялар өте жоғары, әсіресе ол тілдің дамуында өте жоғары болып келеді. Енді баланың тілдік пен танымдық процестеріндегі анализге тоқталайық.
Ойлаудың дамуы. Психикалық денсаулығы жақсы баланың танымдық белсенділігі болады. Баланың әр нәрсеге қызығушылығы оның айналадағы заттарды білуге негізделеді.
Қарым-қатынаста белсенді болған сайын, бала сұрақтарды да көп қоя бастайды. Бала барлық затқа қызығушылық тудыруы мүмкін: мұхит қандай тереңдікте болуы мүмкін және ондағы жануарлар қалай тыныс алады? қанша мың шақырымда жер шары орналасқан? неге таудағы қар ерімейді және төменгі жағы еріп кеткен?
Бала білімге құмар, ал білімді игеру көптеген «неге?», «қалай?», «не себептен?» деген сияқты сұрақтар арқылы жүзеге асады. Ол сұраққа нақты жауап табуы қажет. Қандай да бір тапсырмалар туындағанда бала оны өзі шеше алады. Бейнелі түрде ойлау – бастауыш мектеп кезеңіндегі ойлаудың ең негізгі түрі болып табылады, әрине, бала логикалық түрде ойлай алады.
Бастауыш мектепте баланың ойлау қабілеті эгоцетризммен ерекшеленеді.
Ж. Пиаже көрсеткендей, баланың ойлау қабілеті алты-жеті жасында орталықпен немесе айналадағы заттардың қабылдауымен жүреді. Мысаы, балаға ұзындықтары әр түрлі үш таудың суретін көрсетіп, оған өзіне жақын ,таныс таудың суретін тап деп айтса, ол бұл тапсырманы өте оңай шешеді. Ж. Пиаженің шешіміне сәйкес, балалық шақтың ойлау қабілетінің құрылымы бұл – «орталық» болып табылады.
Зейін, ес, қиялдың дамуы. Оқу іс-әрекеті жоғары психикалық функциясының – зейін, ес, қиялдың дамуын талап етеді. Зейін, ес, қиял бастауыш сынып оқушысында дербестікке ие болады – бала оқу іс-әрекетінде көңіл бөлуге, көрген немесе естігенді есте сақтауға бұрын қабылаған нәрсені көз алдына елестетуге, арнайы іс-әрекеттерді меңгеруге үйретеді. Егер мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекеті еркін дамудың сандық өзгерістерге мүмкіндік туғызса, бастауыш мектеп жасында оқу іс-әрекеті баладан арнайы әрекеттерді меңгеруді талап етеді. Бірақ алты-жеті, он-он бір жастағы балада танымдық процестер бала қатты ағынмен жағдайда немесе өзіндік қозумен арнайы ұйымдастырғанда туындайды. Әдеттегі жағдайда балаға жоғары адамзаттық психикасы көлемінде өзінің психикалық функциясын ұйымдастыру қиынға соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет