ХVII – ХІХ ғасырларда философияда
адам және жануарлар психикасы жөнінде түсініктің дамуы.
Бұл кезеңде психология әлі де философия құрамында дамып, жаратылыстану Орта ғасырлар қараңғы заманынан кейін жаңа ғана ояна бастады. Философтар алдына ең басты адамның сана-сезімі мен адам тұрмысы проблемалары тұрды; психиканың пайда болуы мен дамуын олар осы позициядан қарады. Философтар адам психикасын әлем құрылысының жалпы жүйесінде зерттеді, психикалық құбылыстардың туындауын материяның жалпы заңдылықтары негізінде зерттеді. Психика эволюциясын талдау мақсатында ең маңызды ұғымдар Р.Декарт (Франция, 17 ғ.), Б.Спиноза (Голландия, 17ғ.) және Г.В.Ф. Гегельдің (Германия, 18-19ғ.ғ.) еңбектерінде берілген.
Р.Декарт адамның жаны мен тәнін екі бөлек санаған. Адам тәні тек рефлекс арқылы қимылдап, организм сыртқы әсерге осылай жауап береді деп санаған. Жануарлар тәртібі осымен түсіндіріледі. Ал адамның тәнінен басқа жан дүниесі бар. Р.Декарт жануарларды тірі машина ретінде түсінген. Декарт идеялары психология ғылымының адамның сана-сезімі мен тәртібін зерттейтін бөлімдерге бөлінуіне бастама берді.
Адамның жаны мен тәнінің бірлігі жөніндегі тезисті Б.Спиноза ұсынды. Спиноза ұсынған ойлаудың ұғымы психиканың қазіргі ұғымымен түйіседі: жанды тән ойланатын тән болып табылады, адамның сана-сезімі тәннің іс-қимылдарын бағыттап отырады. Адамның ойлауға қабілеті түрлі үш тұрпатта дамиды: сезімталдық, интеллект және интуиция. Спинозаның философиясы мен психологиясы адам психикасы білімдері дамуына және сонымен қатар бірдей заңдылықтарға бағынатын психика механизмдері жөніндегі білімдердің дамуына зор әсерін тигізді.
Психиканың туындауы мен эволюциясы жөніндегі аса маңызды философиялық ұғымдар Г.В.Ф.Гегельдің еңбектерінде көрсетілген. ХХ ғасырдың ортасында марксистік-лениндік философия Гегель ілімінің дамуына кедергі келтіріп, Гегель философиясы Ресейде қабылданбады. «Қызмет» ұғымын негізгі орталық ұғым ретінде пайдаланып, Гегель психика дамуының философиялық және онтогенетикалық заңдылықтарының бірлігін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |