Психология және арнайы білім беру кафедрасы


ХІХ-ХХ ғ. басында салыстырмалы психологияның қалыптасуы



бет18/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

ХІХ-ХХ ғ. басында салыстырмалы психологияның қалыптасуы.

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ. басында жануарлар психикасымен және салыстырмалы психологиямен айналысатын психология ғылымының негізгі бағыттары қалыптасты – эксперименттік психология, бихевиоризм, зоопсихология, салыстырмалы психология. Сонымен қатар салыстырмалы-психологиялық зерттеулер үлгілі психологиялық бағыттардың шеңберінде (гештальпсихология, психоанализ, психофизиология) және басқа ұйқас ғылымдардың жүйесінде (жоғары жүйке қызметінің физиологиясы, зоология, антропология) өткізілді.

ХХ ғ. аяғында психологияда аса назар теориялық түсініктерге аударылды, адам мен жануарлар психикасы жөніндегі өз әдістемелерінде негізделген басты ғылыми бағыттар қалыптасты.

Психиканың негізі мен эволюциясы жөнінде жалпы теориялық түсініктер Г.Спенсер (Англия ХІХ-ХХ ғ. басы) еңбектерінде берілген. Спенсер психиканы эволюцияның жалпы құбылыстары мен заңдылықтары қатарында зерттеген, органикалық емес, органикалық табиғат пен психика дамуының заңдары бірлігін негіздеді. Оның зерттеулерінде бұрыңғы және сол заманның философтары мен жаратылыстанушылардың диалектикалық идеялары талдап қорытылды. Психика эволюциясын ол дара нысаннан күрделі нысанға жақындау қырынан зерттеді. Дара сезімдерді Спенсер психика бірлігі деп санаған.

Адам психикасы жануарлар психикасынан сапалы түрде ерекшеленеді, адам психикасы ойлау қабілеті және жігермен сипатталады. Психиканың негізгі мақсаты – ішкі қатынастардың сыртқы ортаға бейімделуі. Гегель концепциясында негізделген сезімталдықтың пайда болу идеясы орыс физиологы мен психологы И.М.Сеченовтың зерттеулерінде сүйеніш тауып, ал кейін А.Н.Леонтьевтің ілімінде психика эволюциясының негізгі концепциясы болып табылды.

ХІХ ғ. аяғында жануарлар психикасы мәселелерімен У.Джеймс және У.Мак-Дугалл сияқты белгілі психологтар айналысты. Олардың еңбектерінде жануарлардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы жөнінде салыстырмалы деректер бар, инстинкт, импринтинг мәселелері қаралды. Бұл зерттеулер жануарлар психикасының эксперименттік зерттеулерінің дербес бағытқа бөлінуінің басын бастады. Бас кезінде жануарлар психикасының эксперименттік зерттеуі Англияда

(Э.Л.Торидайк) және Америкада өткізілді (Р.М.Йеркс, Дж.Б.Уотсон, К.С.Лешли). Бұл елдерде мысықтар, иттер, приматтар, сабауқұйрықтар, құстар, балықтар, құрт-құмырсқалар, тіпті дара клеткалы организмдерге салыстырмалы-психологиялық зерттеулер өткізілді. Зерттеулерде нақтылы эксперименттік әдістер ұсынылды: проблемалы клетка, лабиринт, адам тәрізді маймылдардың еңбек құралдарымен пайдалану әдістері қолданды.

ХХ ғ. басында бұл жалпы бағыт екіге бөлінді: біреуі үйрету (дағдыландыру) процесін объективті зерттеуімен айналысып, кейін бихевиоризмге айналды (Дж.Б.Уотсон, 1913), ал екіншісі салыстырмалы-психологиялық бағыт ретінде дамыды (Р.М.Йеркс, В.Келер, У.Гамильтон, Г.Харлау).

Э.Торндайктың үйрету теориясын және жануарлар мінез-құлқын объективті зерттеу жөніндегі Дж.Б.Уотсонның прнциптерін негізге алып, бихевиористтер «ынта-реакция» формуласын пайдаланып, жануарлардың ішкі субъективті әлемін зерттеудің пайдалы еместігін көрсетті. Бұл бағыттың одан арғы дамуы бастапқы парадигманы қайта қарау қажеттілігін тудырды.

Нақтылы салыстырмалы психология зерттеулері Америкада белсенді өткізіліп психика дамуына зор үлесін қосты. Р.М.Йеркстің жоғары саналы маймылдармен өткізген эксперименттері және ол ұйымдастырған бірінші приматологиялық орталық бұл жануарлар интеллектін, олардың онтогенездегі дамуын, әлеуметтік мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын зерттеуге көп мүмкіндіктер берді. Йеркс ғылымда алғашқы рет горилла, шимпанзе және орангутанның «ақыл қабілеттерін» 20-дан астам көрсеткіштері негізінде салыстырмалы зерттеулерін өткізді. Нью-Йорк қаласының психологтары тобы өткізген жануарлар психикасының жеке даму заңдылықтарының зерттеулері қазіргі психологияда «даму психологиясы» деп аталатын жүйелі бағыттың қалыптасуына бастама берді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет