«Психология және коммуникация дағдыларының негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары Мамандығы: 0912100 «Мейіргер Ісі» билет №1



бет13/14
Дата06.04.2024
өлшемі2.72 Mb.
#497829
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Экзамен психология жауап

БИЛЕТ № 29

  1. Мидың бөліктері және атқаратын қызметтері.



Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300–1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы – мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.
1. Сопақша ми– жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы – сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5–3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.
2.Артқы миға – мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді.
Ми көпірдің өткізгіш доғасы үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының кілегейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан.
Мишық – сопақша ми мен көпірдің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады.
3.Ортаңғы ми – артқы ми мен аралық мидың арасына орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір-бірімен жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.
4. Аралық ми – ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек-қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты.

  1. Психологияның маңызы және оның міндеттері.

Ғылым ретінде психологияныц міндеті - психикалық өмірдің негізгі 
заңдарын зерттеу. Бұл заңдарды білу әрбір адамға қажет. Психологияны зер 
салып зерттеген адамның қай-қайсысы болса да өзінің күшті және осал 
жақтарын көре біледі, өзін-өзі тәрбиелеп, жақсы қасиеттерін жетілдіруге, 
кемшіліктерін жоюға мүмкіндік алады. Психологияны үйреніп білу - адамға 
еңбек және оқу істерінде тигізер көмегі мол. Ой-әрекетін жақсы түсінуге, еске 
сақтауға, зейін аударуға жол ашып береді. Адамның психикалық өмірін 
бейнелейтін әдебиетті, тілді, тарихты және баска қоғамдық ғылымдарды 
зерттеп білуде психологияның маңызы зор. Балалардың психикалық 
ерекшеліктерін білмейінше, оларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеуге болмайды. 
Жалпы психологиямен қатар психологиялық ғылымның жеке салалары да 
болады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін, бала және педагогикалық 
психологияны білудің маңызы зор. Педагогикалық психология оқу-төрбие 
жүмысы процесінде балалардың психикасын зерттеумен шұғылданады. Ол 
оқушыларды ойдағыдай окытып тәрбиелеудің психикалық шарттарын 
зерттейді. 
3. Психологияның зерттеу әдістері.

Құрастырған оқытушы: Мухамадиева Н.М.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет