БИЛЕТ № 25
1. Мінез туралы жалпы ұғым. Мінез бітістері.
Мінез - адамнын негізгі өмірін, бет алысын жене оның өзіндік әрекетінін айырмашылыгын сипаттайтын сапа-лы озгешелік. Ол - коп касиеттін бірлігі, турлі өзгешелік-тердін косындысы, сонымен катар адамды әр кырынан көрсететін касиет.
Мінез дегеніміз - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялык касиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы.
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы–шапшаң, екінші–асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші–іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер–мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс-әрекет–қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде әдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.
2. Зейіннің қасиеттеріне анықтама.
Белгілі мерзімде оқушының зейінді болуы немесе болмауы біршама қылықтарынан, жүріс-тұрысынан көрінеді. Мысалы, зейіннің кейбір қасиеттері әр адамда әр түрлі дәрежеде көрінеді. Зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы.
Зейіннің көлемі — адамның бір көргенде-ақ қабылдаған объектілер саны. Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады.
Зейіннің бөлінуі деп адамның кез келген іс-әрекет кезінде зейіннің бір мезгілде бірнеше объектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс-әрекет үрдісінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі-ми қабығындағы оптимальдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет.
Зейіннің шоғырлануы — адам санасының белгілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы оның көлемімен, бөлінуімен де тығыз байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану соғұрлым күшті болады.
Зейіннің тұрақтылығы деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы шоғырлануын айтады. Зейіннің бұл қасиеті жүйке үрдістерінің күшіне, әдеттерге т.б. жағдайларға байланысты. Зейіннің алаңдауы тұрақты зейінге қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді.
Зейіннің ауысуы деп оның бір объектіден екінші объектіге арнайы көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы — оның саналы түрде болатындығы. Алаңдау кезінде адам бір объектіден екінші объектіге көшеді, ал зейінді ауыстыру белгілі мақсатқа байланысты өзгереді.
Әрекет және дағды түрлерін атаңыз.
Дағды — бірнеше рет қайталаулардың нәтижесінде пайда болған және оның саналы қадағалауының қысқартылуымен сипатталатын жеке әрекеттер — операцияларды орындаудың таптаурын тәсілі. Дағды бірнеше түрлері бар: перцептивті, интеллектуалдық, қозғалыс және мінез-құлық дағдылары.
Перцептивті дағды — жақсы таныс заттардың тану белгілерінің бірмезгілдік, таптаурын бейнелеуі.
Интеллектуалдық дағды — белгілі бір сыныпқа кіретін есептер мен тапсырмаларды шешудің таптаурын тәсілдері.
Қозғалыстық дағды— таптаурын әрекеттер, жақсы қойылған қимыл-қозғалыстардың жүйесі. Қозғалыс дағдыларына әрекеттің әдетті құралдарын таптаурын түрде пайдалану да кіреді.
Құрастырған оқытушы: Мухамадиева Н.М.
Достарыңызбен бөлісу: |