«Психология және коммуникация дағдыларының негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары Мамандығы: 0912100 «Мейіргер Ісі» билет №1



бет7/14
Дата06.04.2024
өлшемі2.72 Mb.
#497829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Экзамен психология жауап

БИЛЕТ № 23
1. Ерiк жөнiнде түсiнiк. Ерiктiң физиологиялық негiздерi. Ерiк құрылымы.
1. Ерiк жөнiнде түсiнiк Ерiк - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезiккен сыртқы және iшкi кедергiлердi жеңуiмен байланысты өз қылық әрекеттерiн қолдап, реттей бiлу қасиетi. Ерiк өмiрдiң ауыртпалық түскен жағдайларында белсендiлiк көтерiп, өзiн-өзi реттеудiң көзi болумен түгелдей сана басқарымында болады.
Үлкен ми сыңарларының төбелiк бөлiгiнде қимыл қозғалысты басқаратын аумақ орналасқан. Ол ми қыртысының барлық аумақтарымен, соның iшiнде барлық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгiлi бiр аумағында пайда болған қозудың қимыл-қозғалыс аумағына жетiп, онда да осындай процесс туғызу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
Сонымен, ми қыртысының қозғалыс бөлiгiнiң мидың басқа бөлiктерiмен байланысы адамның саналы қимылдары мен әрекеттерiнiң алға шарты болады. Бiрақ мұндай байланыс мiнез-құлықты ерiктiк реттеу механизмiн толық қамти алмайды. Сондықтан екiншi сигалдық байланыстардың рөлiнде ескеру керек. Өйткенi, екiншi сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар жүйесiне қосылады да, оның қызметiн әлдеқайда күрделендiрiп жiбередi.
Екiншi сигналдық байланыстар негiзiнде адам мiнез-құлқының барлық саналы және мақсатты реттелуi жүзеге асады, алынған ақпараттың орнын, мезгiлiн, сипатын, тәсiлiн, қарқынын т.б. анықтау атқарылады. екiншi сигнал жүйесiнiң тiтiркендiргiштерi адам мiнез-құлқының қимыл-қозғалыстық бөлiгiнiң ғана белсендiлiгiн арттырып қоймай, ой, қиял, ес тәрiздi көптеген психикалық процестердiң басталуының сигналы болады, зейiндi реттейдi, сезiмдi туғызады. Екiншi сигналдар (сөздер) көмегiмен адамның бүкiл саналы әрекетi жүзеге асып реттелiнедi. Екiншi сигналдық байланыстар қимыл әрекеттердi бөгеу, ерiктi тежеу қызметiнде шешушi рөл атқарады.

2. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Негізгі іс-әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек.


Әрекет дегеніміз- түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.Адамның іс әрекеті өзінің алдына қойған мақсатына бағытталады. Егер мақсат болмса, іс әрекет орындалмайды.
Негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекшк маңызы бар фактор екендігі түсінікті.
3. Ойлау формалары. Ұғым. Пікір. Ой қорытындылары- индукция, дедукция.
Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар). Адам ұғым арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды (жеке, дара, жалпы жинақтай) ӛзіне тән белгілерін, байланыстарын, қатынастарын миында сәулелендіреді. Ұғымда адам жеке заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда мағыналы, терең жәнс ықшам болып келеді.
Ұғымдар дара және жалпы болып бӛлінеді. Мәселен, «Ақтау қаласы»,
«Абай Құнанбаев» дара ұғым болса, «қала», «адам» т. б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, «мәжіліс» (депутаттар мәжілісі ), «кітапхана» (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден кӛрінеді. Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда кӛрінетін ойлаудың формасы. Пікір ақиқат және жалған болып бӛлінеді. Мәселен,
«Ақтау - әдемі, жас қала» десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал
«Қасқыр қауіпті аң емес» десек, бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш бӛлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда келтірілген пікірде: «Ақтау» - логикалық бастауыш.
«Әдемі, жас қала»- логикалық баяндауыш. Байланыс сӛздер («деп»,
«дегеніміз», «айтамыз» т. б.) пікірде кӛбінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір грамматикада сӛйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сӛйлемдердің негізінде ғана туып, ӛмір сүре алады. Пікір мен сӛйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Ӛйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің әр түрін, оның оның ерекшеліктерін логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.
Ойлаудың формаларының бірі – ой қорытындысы. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оларды белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет.
Ой қорытындысының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, және аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Индукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, «ағаш жанады, кӛмір жанады, қағаз жанады» деген жеке пікірден «барлық органикалық заттар жанады» жалпы ой қорытындысы жасалады.
Дедукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы мәселен, «Барлық тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі, олай болса балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды» деген жеке ой қорытындысына келеміз. Индукция мен дедукция ойымызда қатарласа жүріп отырып, бірінсіз бірі болмайды.


Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе, құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтірді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі роль атқарады.
Құрастырған оқытушы: Мухамадиева Н.М.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет