Психологияға кіріспе


Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы



бет3/4
Дата15.11.2022
өлшемі78.4 Kb.
#464869
1   2   3   4
Психология 1

Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы
Психология объективті шындықты бейнелеудің ерекше түрі ретінде психиканы, сананы қарастырады. Психологияның міндеті адам мен жануарлардың деңгейінде психиканы филогенетикалық және онтогенетикалық даму тұрғысынан зерттеу болып табылады.Психология адамның психологиялық үрдістерін, қалпын және қасиеттерінің әртүрлі кезеңдерін, оның дамуын, сонымен қатар оның қалыптасуының заңдылықтарын әлеуметтік үрдістің белсенді әрекеті ретінде зерттейді.
Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерменизм қағидасы болып табылады. Детерменизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі. Бұл қағиданың мәні, біріншіден, барлық психикалық құбылыстар, оның ішінде психика объективтік шындықты бейнелейтін себептік жағдайларға байланысты болып табылады. Екіншіден, бұл қағиданың мәні барлық психикалық құбылыстар мидің қызметімен байланысты қарастырылады. Үшіншіден, қарастырылып отырған қағида психикалық құбылыстарды зерттеуде бұл құбылыстардың себебін міндетті анықтауды қажет етеді.
Қазіргі психологияда сана мен іс-әрекет бірлікте қарастырылады. Сана мен іс-әрекеттің бірлігі қағидасы сонымен қатар ғылымның бастапқы қағидаларының бірі болып табылады.
Психология ғылым ретінде жай ғана әртүрлі психикалық құбылыстарды сипаттау емес, сонымен қатар оларды жинақтау, түсіндіру және мәнін, белгілі заңдылықтарды ашу, соның негізінде психикалық құбылыстардың себептерін анықтау және болашақта олардың пайда болуын болжау.
Психологияны ғылым ретінде сипаттауда психологиялық білімдердің кейбір ерекшеліктерін атап өткен жөн. Біріншіден, бұл құбылыстар туралы білім, әрқайсысымызға тән әрбір адамның түйсіктері бар, оның есінде әрқашан әртүрлі елестер сақталады, әрбір адам әртүрлі сезімдерді басынан кешіреді және т.б. Психология ғылымында осы құбылыстар туралы жинақталған және дерексіз білімдер әрқайсымызға тән психикалық құбылыстар болып табылады. Екіншіден, психологиялық білімнің күнделікті және ғылыми мағынасымен сәйкес келмеуімен сипатталады. Тұрмыста адамдар психологияның терминдерін және ұғымдарын кеңінен пайдаланады. Бұл ұғымдардың шекарасы айқын көрсетілмегендіктен, әртүрлі адамдар бір терминдер мен ұғымдарды әртүрлі мағынада қолданады. Ғылыми ұғымдар белгілі мағынада, мазмұнда бірдей қолданады.
Психологиялық білімнің үшінші ерекшелігі – адамның дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу үшін өте қажеттілігі.
Психологияның осындай көптеген салаларын қалай жіктеуге болады? Жіктеудің мүмкіндіктерінің бірі іс-әрекеттегі психика дамуының жоғарыда тұжырымдалған қағидаларында айтылған. Осыны ескере отырып, психология салаларын жіктеуде негізге алатыны – мәселенің психологиялық жағы: нақты іс-әрекет,даму, адамның қоғамға қатынасы.
Егер де жіктеудің бірінші негізін алатын болсақ, онда адамзат іс-әрекетінің нақты түрінің психологиялық проблемаларын зерттейтін психологияның бірнеше салаларын атауға болады.
Еңбек психологиясы адамнаң еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық астарларын зерттейді.
Педагогикалық психологияның зерттеу пәні адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Педагогикалық психологияның бөлімдеріне мыналар жатады: оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы; ұстаз психологиясы.
Медициналық психология дәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді.
Заң психологиясы заң жүйесін іске асырумен байланысты психологиялық мәселелерді қарастырады. Ол сот психологиясы,криминалды психология, пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеу психологиясы.
Әскери психология соғыс іс-әрекеттері жағдайында адамның мінез-құлқын, бастықтар мен қарамағындағылардың өзара қарым-қатынастарының психологиялық жағын, психологиялық насихаттың және қарсы насихаттың әдістерін, әскери техниканы басқарудың психологиялық проблемаларын зерттейді.
Спорт психологиясы спортшылардың жеке басы мен іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, психологиялық даярлықтың шарттары мен тәсілдерін, спортшылардың жаттығуының және даярлығының психологиялық өлшемдерін зерттейді.
Аранулы психология бірнеше бөлімдерге бөлінеді: патопсихология, олигофреннопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.
Салыстырмалы психология жануарлардың психикасын зерттейтін психологияның саласы.
Әлеуметтік психология әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін, топтпр мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын, ондағы жеке тұлғалардың жағдайын, олардың лидерлері мен қарамағындағылардың проблемаларын зерттейді.
Психология ғылымы көптеген жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық ғылымдармен байланысты. Қоғамдық ғылымдырдың ішінде философия, саяси экономика, тарих, өнертану, педагогика ғылымдарымен байланысты. Бұл ғылымдардың барлығында да адамның саналы іс-әрекеті зерттеледі демек, психология айналысатын мәселелер қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет