Психологиялыќ дау-дамай Конфликтологиялыќ идеяларѓа тарихи шолу


Дау-дамайдың пайда болуы, дамуы және оларды шешу жолдары



бет4/5
Дата29.11.2023
өлшемі133.5 Kb.
#484810
1   2   3   4   5
9 лек

Дау-дамайдың пайда болуы, дамуы және оларды шешу жолдары

  • Дау-дамайдың пайда болуы, дамуы және оларды шешу жолдары
  • Даулы мәселелерді екі тұрғыдан алып қарастыруға болады: біріншіден, дау-дамайдың пайда болып, өрши түсу заңдылықтарын біліп жүрген адам дау-дамай басталмай тұрып оның алдын алады. Алайда адам дау-дамайдан сақтанамын дегенмен, ол өмір тіршілігінде жанына батарлық, әділетсіз мінез-қылықтардан бойын аулақ сала алмайды. ´зін ренжіткен, дұшпандық жасаған адамға көзін жұмып жүре беруге шыдай алмайды. Сондықтан басталған дау-дамай себебін толық түсінуге, түсіністікпен қарап, бірден оның шешу жолын қарастыруға тырысу керек.
  • Екіншісі - маңызды бағыт, ол – дау-дамайдың неден пайда болғандығын анықтайтын жағдайды талдау техникасын меңгеру.
  • Мәселені шешуде мына жағдайларға тоқталған жөн: талас-тартыстың мәні, оның туындау себептері, таласты шешу жолдары, бірлесе отырып жеңу тәсілдері мен оны жүзеге асыру жолдары, даулы мәселені шешудегі тиімді әдіс-тәсілдер.
  • Талас жағдайларын сараптасақ, көп жағдайда қақтығысып қалған адамдар конфликтінің негізгі себебін түсіндіріп бере алмайды, олар үстіртін себептерін атап айтқанмен, тереңде жатқан себебіне көңіл аударғысы келмейді. Диагнозы жоқ ауруды емдеудің нәтижесі болмайтынын бәріміз білеміз.
  • Конфликтогендер. Зерттеулерге қарағанда, конфликтілердің 80 пайызы қақтығысқан адамдардың еркінен тыс түзіледі екен. Ол адам психикасына байланысты, ал көбі оған мән бере қоймайды. Конфликтілердің пайда болуына септігін тигізетін конфликтогендер бар. “Конфликтоген” сөзінің түсінігі - конфликтінің өрши түсуі. Конфликтогеннің негізін осылай түсіндіруге болады. Біз басқа адамдардың сөздерін, істерін көтере алмай ренжіп қаламыз, ал өзіміз басқа адамдарға қатысты айтқан сөздерімізге, жасалған қимылымызға мән беріп, ойлана аламыз ба?
  • Біздің адресімізге айтылған немесе жасаған конфликтогеннің біреуін екі есе артық мөлшерде қайтаруға тырысамыз.
  • Мысалы, конфликтоген + одан да мықты конфликтоген
  • конфликт. Неге олай?
  • Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. °рине, ренішті кешіре білу - бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған, өйткені өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қасиеттерін өмір әрекеттерімен ұштастыруға ұмтыла отырып, жақсы қасиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді.
  • Даусыз қарым-қатынас орнатудың ережелері:
  • ереже. Конфликтоген қолданбаңыз.
  • ереже. Конфликтогенге конфликтогенмен жауап қайтармаңыз.
  • Есіңізде сақтаңыз! қазір тоқтамасаңыз, кейіннен тоқтау мүлдем мүмкін емес, конфликтогендердің күші тез өрши түседі.
  • Бірінші ережені қолдану үшін қарым-қатынас жасап отырған адамның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Сіз осындай сөз етіп жатсаңыз, ренжитін боларсыз. Басқа адамдардың сезімін сезіну, оның ой-өрісін түсіну эмпатия деп аталады. Сондықтан осыдан барып 3-ереже шығады.
  • 3-ереже. Сөйлесіп отырған адамға эмпатия көрсетіңіз.
  • Конфликтогенге қарама-қарсы ұғым – эмпатия. қарым-қатынас кезінде алдыңыздағы адамға күлімдеп қарап, оның жағдайын түсініп, сыйлы ишарат көрсетсеңіз, конфликтогеннің қайда кеткенін білмей қаласыз.
  • Конфликтогеннің типтері
  • Конфликтогендерді үш типке бөліп қарастыруға болады:
  • 1) біреуден асып түсуге ұмтылу;
  • 2) агрессияға бой ұру;
  • 3) эгоизмге бой ұру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет