Психологияның дербес ғылыми пән ретінде



бет5/12
Дата18.01.2024
өлшемі39.14 Kb.
#489335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Психологияның дербес ғылыми пән ретінде қалыптасуы

Фалликалық кезең – 3-5 жас аралығында. Баланың қарама қарсы жыныстағы либидоның тартылуы. «Менен жоғары инстанциясы» қалыптасады.
Латенттік кезең 5-12 жас аралығын қамтиды. «Мен» психологиялық инстанциясы толық қалыптасады. «Ол» қажеттілігін басқарады.
Генитальдық кезең 12-18 жас аралығында болады. Барлық эрогенді аймақтар біріктіріледі.
Еріктің негізгі психологиялық теориялары.
Еріктік әрекеттің құрылымы
Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгілеген мақсатқа жету жолында ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.
Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді, адамда туатын күштің арқасында жеңіп өтудегі психологиялық процесс - ерік деп аталынып жүр.
Адамның жеңіп өтетін сыртқы кедергілері деп - сол істің өзінің объективтік қиындықтарын оның күрделілігін, әр қилы бөгеттерді, басқа адамдардың қарсылықтарын, жұмыс жағдайындағы қиыншылықтарды т.б. есептейді.
Эмоцияның түрлері және олардың сипаттамасы.
Эмоцияның дамуы және оның адам өмірінде алатын рөлі.
Джемса—Ланге, У. Кэнноннің эмоция теориялары.Л. Фестингердің когнитивті диссонанс теориясы.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін эмоция мен сезім деп атаймыз. Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады.
Эмоция күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын көрініп тұрады. Енді қарапайым эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек көру т.б.
Күрделі эмоциялар. Аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, көніл күй жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет