Психологияның дербес ғылыми пән ретінде



бет7/12
Дата18.01.2024
өлшемі39.14 Kb.
#489335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Психологияның дербес ғылыми пән ретінде қалыптасуы

Ойлау туралы жалпы ұғым.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға көшу қажет.Адамның ойәрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Ойлаудың үш түрі болады: Практикалық ойлау, нақтылы-бейнелі ойлау, теориялық ойлау.
Практикалық ойлау - нақты заттармен тікелей байланыса ой қызметін орындау түрі.
Нақтылы-бейнелі ойлау - елестер мен психика өрнектерін арқау еткен ойлау түрлері. Адам заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы ойлайды.
Теориялық ойлау - абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі. Егер мәселе теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялық ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдалану талап етіледі.
Баланың ойлауының дамуы
Бала ойлауының дамуы өзара байланысқан үш бағытта жүзеге асады. Біріншісі – əлемнің объективті жəне субъективті қабылдау түріне ажыратылуы. Екіншісі – субъектінің ақыл-ой ұстанымының шексізденуінен ықтималды ұстанымдардың қатарын реттеуге дейін ақыл-ой ұстанымының дамуы. Үшінші бағыт ойлаудың дамуын жеке заттарды қабылдаудан олардың арасындағы байланыстарды қабылдауға қозғалыс ретінде сипаттайды.
Ж. Пиаженің зерттеулері баланың сөйлеуі мен ойлау туралы жəне оның логикасы мен дүниетануы туралы ілімнің дамуында тұтас дəуірді құрайды. Олардың тарихи мəні өте зор.
Ж. Пиаже өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойлауын клиникалық зерттеу əдісінің көмегімен балалар логикасының ерекшеліктерін əдеттен тыс батылдықпен, тереңдікпен жəне кең тұрғыда жүйелі зерттеуді тұңғыш рет мүлдем жаңа сипатта жүргізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет