Психотерапия технологиялары


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет5/43
Дата27.03.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010

Пысықтауға арналған сұрақтар
1. Психотерапевтикалық әдісті зерттеген кім?
2. Психологиялық талдаудың мақсаты.
3. Классикалық психологиялық талдауға қандай әдістер кіреді?
4. Ерікті байланыстар әдісіне не кіреді?
5. Ауыстыру талдауының мәні.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.4-14.

3 тақырып. Клиентке бағытталған терапиясы.
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы, оның шығу тарихы.
2. Теорияның негізгі ережелері және түсініктері.
3. Психологиялық көмектің мақсаттары, психологтың рөлі.
4. Кеңес берушілік үдерістің кезеңдері.
1930 ж. соңында — 1940-ж басында американдық психолог К.Роджерс (1902—1987) кеңес берушілікке және психотерапияға деген жаңа, директивті емес көзқарас дамыған бірқатар еңбектер жариялады. 1940-ж. басында К.Роджерс оған «клиентке бағытталған» деген атау берді.. Бұл экзистендік ағымның адамгершілік таратылуы. Батыста кең дамыды, 1986 ж. кейін — отандық психологтар арасында да.
К.Роджерс өзінің психотерапевтік тәжірибе ортасына клиентті жеке тұлға ретінде қойды. К.Роджерс ұстанымы бастапқыдан онымен адамға деген терең сыйластық, оның қабілетінің барына деген сенім, бұл оң жеке тұлға өзгерістер шарттары айқындалып көрінетін психолог пен клиент арасындағы қатынастар болып құрылатын негізгі болжамы бар зерттеу болып жарияланды.
К.Роджерс тұжырымдамасының негізгі ұғымдары:
1. Эмпатиятолығымен «негізгі сөздер МЕН-СЕН» арқылы берілетін ұғым. Бұл клиенттің тікелей оң жеке қатынасы және оның феноменологиялық әлемді қабылдау арқылы қабылданып түсіндірілетін психологтың клиентке деген қатынасы.
2. Қамқорлық — клиенттің қандай да болсын күйінде актуальды жағдайына айқындалған дайындықпен көмекке келу және жеке тұлғалық клиент әлеуетін көру болашағымен қабылдау.
3. Конгруэнттілік — сезімдер мен пікірлер мазмұны арасындағы сәйкестік; мінез-құлықтың бір беттілігі.
4. Психологиялық климаттұжырымдамадағы негізгі ұғымдардың бірі, себебі онда терапевттік қатынастар жиналған, кәсіби (олар жеке тұлғалық) білік пен қасиеттер психотерапиядағы тұлғаның оң өсуінің (өзгерісі) басты шарты болып қарастырылады.
5. Өзіндік (self) — тұжырымдамадағы орталық ұғым. Бұл ішкі қатынастар жүйесі.
Роджерс адамның өмірі мен дамуындағы шешуші рөлі ретінде МЕН-тұжырымдаманы жатқызады, яғни оның өзін-өзі туралы көрінісі. Дәл сол МЕН-тұжырымдамасы (өзін-өзі туралы көрінісі) кез келген жағдайда адам мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды
Негізгі мақсаты — адамға «тұтас әрекет ететін тұлға» болуға көмектесу (К.Роджерс). Ең басынан адам мәселелеріне емес, оның өзіне, оның «МЕН» дегеніне көңіл аударылады. Сондықтан психотерапияның басты мақсаты — жеке тұлға өсуінде, дамуындағы көмек, осының арқасында адам мәселелерді өзі шеше алады. Жеке-центрлік кеңес беруде клиенттер мен кеңес берушітар мақсаттары сәйкес келеді. Бұл мақсаттар Роджерс (Rogers, 1959, 1961), Уолкер, Раблен және Роджерс (Walker, Rablen, Rogers, 1960), Маслоу (Ма51о\у, 1962,19' КомбсаиСнигга (СотЬз, Snygg, 1959) еңбектерінде сипатталады.
Психолог – кеңес берушінің рөлі — қандай да болсын рөлді ойнаудан бас тартып, өзін-өзі болуға тырысу. Психолог – кеңес берушітың басты кәсіби міндеті — тиісті психологиялық климатты құру, онда клиенттің өзі қорғаныс механизмдерінен бас тартушы еді. Сонымен бірге терапевт толығымен психотерапевт рөлінен шеттеліп, қатынас жасау мен терминдердің кәсіби әдеттерінен өзінің қарапайым және табиғи сезімдер мен ойларын білдіруге көшу керек. Клиент тек қарапайым жолдастық қатынасты ғана емес, сонымен қатар терапевттің ой-пікірлердің моральдық бағалауынан толық босауын және клиент мінез-құлқын, яғни әңгімелесушінің өзін-өзі шын көрсетуін сезінуі маңызды.
Кеңес берушілік үдерістің жеті кезеңі жіктеледі:
1. ішкі қарым-қатынастың оқшаулануы (МЕН+хабарлама немесе жеке тұлғалық мағыналардың хабарламасы жоқ, мәселенің бары теріске шығарылады, өзгеріске деген тілек жоқ );
2. Өз ойын білдіре алу (клиент қабылдау атмосферасында өзінің барлық шектеулері мен салдарымен өз сезімдерін, мәселелерін ашуға бастайды).
3-4. өзін-өзі ашу және жалпы күрделілікпен, қарама-қайшылықпен, шектеумен және аяқталмағандықпен өзін клиент ретінде қабылдау үдерісінің дамуы.
5. феноменологиялық әлемге өзіндікке сияқты жатқызу үдерісі болады, — өзінің «МЕН» дегенінен жатсынушылық жойылады, және нәтижесі ретінде өзін-өзі болуға деген қажеттілік артады.
6. конгруэнттілік, өзі қабылдаушылық және жауапкершілік дамиды, еркін ішкі қарым-қатынас, орнығады, «МЕН» мінез-құлқы мен өзін-өзі сезіну органикалық, сыртық әсерсіз болады. Жалпы жеке тұлғалық тәжірибенің бірыңғай тұтастыққа интегралдануы болады.
7. Жеке тұлғалық өзгерістер сатысы, өзінің әлем ішінде ашылуы, психолог енді керексіз болады, психотерапевтикалық жұмыстың негізгі мақсатына жеттік — өзімен және әлеммен конгруэнттілік жағдайда болу, жаңа тәжірибеге деген ашықтық және “МЕН+шынайы” және “МЕН+идеалды” арасындағы шынайы теңгерім.
Жеке тұлғалық-орталық кеңес беру белгілі бір әдістемелерге сүйенбейді және клиенттер қызығушылығындағы кез келген әрекеттерді жасауды меңземейді, Роджерс «кеңес беру тиімділігі ең алдымен кеңес беруші мен клиенттің жеке өзара әрекеттесу сапасымен анықталады» деп есептеген (Rogers, 1962, >. 416). Жеке тұлғалық-центрлік кеңес беру кезінде клиенттермен бірге кеңес берушілердің де ойлары және сезімдерінің маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет