АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010
«Зәкірлердің» бұзылу техникасы жағымсыз және жағымды жағдайлар «зәкірленеді», содан кейін екі зәкір бір мезгілде қосылады. «Зәкірлердің» араласуы нәтижесінде жаңа жағдай пайда болады. Ол үшін, біріншіден, клиентте мәселелі жағдай мен қол жетімді мықты ресурстық жағдай сәйкестенеді. Ең алдымен пөзитивті жағдай «алынады» және оның ауызша емес сипаттамалары оларды жылдам және нақты ажырата алатындай калибрленеді. Бұл жағдай «зәкірленеді» және калибрленген ауызша емес сипаттар арқылы тексеріледі. Біріншіден, дәл сондай процедура жағымсыз жағдаймен де жасалады. Үшіншіден, терапевт клинетті әр жағдайдан кезекпен зәкірлерді қолданыа отыра және келесілерді қайталауды ұйғарады: «Кей кездері сіз өзіңізді осылай (жағымсыз зәкір қосылады), бірақ бұл жағдайда сіз өзіңізді осылай сезінуіңіз керек (жағымды зәкір қосылады)». Бұл бірнеше рет қайталанады. Жағдайлар арасындағы аралықтар минимальды шекке жеткенде, ал жағдайлардың қарқындылығы шыңына жеткен кезде, зәкірдің екеуі де қосылады. Егер сәт дұрыс таңдалса, ауызша емес қатынастар бойынша клиенттің санасындағы жылжытулар туралы оңай пікір айтуға болады. Олардың құлауы туралы белгілі болса, алдымен жағымсыз, содан кейін жағымды зәкір алып тасталынады.
Психотерапевт өз жұмысын оңай тексере алады немесе клиентті кез келген мәселелі жағдайға оралуын сұрайды немесе жағымсыз зәкірді қосып көреді. Дұрыс орындалған техникада клиент жағымды және жағымсыз арасындағы аралықтаға жағдайға немесе мүлдем жаңа жағдайға еніп немесе онда жағымды жағдайға ауысу белгілері көрінетін болады. Клиенттің алған өзгерістерін экологиялық тексеру үшін жағымсыз сезінулер болуы мүмкін жақындағы болашақ туралы ойлауды және өз жағдайын бақылап, елесте сол жағдайды сезінуді сұрайды. Егер таңдалған жағымды ресурс жеткіліксіз болса, бірінші жағымды ресурс «зәкірленетін» жердегі қосымша ресурстар ізделеді.
НЛБ белгілі техникаларының бірі рефрейминг болып табылады. Рефрейминг (ағылш. frame — шек, арқау, қаңқа) — қайта қалыптасу. Фрейм теориясының құрушы жасанды интеллект саласындағы американдық маман М. Минский болып табылады. Шектің өзгеруі мағынаның өзгеруіне әкеледі, сана мен мінез-құлықтың бағдарламасын өзгертеді. Рефрейминг — бұл адамның оқиғаларды түрлі шеңберге орналастыру қабілеті. Рефреймингтің негізгі екі түрін бөледі: мәнмәтін рефреймингі жәнемазмұн рефреймингі. Белгілі мәнмәтінде кез келген мінез-құлық пайдалы болғандықтан, НЛБ-да жүзеге асатын рефрейминг сол мінез-құлық сәйкес келетін шекті табуға және бастапқы мәнмәтін үшін теңбе-тең мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.