12.Ұнтақтар дәрілік қалыптар ретінде. Сипаттамасы. Жіктелуі. Ұнтақтарға қойылатын
талаптар. Дәрілік заттардың терапевтикалық әсеріне бос және бөлшекті беттік кеңдігінің
энергиясының ұлғаюына әсері.
Ұнтақтар -бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын және сусымалы қасиетке ие ішке
және сыртқа қолдануға арналған қатты дәрілік түр.
Ұнтақтардың классификациясы:
Бірінші құрамына қарай:Қарапайым (бір ингредиенттен тұрады) және күрделі (бірнеше
ингредиенттен тұрады). Екінші мөлшерлеу сипатына қарай:Дозаланған, яғни бөлінген және
Дозаланбаған, яғни бөлінбеген. Келесі қолдану тәсіліне қарай:Сыртқа қолдануға (тері
ауруларын емдеуге арналған сеппе; құлақ, мұрын, ауыз қуысып жуып-шаюға арналған ұнтақ).
Ішке қолдануға ( әртүрлі дәрежедегі қатты бос құрғақ бөлшектерден тұратын ұнтақтар).
Оральді
Ұнтақтарға қойылатын негізгі талаптар: Сусымалы, Күрделі ұнтақтың барлық массасында
заттардың біркелкі таралуы, араластыру біртектілігі, Мөлшерлеу дәлдігі, Тұрақтылық.
Осы дәрілік түрдің артықшылықтары:
- дозалану дәлдігі – бұл ұнтақ түрінде күшті және улы әсер ететін дәрілік препараттарды
босатуға мүмкіндік береді;
- беттік көлемнің үлкендігіне байланысты, ұнтақтардың фармакологиялық белсенділігі
жоғары;
- қолданылуы ыңғайлы, яғни, балаларға беруге мүмкіндік береді;
- ұнтақ түрінде құрамы және табиғаты әртүрлі препараттарды, соның ішінде аз мөлшерде
сұйық, қою және тұтқыр заттарды босатуға болады;
- ұнтақтардың дайындалуы оңай;
- сақтау мерзімі ұзақ;
- ұнтақтар тасымалдауға ыңғайлы.
Ұнтақтардың дәрілік түр ретінде кемшіліктері:
- ұнтақтар құрамына сұйық заттарды көп мөлшерде енгізуге болмайды;
- ұнтақ түрінде иісті, бояғыш және ащы дәмді заттарды қолдану қолайсыз;
- ұнтақ түрінде дәрілік заттар құрамындағы кристаллдық суын оңай жоғалтады. Осыған орай,
егер, дәрілік заттар гигроскопиялық болса, көгеруге бейім болады;
- ұшқыш заттардың буларын ұнтақтар өз бойына сіңіріп, басқа иісті болып кетуі немесе өз
иісін жоғалтып алуы мүмкін. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, компоненттердің және
дайын дәрілік түрдің сақтау ережелерін қатаң орындау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |