Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері



Pdf көрінісі
бет28/47
Дата20.05.2024
өлшемі0.57 Mb.
#501522
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
птл сурак есеп

Химиялық көрсеткіштерге: ыдырауы, ерігіштігі, химиялық құрамының тұрақтылығы, дәрілік 
заттың белсенділігі, таблеткалардың жарамдылық мерзімі, сақтау кезіндегі тұрақтылығы және 
т.б. жатады. 
Сапаның бактериологиялық көрсеткіштеріне мыналар жатады: таблеткалардың 
микроорганизмдермен, споралармен және патогенді емес сипаттағы бактериялармен құрамы 
белгіленген мөлшерден аспайтын ластануы. 
Қазіргі кезде фармацевтік өндіріс таблеткаларды екі түрлі әдіспен шыгарады:
1) престеу немесе престелген таблеткалар.
2) арнайы қоспаларды қалыптау немесе тритурациялық таблеткалар.
 
14.Капсулалар дәрілік формалар ретінде.Алу тәсілдері.Дәрілік заттарды 
микрокапсулалау. Сипаттамасы, микрокапсулаларды алу әдістері.
Капсула-пішіні және сыйымдылығы әртүрлі қатты және жұмсақ қабығы бар дәрі 
дәрмектер.Капсулалардың қабығы желатиннен немесе басқа заттардан жасалады.
Желатинді 
қабықша дәрілік заттарды сыртқы әсерлерден қорғайды, дәрінің иісі мен дәмін бүркейді. 
Капсулалардың биологиялык тиімділігі жоғары - олар тез ісініп, асқазан-ішек жолдарында 
дәрілік затты тез босатып, ериді. Желатинді капсулаларда жеке дәрілік заттарды оларды 
ылгалды түйіршіктеуге, кыздыруға, қысымға ұшыратпай босатуға болады. 
Сондықтан да 
желатинді капсулаларда көптеген антибиотиктер жіберіледі.
Шар тәріздес немесе сопақша 
келген, майлы сүйыктықтармен толтырылуға арналған, сыйымдылығы 0,1 -0,2 мл жұмсак 
желатинді капсулалар «інжу моншақтар» немесе перлалар - Perlae gelatinosae - деп аталады. 
Ұзартылған мойны бар жұмсақ желатинді капсулалар - Tubatinae - тубатиндер деп аталады, 
олар арнайы балаларға арналған, мойнын кесу арқылы ішіндегі дәріні сығып шығаруға болады 
Қазіргі кезде желатинді капсулалар үш түрлі тәсілдермен алынады: 1) батыру; 2) престеу; 3) 
тамшылату. Батыру тәсілімен әрі жұмсақ, эрі катты капсулаларды алуға болады. Өндірісте 
жүмсақ капсулаларды any келесі сатылардан тұрады:
1 .Желатинді масса дайындау 
2. Бір шеті ашық қабықшаларды қалыптау


3. Толтыру
4. Дәнекерлеу 
5. Капсул алардың сапасын бағалау
6. Капсулаларды кептіру
7. Тегістеу және жуу
8. Жарамсыз капсулаларды қайта өндеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет