Публицистикалық шығармашылық негіздері



бет39/56
Дата20.09.2023
өлшемі2.01 Mb.
#478075
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
ZhakypB-публикалы0-шы5арма

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл оқулықта ұлттық рухани болмысымыздың құрамдас бөліктерінің бірі – қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары қарастырылды. Ең алдымен публицистика табиғаты айқындалды. Оның журналистикадан, көркем әдебиеттен айырмашылықтары, сондай-ақ ұқсастықтары көрсетілді. Жалпы публицисаның сипаттамасын беруге талпыныс жасалды. Ол үшін публицистика туралы әр жылдары айтылған тұжырымдарға мән берілді. Олардың бірінде – публицистика әдебиеттің қоғамдық-саяси ойға негізделген саласы делінсе; екіншілерінде – журналистика дегеніміздің өзі публицистика деген қорытынды жасалды; үшінші бір теориялық ұстаным – публицистика мен журналистика балама емес, бірдей ұғым емес, олар бірінің бірі құрамына енеді делінді. Публицисти-каны жанр деп қарастырғандар ойы да осы топқа жақындайды. Төртінші бір тұжырымда – публицистика – бұл журналисти-каның құрамына енетін неғұрлым жарқын және өзекті қоғам-дық творчестволық қызметтің ерекше жүйесі, саяси өткірлікке құрылған әдеби шығармалар, радио, телехабарлар, сондай-ақ жоғары спецификалық талаптарға жауап беретін, неғұрлым тапқыр және неғұрлым ықпалды өнердің бір түрі болып табылды.


Әлемдік тәжірибеде “публицистика” терминінің тууының өзі ХҮІ ғасырға сәйкес келеді. “Публицистика” сөзінің этимологиялық түп-төркіні “публикус” “қоғамдық” деген мағынаны білдіреді. Бұл публицистиканың пайда болуынан әлдеқайда кейін қолданысқа енген сөз. Көне замандардағы публицистиканың пайда болуына негізгі үш түрлі себеп ықпал етті. Ол – тілдің пайда болуы, шешендік өнердің пайда болуы, жазудың пайда болуы. Сөйтіп, публицистика көркем әдебиет-пен бірге дүниеге келді. Екеуі де сөз өнерінің салалары. Қолда-натын басты құралы да сөз. Көркем әдебиет пен публицисти-каның басты айырмашылығы ретінде, әдебиетте әлем, адам эстетикалық тұрғыдан суреттелетінін, ал публицистикада болмысты бейнелеу саяси таным түрінде жүзеге асатынын айтуымыз керек. Бірақ көне дәуірлерде публицистикаға әдеби шығарма түрінде қарады. Сондықтан да көне әдебиет тарихындағы публицистикалық сипаттағы шығармиалардың бәрі көркем шығармалар санатына еніп кетті. Оған мысалды көне әдебиет үлгілеріне жатқызылған грек, рим ойшылда-рының шығармаларынан көптеп табуға болады. Аристотельдің өзі риториканың негізін қалаушы ретінде санаған Эмпедокл атты философ өзінің туған қаласы Агригенттегі саяси бұлыңғыр оқиғаларды шешендік сөздеріне арқау еткен. Біздің дәуірімзге дейінгі VІІІ ғасырдың аяғы мен VІІ ғасырдың басында өмір сүрген Гесиодтың “Еңбектер мен күндер”, “Теогония” атты шығармаларында көркемдіктен гөрі нақтылық басым болғандықтан “логографтар” аталған алғашқы грек тарихшылары түпнұсқа қолжазба ретінде пайдаланған. Ұлы Геродот ертедегі грек-парсы соғыстарын өзінің тікелей бақылауы және майданға қатысушылардың естеліктерін қолдану негізінде тарихи нақтылыққа құрылған еңбектер қалдырды. Дана ойшыл Сократтың Филицке, Эвагорға жазған ашық хаттары, “Панегирик”, “Олинфская речь” атты сөздері көне публицистиканың нағыз үлгілері болып саналады. Горгийдің, Демосфеннің, Цицеронның, Лисийдің, Эннийдің, Пакувийдің, Цецилийдің, Гиперидтің, Эсхиннің, Демадтың саяси шешен сөздері де сол кездегі қоғам өмірін шынайы көрсеткендігімен ерекшеленеді.
Алғашқы рим публицистерінің қатарында аталатын Гораций өз шығармаларын сұхбат (беседа) деп атаған. Әлемдік жазудың алғашқы үлгілерінде көне халықтар шаруашылық есептерді, астрономиялық және салттық мәліметтерді, шежіре деректерді жазып қалдырды. Мәселен шежіре жазбаларда тайпаның ата-тегінен бастап ұрпақтарының тізімі берілді, немесе батыр көсемдердің тізімі жасалды, сондай-ақ қантөгіс ұрыстарда ерлікпен қаза тапқандардың есімдері жазылды. Археологиялық қазбалар нәтижесінде Крит аралдарында ежелгі патша шенеуніктерінің, ел басқарушыларының тізімі табылса, көне Шумер қазбаларында есепке алынған тауарлар тізімі табылған. Мұның бәрі де нақты деректерге, нақты құжаттарға құрылған текстер ретінде публицистика бастау-лары болып саналады. Рим тарихын зерттеушінің: “Ғылыми Рим болжамдарға қарағанда, біздің дәуірімізге дейінгі V ға-сырдың орта шенінде Римде “Понтификтер таблицасы” атты тақталар болған. Жоғары билеуші өз үйінің қасында ақ тақта қойғызып, оған кейінгі жылдардың маңызды оқиғалары туралы мәліметтерді жазғызып, көпшілік назарына ұсыну ғұрпын ұстанған. Онда егіннің шықпауына байланысты хабарламалар, эпидемиялар, соғыстар, ұрыста жеңіске жету оқиғасы, храм-дарға бару туралы мәліметтер жазылып тұрған. Кестелердегі бұл жазбалар күнтізбелік сипатта болып, билеушінің елді басқаруына, істі бақылауына қолқабыс еткен” [288, 224 б.].
Публицистиканың алғашқы нышандары көне дәуірлерде пайда болғандығына дәлелдер көп. Соның ішіндегі назар аударарлығы – Геродоттың шәкірті, тарихты ғылыми жүйелеудің алғашқы бастамашысы Фукидид творчествосы. Ол өз жазбаларының қандай сипатта жазылғандығын айқын көрсетеді. Фукидидтің тарихи шығармалары қазақ тіліне тәржімаланбағандықтан, оның ойларын айқын жеткізу үшін орыс тіліндегі нұсқасынан бір үзіндіні тұтас келтіруді жөн санадық. Оның Пелопоннес шайқасының тарихы туралы дәлелді шығармасында былай жазылған:
“…Не ошибется тот, кто рассмотренные мною события признает скорее всего в том виде, каком я сообщил их на основании упомянутых свидетельств, кто в своем доверии не отдаст предпочтения ни поэтам, воспевшим эти события с преувеличениями, и прикрасами, ни прозаикам, сложившим свои рассказы в заботе не столько об истине, сколько о приятном впечатлении для слуха: ими рассказываются события, ничем не подтвержденные и за давностью времени, когда они были, превратившиеся большею частью в невероятные и сказочное. Пусть знают, что события мною восстановлены с помощью наиболее достоверных свидетельств настолько полно, насколько это позволяет древность их… Я не считал согласным с своею задачей записывать то, что узнавал от первого встречного, или то, что я мог предпологать, но записывал события, очевидцем которых был сам, и то, что слышал от других, после точных, настолько возможно, исследовании относительно каждого факта, в отдельности взятого. Изыскания были трудны, потому что очевидцы отдельных фактов передавали об одном и том же неодинаково, но так, как каждый мог передавать, руководствуясь симпатией к той или другой из воюющих стран или основываясь на своей памяти. Быть может, изложение мое, чуждое басен, покажется менее приятным для слуха; зато его сочтут которые пожелают иметь ясное представление о минувшем, могущем, по свойству человеческой природы, повторится когда-либо в будущем в том же самом или подобном виде. Мой труд рассчитан не столько на то, чтобы послужить предметом словесного состязания в данный момент, сколько на то, чтобы быть достоянием навеки” [289, 15-16 бб.].
Көне грек ойшылы Фукидидтің бұл жазбалары өз көзімен көрген шындық фактілерді, ақиқат оқиғаларды көрсетуімен, нақтылығымен, шынайылығымен публицистиканың ежелгі замандағы көрінісі бола алады. Жоғарыдағы үзіндіде публицистика мен поэзияның, прозаның айырмашылықтары да айқын көрсетіліп отыр. Сөйтіп публицистика тарихы терең ғасырлар қойнауында жатыр.
– Зерттеу барысында публицистиканың табиғаты айқындалып, оның жалпы адамзат дамуының алғашқы дәуірлеріндегі екі түрі болғандығы анықталды. Оның бірі – халықтың ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізген ауызекі публицистика. Екіншісі – жазу, сызу пайда болғаннан кейін қолданысқа енген жазба публицистика. Қазақ халқының тарихында екеуі де әр алуан деңгейде көрініс тапты.
– Ғылыми жұмыста – батырлар жыры ауызекі публицис-тика үлгісі түрінде қарастырылды. “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын” жырларындағы қара сөздерден байқалатын публицистикалық сарындар, тарихи шындық оқиғалардың баяндалуы, қазақ ру-тайпаларының, жер-су аттарының, өмірде болған адамдардың аттары кездесуі публицистикаға тән нақ-тылыққа жақындатады. Батырлар жырының негізінде халық-тың шындық өмірі жатқандығы да біз үшін маңызды болды.
– Орта ғасырлардағы жыраулар поэзиясы да өз заманының елеулі қоғамдық мәселелерін өзек етті. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Жанақ, Махамбет жырларындағы публицистикалық сарын айқындал-ды. Жыраулар поэзиясының өз заманындағы дәуір үнін жеткізумен қатар, мемлекетті басқару құралы болғандығы да публицистика функцияларымен қабысып жатыр.
– Қазақтың тапқырлық пен даналыққа, шұрайлы тіл мен орайлы ойға негізделген би, шешендерінің шығармашылығы да – қазіргі публицистиканың бастау бұлақтары ретінде зерттелді. Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, тағы басқа данышпан тұлғалардың ел аузында ғасырлар бойы сақталып келген шешендік сөздерінен де замана шындығын, өмір көріністерін, тіпті нақтылы дерек-дәйектерді де кездестіруге болады. Мұның өзі шешендік өнердің бойындағы публицисти-калық белгілерді ашып, анықтауға жол ашты.
– Қазақтың жазба публицистикасының түп-тамырын тереңнен іздеуді жөн санадық. Түркі тектес халықтарға ортақ қазына болып саналып келе жатқан көне түркі жазба ескерт-кіштері әдебиетіміздің бастау бұлағы екендігі дәлелденген болатын. Орхон, Талас, Енисей ескерткіштерінен публицисти-каға тән белгілерді таптық. Олардағы нақты қоғамдық-саяси ахуал, ата-бабаларымыз туралы шындық деректер қазақ публи-цистикасының да өз бастауын көне дәуірлерден алатынына айғақ бола алады.
– Жалпы әлемдік тарих пен тәжірибе көрсеткеніндей, журналистика публицистикадан көп кейін пайда болды. Еуропада журналистика кітап басу ісі ойлап табылғаннан кейін (ХV ғ. 30-40 ж.ж.) Страсбургте алғашқы газет “Avіso - relatіon Zeіtung” шығарылғаннан (1609 ж.) кейін барып тарих сахна-сына шықты. Журналистиканың пайда болуы арқылы публи-цистиканың әсер ету ауқымы кеңейді, қоғамдағы рөлі күшейді.
– Қазақ публицистикасының қалыптасуында ХІХ ғасыр-дағы ойшылдар Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары зор орын алады. Бірақ кеңес дәуіріндегі кейбір ғылыми тұжырымдар сияқты қазақ публицистикасы Шоқан, Ыбырай, Абай шығар-маларымен бірге туды деп емес, қалыптасты деген пікірге тоқталамыз. Өйткені, бүгінгі көзқарас тұрғысынан алғанда, қазақ публицистикасының туу, пайда болуы көне дәуірлерде жатқандығын өз тұжырымымызда дәлелдеуге талпындық. Тарихы бай қазақ публицистикасын тар ауқым шеңберіне сыйғызғанымыз кешірілмес күнә болар еді. Сондықтан да Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары – қазақ публицис-тикасының қалыптасуының басы, – деген түйінге келдік.
– ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ баспасөзі дүниеге келді. Дәлірек айтқанда 1870 жылы қазақ тіліндегі тұңғыш басылым “Түркістан уалаятының газетінің” шығуымен баспасөз бен публицистиканың тоғысуы жүзеге асты. Бұл дәуірде қазақ публицистикасы шығармашылық түрі ретінде қалыптасты. Алғашқы қазақ газетінің бетіндегі қоғамдық маңызы бар жарияланымдарды екшеп алып, олардың тақы-рыптық, проблемалық сипатына тоқталдық. Сонымен қатар публицистика жанрларының алғашқы көріністері осы басылымда пайда болғанына нақтылы дәлелдер таптық.
– Қазақ публицистикасының қалыптасу дәуірінде “Дала уалаятының газеті” шықты (1888 ж.). Бұл басылымда ХІХ ға-сыр аяғында қазақ халқының проблемаларын айқын көрсете алған Д.Сұлтанғазин, Қ.Жапанов, О.Әлжанов, Р.Дүйсенбаев, А.Құрманбаев сияқты көрнекті публицистер шоғыры қалыптасты.
– ХХ ғасырдың басында жарық көрген “Айқап” журна-лының (1911 ж.) ұлттық публицистикамыздың қалыптасуында-ғы орны айқындалды. “Айқапқа” белсене араласқан М.Сералин, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың жаңа ғасыр басын-дағы ұлттық қоғамдық ойды қалыптастырудағы азаматтық позициясы бүгінгі көзқарас биігінен сараланды. “Айқаптағы” публицистикалық шығармалардың жанрлық, түрлік қырларына да мән берілді.
– Халқымыздың азаттығы үшін күрескен “Қазақ” газетінің жарыққа шығуымен бірге ұлттық публицистикамыз ізденіс жолына түсті. “Қазақта” жарияланған мақалалар мен хаттарда қазақ даласындағы саяси, экономикалық, рухани мәселелер ұлттық мүдде тұрғысынан қозғалды. Зерттеуде Ә.Бөкейханов, Р.Мәрсеков, Ғ.Қарашев публицистикасындағы өткір ойлар мен батыл ұсыныстардың ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі байыпталды.
– Кеңестік дәуірдегі публицистиканың негізгі бағыттары мен типологиясы, жанрлық және пішіндік өзгешеліктері айқындалды. Кеңестік дәуірдің өзін, сол кездегі қоғамдық-саяси өмірмен байланыстыра отырып шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Олар:
1) Кеңес-қазақ публицистикасының алғашқы кезеңі (1917-1929 жж.);
2) 30-шы жылдардағы публицистика (1930-1940 жж.);
3) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери публицистика (1941-1945 жж.);
4) Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдарындағы публицистика (1946-1956 жж.);
5) Қазақ публицистикасындағы жаңғыру кезеңі (1957-1977 жж.);
6) Тоқырау кезеңі (1978-1985 жж.);
7) Жариялылық кезеңі (1985-1990 жж.).
– Кеңестік дәуірде қазақ публицистикасына орыс публи-цистикасының әсер, ықпалы зор болды. 1917-1990 жылдар аралығын қамтитын бұл дәуірде қазақ публицистикасы жанр-лық, түрлік тұрғыдан байып, шектеулі тақырыптық, мазмұн-дық ауқымда өркендеді. Осы жылдардағы қазақ публицисти-касының негізгі даму бағыттары: 1) қоғамдық-саяси бағыт;
2) көркемдік бағыт; 3) сыншылдық-сатиралық бағыт; 4) поэти-калық-философиялық бағыт; 5) ұлттық психологиялық-көр-кемдік бағыт; 6) проблемалық-аналитикалық бағыт; 7) зерт-теушілік, тарихи-танымдық бағыт болды.
Бұл мерзімдегі публицистика ерекшеліктері С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, Ә.Нұршайықов, С.Төлешов, Б.Қыдырбекұлы, Ә.Нұрпейісов, З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин, Ғ.Қайырбеков, Ш.Мұртаза, Қ.Найманбаев, Т.Жанұзақов, О.Бө-кеев, А.Сейдімбек, Ж.Елшібеков, М.Қабанбаев, Ж.Аупбаев шығармашылықтары арқылы ашылды. Публицистика типоло-гиясы текстік, түрлік, жанрлық, стильдік тұрғыдан жіктелді.
Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуына орай пайда болған газет публицистикасы, радио-публицистика, телепублицистика, фотопублицистика, кино-публицистика сияқты заман туғызған публицистика түрлеріне де мән берілді. Кеңестік кезеңдердегі қазақ публицисти-касының функциялары анықталды.
– Тәуелсіздік дәуіріндегі публицистика газет публицисти-касы нұсқалары тұрғысынан талданды. “Егеменді Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті” басылымдарындағы қоғамдық маңызы зор мәселелерді қозғаған шығармалардағы тақырыптық және проблемалық ізденістер айқындалды. Тәуелсіздік жылдарын-дағы баспасөздегі тенденциялар Ш.Мұртаза, К.Смайылов, Ө.Жәнібеков, Ә.Кекілбай т.б. публицистикалық шығармалары негізінде көрсетілді.
– Ғылыми зерттеудің нәтижесінде қазақ публицистика-сының пайда болу, қалыптасу және даму жолдарын мынадай төрт дәуірге бөлуге болады:
1. Қазақ публицистикасының пайда болу дәуірі (көне замандардан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін);
2. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму дәуірі (1870-1917 жж.);
3. Публицистика дамуының кеңестік дәуірі (1917-1990 жж.);
4. Ұлттық публицистика дамуының тәуелсіздік дәуірі (1991 жылдан бастап).
Сонымен, публицистика – белгілі бір уақыт пен кеңістікті қамтитын заман шежіресі, дәуір үні. Өткен кезеңдерде қандай қоғамдық-саяси ахуал болғандығын, халық жағдайын, әлеумет-тік өзгерістер мен шаруашылық бағыттарын сол уақыттан қалған ауызекі мұралар арқылы және баспасөз бетінде жазы-лып, жарияланған публицистика арқылы бүгін біле аламыз. Ал бүгінгі болып жатқан қым-қуыт оқиғалар публицистиканың алтын арқауы арқылы келер ұрпақ жадына жол тартады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет