format әдісі. Кейде қандай да бір мәліметтер негізінде жаңа тіркестер құрастыру керек
болып жатады, ондай жағдайда format әдісі (функциясы) қолданылады.
Келесі тіркестерді теріп, оларды str_format.py файлына жазып сақтаңыз:
age = 19 name = 'Азат'
print('{0} биыл {1} жаста.'. format(name, age))
print('Енді {0} Python тілінде программалауды үйреніп жүр.'.format(name)) Бұл программа нәтижесі мынадай түрде болады:
Азат биыл 19 жаста.
Енді Азат Python тілінде программалауды үйреніп жүр.
Бұл программа қалай жұмыс істейді:
Тіркес ішіне қандай да бір жаңа символдарды енгізуімізге болады, ол үшін format әдісі қолданылады. Жоғарыда келтірілген мысалдағы {0} деген жазу үтірден кейінгі алғашқы тұрған name айнымалысы мәнін шығаруды көрсетеді, ол format әдісінің бірінші аргументі болып табылады. Соған ұқсас, {1} деген екінші жазу age айнымалысына сәйкес келеді де, ол format әдісінін екінші аргументі болып табылады. Python санауды 0-ден бастайды, сондықтан, бірінші позиция – 0 нөмірі, екінші – 1 нөмірі және т.с.с. болып жалғаса береді.
Үш тіркесті де бірден біріктіре салуға болатын еді:
name + ' биыл ' + str(age) + ' ' жаста екен.',
бірақ мұндай жағдайларда қателесіп кетуге болады. Жалпы, format әдісі арқылы тіркестерді түрлендіру автоматты түрде іске асады. Оған қоса, format әдісін қолданғанда айнымалыларға тиіспей шығарылатын тіркестік мәліметтерді (мәтіндерді) өзгертіп отыру мүмкіндігі бар. Сандарды жоғарыдағыдай түрде жазу міндетті емес. Оларды басқаша да жазуға болар еді:
age = 19 name = 'Азат'
print('{} биыл {} жаста.'.format(name, age))
print('Енді {0} Python тілінде программалауды үйреніп жүр.'.format(name))
Мұның да нәтижесі алдыңғыдай болады. Сонымен, format әдісі арқылы әрбір аргументтің мәнін өзіміз қалаған орынға қоя алады екенбіз.
Айнымалылар. Айнымалылар – компьютер жадындағы белгілі бір аймақ болғандықтан, оларға қол жеткізе білу керек. Сондықтан айнымалыларға ат қойылады. Айнымалының мәні әртүрлі болуы мүмкін. Біз қарастырған өрнектер мәнді бір ғана әрекет нәтижесінде есептеп берген еді. Алайда көптеген жағдайда бір мезгілде бірнеше өрнектерді орындау керек болады. Немесе бір өрнекте орындалған мән үнемі экран бетіне шығарыла бермеуі мүмкін. Ол басқа өрнектің ішінде басқа мәнді есептеу үшін де қолданыла береді. Осындай жағдайда алдағы есептеулерге қажетті мәндерді сақтау қажеттілігі туындайды. Ол мәндерді біз айнымалылар көмегімен аты бар бірегей (уникалды) жады ұяшықтары ретінде қарастыра аламыз. Айнымалыға кез келген мәнді беруге болады, кейінірек оларды компьютер жадынан шығарып алып, кейінгі есептеулерде пайдалана аламыз. Айнымалы бір ғана мәнді сақтай алады. Егер айнымалыға басқа мәнді меншіктейтін болсақ, онда алдыңғы мән жоғалып кетеді. Айнымалыны жариялайық:
а = 10
Айнымалыны жариялаған кезде экранға ешқандай нәтиже шықпайды, өйткені меншіктеу операторы нәтижені қайтармайды. Айнымалыны жарияламастан, оған мән беретін болсақ, қате туралы ескерту аламыз.
Айнымалыға өрнектің нәтижесін де меншіктеуімізге болады: b = 2 + 3 / 4
немесе функциядан алынған мәнді де бере аламыз:
с = somefunction (1,2, 345)
Бір өрнекте бір мезгілде бірнеше айнымалыны пайдалану мысалы: a,b,c = 10, 2 + 3 / 4, somefunсtion (1,2, 345).
Жарияланатын айнымалы мен олардың мәндері үтір арқылы бөлінеді. Бірінші айнымалыға бірінші мән, екінші айнымалыға екінші мән, т.с.с. болып меншіктеледі.
Қажет емес айнымалыларды del арқылы жоюға болады. Осы сөзден кейін жойылатын айнымалыларды үтір арқылы тізбектеп жазуға болады. Мысалы:
del a, b
Мұнда а және b айнымалыларын жоямыз. Программада айнымалының саны көп бола береді. Бірақ олардың аты бірін-бірі қайталамауы керек. Олар компьютер жадында белгілі бір орын алатындықтан, қажеттен тыс артық айнымалыны пайдаланудың қажеті де жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |