Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



Pdf көрінісі
бет17/25
Дата07.11.2022
өлшемі1.76 Mb.
#464166
түріПрограмма
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Файлдармен жұмыс істеу 
Файл-объектілер (file) – бұл Python мен сыртқы файлдар арасындағы байланыс жасау 
интерфейсі. Open атты кірістірілген функция файлдың атын және файлдың қолжетімділік 
режимін береді. 
Режимдер түрі:
'r' – оқу режимі.
'w' – жазу режимі.
'а' – қосу.
'b' – бинарлық режим.
'+' – оқу/жазу. 
Мына мысалды өз компьютеріңізде теріп, қалай орындалатынын көруге болады: 
f = open('myfile', 'r')
# Оқу режимінде ашамыз
text = f.read()
#Есептейміз
f.close()
# Файлды жабамыз
print(text)
# Нәтижесін шығарамыз
f = open('myfile', 'w')
# Жазу режимінде ашамыз
f.write("Yo!")
# Жазу іске асады
f.close()
# Файлды жабамыз 
# Контекст менеджерін пайдалану
# Контекст менеджері кез келген жағдайда файлды жабады
with open("myfile.py", 'w' ) as f:
f.write("Yo!") 
Өрнектер операторларына жаттығу 
Осы программаны теріп, нәтижесін экранға шығарайық:
print(2 < 1)
print(2 == 2)
print(3 % 9)
# Өз мысалдарыңды жазып көр 
Нәтижесі:
False
True 

Егер программаға өзгеріс жасап көрсек, нәтижесі басқаша болып шығады:
print(5 < 1)
print(7 == 8)
print(8 % 6)
десек, онда жауабы:
False
False

if, else инструкциясы 


21 
if қай амалды орындайтынымызды анықтайды. Ол Python ішіндегі программа логи-
касындағы таңдауды іске асыратын негізгі құралдың бірі. Теңдікті білдіру үшін "==" деп 
жазуымыз керек, ал "=" таңбасы тек қана меншіктеуді білдіреді.
Бірінші шартты өрнектегі инструкцияны интерпретатор орындайды. Ал егер шарт 
орындалмаса, онда else блогы орындала бастайды.
Азат жол басындағы бос жер
if а==12:
^^^^print("Дұрыс")
Азат жол басындағы бос жер 4 рет басылды. Кірістірілген инструкциялар азат жол басын-
дағы бос жер шамасына қарай блоктарға біріктіріледі. Азат жол басындағы бос жер кез келген 
санмен басылуы мүмкін, ең бастысы – бір блок шегінде шегіністің өлшемі бірдей болуы тиіс. 
# Бірінші мысал
а= 12
if a = 12:
# Егер 'а' тең болса 12, онда мына инструкция орындалады
print("Дұрыс ") 
# Екінші мысал
а = 13
if а == 12:
print ("Дұрыс")
else:
# Әйтпесе
print ("Дұрыс емес ") 
Нәтижесі:
Дұрыс
Дұрыс емес
# Үшінші мысал
а = 50
if a == 50:
print ("Дұрыс")
else:
# Әйтпесе
print ("Дұрыс емес")
Нәтижесі:
Дұрыс
Келесі мысалды if.py ретінде Comodo Edit-те сақтаңыз.
number = 23
guess = int(input('Бүтін сан енгізіңіз:'))
if guess == number:
print{('Құттықтаймын, сіз дұрыс таптыңыз,')
# Бұл жерде жаңа блок басталады 
print('(ешқандай сыйлық ұтып алмасаңыз да!)')
# Бұл жерде жаңа блок аяқталады
elif guess < number:
print( 'Жоқ, жасырылған сан бұдан үлкенірек.')
# Тағы да бір блок
# Блок ішінде көп нәрсені орындауға болады ...
else:
print(' Жоқ, жасырылған сөз бұдан аз.')
# осында келу үшін guess-тің мәні number мәнінен үлкенірек болуы тиіс


22 
print:('Аяқталды')
# Осы соңғы өрнек if операторы орындалған соң істеледі. 
Нәтижесі:
$ python if.py
Бүтін сан енгізіңіз: 50
Жоқ, жасырылған сөз бұдан аз.
Аяқталды
$ python if.py
Бүтін сан енгізіңіз: 22
Жоқ, жасырылған сан бұдан үлкенірек.
Аяқталды
$ python if.py
Бүтін сан енгізіңіз: 23
Құттықтаймын, сіз дұрыс таптыңыз,
(ешқандай сыйлық ұтып алмасаңыз да!)
Аяқталды 
Программа қалай жұмыс істейді? Number айнымалысын белгілейміз де, оған бүтін санды 
меншіктейік, мысалы 23 болсын. Енді input функциясының көмегімен санның нұсқасын 
қабылдаймыз. Функция программаның көп рет қайталанатын бөлігі болып тұр.
Input кірістірілген функциясына жолды береміз, оны функция экранға шығарады да, 
пайдаланушының санды енгізуін күтеді. Санды енгізген соң, enter-ді басқан кезде, input 
функциясы біз енгізген жолды кері қайтарады. Одан кейін int() көмегімен алынған жолды 
түрлендіреміз және оның мәнін guess айнымалысында сақтаймыз. Int – дегеніміз класс, бірақ 
бұл жолы оның көмегімен жолды бүтін санға түрлендірдік.
If операторының соңында қос нүкте тұр, одан кейін өрнектер блогы болатынын білдіреді.
Егер пайдаланушы жасырынғаннан аз санды енгізсе, онда оған көбірек сан енгіз деп 
ескертеміз. Бұл кезде elif өрнегін қолдандық. Ол if else – if else өрнегінің if – elif – else деп 
біріктіріліп, қысқартылған түрі.
elif және else логикалық жолының соңына қос нүкте қойылады, одан кейін сәйкес 
командалар блогы басталады.
If операторының ішіне тағы да if операторын қоюға болады, оны қабаттасқан 
(кірістірілген) деп айтамыз.
Python 
elif және else бөліктері бар if операторын орындап болған соң келесі өрнек print 
орындалады да, «Аяқталды» деген жазу пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет