25
Модуль – ол Python тілінің анықтамалары мен басқа да инстукцияларын қамтитын файл.
Файлдың атын модуль атына '.ру' жұрнағын жалғау арқылы құрастырамыз. Модульді импорт-
таған кезде, мысалы spam, онда интерпретатор 'spam.py' аты бар файлды ағымдағы каталогтан
іздейді. Одан кейін PYTHONPATH айналасындағы айнымалыларда
көрсетілген каталогтан
іздейді. Іздеу жургізілген каталогтар sys.path айнымалысында сақталады. Осылайша Python
тіліндегі программалар модульді орындау барысында іздеу жолдарын өзгерте алады.
Модульде анықталған аттарды айқындау үшін dir() кірістірілген функциясын қолдануға
болады. Ол сұрыпталған жолдар тізімін қайтарады:
import sys
# import пәрмені sys модулін импорттайды
print('sys.path----->', sys.path)
print('dir----->', dir(sys))
print('info---->', sys.platform)
Нәтижесі:
sys.path----->
['http://python-rutour.rhcloud.com/static', 'http://python-rutour.
Rhcloud.com/tour/Modules','http://python-rutour.rhcloud.com/static/src/Lib']
dir----->
['___class___','___file___','___getattr___','___repr___','___setattr___','___stderr___','___stdout_
__','___str___','builtin_module_names','byteorder','flag_class','flags','has_json','has_local_storage
','maxsize','maxunicode','modules','path','platform','stderr','stdout','version_info','warnoptions']
info----> brython
Пакеттер
Пакеттер дегеніміз – «нүктелік жазбаны» қолдана отырып
модуль аты кеңістіктерін
құрылымдау тәсілі. Модульдерді қолдану глобальді кеңістікті пайдалануды әртүрлі
модуль
авторлары үшін қауіпсіз ететінің сияқты нүктелік жазбаны қолдану
көп модульді пакеттер
авторлары үшін модуль аттарын қолдануды қауіпсіз етеді.
Пакет құрылымы (мысал):
Мұраск/
__init__.ру
example1.ру
example2.py
example3.ру
'__init__.ру' файлы Python пакеті бар каталог ретінде тануы үшін қажет.
'__init__.ру' ішіндегі мазмұны
__all__= ["example1", "example2", " example3"]
Бұл дегеніміз from Mypack import * командасының көрсетілген үш модульді Mypack паке-
тінен импорттайтынын көрсетеді.
Мысалы:
# Пакеттің (модульдің) бәрін тұтас импорттау
from sys import *
print(path)
# Тек қана path импорттау
from sys import path
print(path)
Нәтижесі:
26
['http://python-rutour.rhcloud.com/static','http://python-rutour.rhcloud.com/tour/Packages
','http://python-rutour.rhcloud.com/static/src/Lib']
['http://python-rutour.rhcIoud.com/static','http://python-rutour.rhcloud.com/tour/Packages
','http://python-rutour.rhcloud.com/static/src/Lib']
Достарыңызбен бөлісу: