Өлшенетін шама белгісіздігі тәжірибені жүргізуге дейін болады және келесі факторлармен байланысты. Модельдеу белгісіздігі. Өлшеу нысаны туралы ұғым адам түйсігінде өлшемдер жиынтығымен суреттелетін белгілі бір модель түрінде пайда болады. Модельмен анықталатын өлшенетін шама нақты нысандардың қасиеттеріне байланысты ерекше- ленеді. Мысалға, егер біз вал диаметрі шеңбер деп болжасақ. Шын мәнінде ол идеалды шеңбер емес және ол эллипстік немесе басқа бір пішінде болуы мүмкін. Вал диаметрінің белгісіздігін оның диаметрін түрлі бағытта өлшеу арықыл бағалауға болады.
Өлшенетін шама ерекшелігі. Ерекшелік мәні деп өлшеуді жүргізу шарттары: температура, ылғалдылық, қысым және т.б. аталады. Тәжірибе жүзінде өлшенетін шама ерекшелігі өлшеу дәлдігі қажеттілігіне тәуелді. Мысалға, егер номиналды ұзындығы 1 м болат стерженьнің ұзындығын микрометрге
дейінгі дәлдікпен өлшеу қажет болса, онда оның ерекшелігіне ұзындық анықталған температура мен қысымды қосуы керек. Ал егер оның ұзындығы миллиметрлік дәлдікке дейін өлшенуі керек болса, оның ерекшелігі қысқартылуы мүмкін. Табиғи (әлеуметті) өлшеу белгісіздігі.
Өлшеу дәлдігі жоғарылағанда немесе өлшем құралының сезімталдығы жоғарылағанда өлшеу сенімділігін шектейтін табиға факторлар пайда болады. Мұндай факторларға жататындар:
бір уақытта анықтауда дәлдікті шектейтін Гейзенберг қағидасы негізінде белгісіздікпен байланысты квантты-ме- ханикалық деңгейде физикалық шамалардың дискреттігі, мы- салы: Дх-Дрх=Й/2 теңдеуімен байланысты импульс пен координата секілді шамалар;
шу және дірілдік әсерлер. Қазіргі заманауи эталондық базада өлшеу түрлерінде және түрлі салаларда өлшеулерді молекулярлы деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретін дәлдікке қол жеткізілген. Мұндай өлшеу кезінде заттың корпускулалық табиғаты мен молекулалардың жылулық тербелістерімен байланысты дірілдік эсер, сонымен бірге жылулық және кванттық шу, броундық қозғалыс өлшеу белгісіздігіне үлес қосады.
Өлшеу тәжірибесінің белгісіздігі пайда болу табиғатына қарай келесілерге бөлінеді: Әдістемелік белгісіздік. Өлшеу кезінде қолданылатын және жалпы түрде сипатталған операциялардың қисынды тізбектілігі өлшеу әдісі болады. Әдістемелік белгісіздіктер келесі себептерден туады:
өлшеу нысанына өлшеу құрылғысының әсерін бағалаудың белгісіздігі. Мысалы, вольтметрмен тоқ көзінің кернеуін өлшеу кезінде желі өлшемдерін өзгертеміз, себебі вольтметрдің ішкі кедергісі бар және сәйкесінше желі өлшемдеріне өзгеріс енеді әрі өлшеу кернеуінің белгісіздігіне үлес қосылады;
өлшеу үдерісінде және өлшеу әдісінде қолданылатын қысқартулар мен аппроксимация кезінде пайда болатын белгісіздік.
Құрылғы белгісіздігі. Бұл өлшеу құрылғысы техникасының жетілдірмегендігімен байланысты белгісіздік. Олар өлшеу құ- рылғысының қағидасымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, егер құрылғы қағидасы бір шаманы екінші шамаға түрлендіру заңына сәйкес болса, онда осы құрылғыларды қолданып өлшеу белгісіздігіне температураны өлшеудегі температуралық датчиктердің сызықсыздығы (Зеебек заңы), кең диапазонда Гук заңының сызықсыздығы үлес қосады.
Сонымен бірге өлшеу құралының конструкциясы немесе дайындау технологиясының нашарлығынан белгісіздік туындауы мүмкін. Мысалы, таразылар иіндерінің теңсіздігі, өлшемді дұрыстаудың қанағатсыздығы, манометрлік қалақтардың люфті және т. б. Жеке белгісіздіктер - оператор белгісіздіктері. Бұл олар келесі факторлардан туындауы мүмкін.
оператордың сезім органдарының баяулығы, мысалы, баллистикалық құрылғыларда сілтеме көрсетуінің максималды есептеуінде кешігу;
есептеу жүйесінің ерекшелігі және бақылаушы орналасуы- ның әсері, мысалы, екі жақын белгілер арасын есептеу барысындағы қателік;
адам сезім органдары қабылдауының сипаттарының сы- зықсыздығы және сезімталдық ауқымын шектеу. Мысалы, генератор жиілігін гетеродиндік жиілік өлшемімен өлшеу кезінде нөлдік соғысты қате анықтау, бұл құлақ сезімталдығы ауқымынан төмен болумен байланысты.
Белгісіздік құраушыларын анықтау және есептеу оны бағалау мен есептеу жүргізушіге байланысты. Өлшеу шамасының алынған белгісіздік құндылығы мен сапасы оның мәнін анық- тауға қатысатын тұлғаның шынайылы және сыни талдауға түсінуіне тәуелді.