Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова



бет19/63
Дата27.01.2023
өлшемі2.41 Mb.
#468817
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз

Q — х + Х ,
м ’
мұнда Q - өлшенетін шама; х - өлшеу құралының көрсеткіші;
Хм - өлшеммен жаңғыртылатын шама.
Шамамен салыстыру әдісінің бірнеше түрлері бар:

  • дифференциалды және нөлдік өлшеу әдісі;

  • сәйкестіктер әдісі;

  • орын алмастыру әдісі және қарсы қойып салыстыру әдісі;

  • қосымшамен өлшеу әдісі.

Дифференциалды өлшеу әдісі - өлшенетін шама белгілі мәні бар, өлшенетін шама мәнінен айырмашылығы болмашы біртекті шамамен салыстырылатын және осы екі шама арасындағы айырмашылық өлшенетін өлшеу әдісі.
Мына өрнекте х Ф 0 сәйкес келеді:


(12)
Q — х + Х,
м
Нөлдік өлшеу әдісі - шамамен салыстыру әдісі, онда өлшенетін шаманың салыстырылатын құралға эсер ету эффектісін нөлге дейін жеткізеді.
Егер формалды түрде мұны х ~ 0 десек, онда теңдікті осылай жазуға болады:


(13)
Q ~ Х.
м
Сәйкестіктер әдісі - бұл өлшенетін шаманың мәнін өлшеммен жаңғыртылатын шамамен сәйкестіктерін ескере отырып бағалайтын шамамен салыстыру әдісі. Сәйкестіктерді бағалау үшін салыстыру құралдарын немесе органолептиканы қолдануға болады.
Құралға эсер етуінің бірмезгілдігі мен бірмезгілсіздігіне қарай орын ауыстыру арқылы өлшеу әдісі және қарсы қойып салыстыру әдісі деп ажыратылады.
Орын ауыстыру өлшеу әдісі (орын ауыстыру әдісі) - шамамен салыстыру әдісі болып табылады, мұнда өлшенетін шама шама
мәні белгілі өлшеммен орнын ауыстырады. Мысал ретінде, бір ыдысты кірге қосып салу бола алады.
Қарсы қойып салыстыру әдісі - шамамен, салыстыру әдісі, мұнда өлшенетін шама мен өлшеммен жаңғыртылатын шама бір мезгілде құралға эсер етеді және осы арқылы екеуінің арасындағы арақатынас белгіленеді.
Қосымшамен өлшеу әдісі (толықтыру әдісі) - шамамен салыстыру әдісі, мұнда құралға алдын ала белгіленген екеуінің қосындысы эсер ететіндей өлшенетін шама мәні қосымша шамамен толықтырылады. Әдіс орын ауыстыруда да, қарсылық әдісінде де қолданыла алады.
Өлшеудің жанасу әдісі - өлшенетін нысанның сезгіш элементімен түйісуіне негізделген өлшеу әдісі.
Өлшеудің жанасу емес әдісі - өлшенетін нысанның құралдың сезгіш элементімен түйіспеуіне негізделген өлшеу әдісі. Пирометрмен домна пешіндегі температураны өлшеуді және оптикалық құралдармен арақашықтықты өлшеуді мысал ретінде қарастыруға болады.
Өлшеу құралы сезгіш элементінің объектімен механикалық түйісу кезінде олардың элементтерінің қаттылығының жет- кіліксіздігін, жанасу деформацияны және тағы басқаларды ескеру керек. Механикалық түйісудің болмауы кезінде өлшеу ақпаратын жанасусыз алу ерекшеліктерін ескеру керек: ауадағы оптикалық бұрмалану, белгінің арақашықтықтағы баяулауы, нысан бетіндегі шаң мен майлы қабаттардың болуы және тағы да басқа.
Өлшеу түрі дегеніміз өлшенетін шамалардың біртектілігімен ерекшеленетін және өзіндік ерекшеліктері бар өлшеу саласының бөлігі.
Өлшеу түрлерін келесі жіктеу белгілері бойынша жүйелеуге болады:

  • тура және жанама өлшеулер;

  • жиынтық және бірлестірілген өлшеулер;

  • абсолютті және салыстырмалы өлшеулер;

  • бір ретті және көп ретті өлшеулер;

  • статикалық және динамикалық өлшеулер;

  • дәлме-дәл және дәлме-дәл емес өлшеулер.

Өлшеулер қайталануына қарай бір ретті және көп ретті болып бөлінеді.
Бір ретті өлшеулер - бір рет орындалатын өлшеулер. Іс жүзінде көп жағдайларда бір ретті өлшеулер орындалады. Мысалы, нақты уақыт өлшемі сағатпен әдетте, бір рет өлшенеді.
Көп ретті өлшеулер - физикалық шаманың өлшемін бірінен кейін бірі жүргізілген бірнеше өлшеулер нәтижесінен алатын бір ретті өлшеулер қатарынан тұратын өлшеулер.
Қойылған мақсатқа байланысты қайталама өлшеулер саны әртүрлі болады (2-ден бастап жүздеген, мыңдаған). Көп ретті өлшеулер дөрекі қателіктерді жібермеу үшін (бұл жағдайда 3-5 өлшеу жеткілікті) немесе нәтижелерді математикалық өңдеу үшін қажет.
Абсолютті өлшеу - бір немесе бірнеше негізгі шамаларды тікелей өлшеуге және (немесе) физикалық тұрақтылар мәндерін қолдануға негізделген өлшеу.
Мысалы, F = mg күшті өлшеу негізгі шама - массаны m өлшеуге және физикалық тұрақтыны g қолдануға негізделген.
Салыстырмалы өлшеулер - шаманың бірлік ретінде қолданып отырған аттас шамаға қатынасын өлшеу немесе шаманың бастапқы ретінде алынған аттас шамаға қатысты өзгеруін өлшеу. Мұндай өлшеулерге мысал ретінде салыстырмалы ылғалдылық, салыстырмалы ұзындық өлшемдерін жатқызуға болады.
Өлшеу нәтижесін алу тәсіліне байланысты тура және жанама өлшеулерге ажыратылады.
Тура өлшеу - ізделініп отырған ФШ мәні тікелей анықталады. Қателіктерді ескермеген жағдайда тура өлшеуді былай өрнектеуге болады:
Q = х, (14)
мұндағы Q - өлшенетін шама; х - өлшеу нәтижесі.
Мысалдар:

  1. Бөлшектің ұзындығын микрометрмен өлшеу;

  2. Ток күшін амперметрмен өлшеу;

  3. Массаны таразыда өлшеу.

Жанама өлшеу - ізделініп отырған шамамен байланысты басқа ФШ-ларды тура өлшеу нәтижелерінің негізінде ізделіп отырған ФШ-ны анықтау.
Жанама өлшеулер мына жағдайларда жүргізіледі:

  • өлшелетін шаманың мәнін тікелей өлшеуге қарағанда жана­ма өлшеу арқылы табу жеңілірек болғанда;

  • шаманы тура өлшеуге арналған құралдар жоқ болған жағдайда;

  • жанама өлшеудің қателігі тікелей өлшеуге қарағанда азырақ болған жағдайда.

Жанама өлшеу кезінде шама мәні ізделіп отырған шама мен тура өлшеуге ұшырайтын шамалар арасындағы тәуелділік негізінде анықталады. Мұндай өлшеуді былайша жазуға болады:
Q = F (X, Y, (15)
мұндағы, X, Y, Z,... - тура өлшеулердің нәтижелері.
Жанама өлшеулердің маңызды ерекшелігі - нәтижелерді құралдан тыс (калькулятор немесе компьютер көмегімен, қағазда) өңдеуге болатындығы. Жанама өлшеулердің классикалық мысалдары ретінде өлшенген қабырға ұзындықтары бойынша үшбұрыш бұрышының мәнін табу, үшбұрыштың немесе басқа геометриялық пішіндердің ауданын анықтау және т.б. қарасты- руға болады. Жанама өлшеулерді қолданудың жиі кездесетін жағдайларының бірі - қатты дене материалының тығыздығын анықтау.
Мысалы, цилиндрлі дененің тығыздығы р цилиндр массасы- ның m, биіктігінің h және диаметрінің d тура өлшеу арқылы алынған нәтижелерінің көмегімен анықталады:
p=m/0,25ndh (16)
Тура және жанама өлшеулерде дара физикалық шамалардың өлшемдері алынады. Көптеген физикалық шамаларды өлшегенде, өлшеніп отырған шамалардың біртектілігі және әртүрлілігі бойынша жіктейміз. Сондықтан жиынтықты және бірлескен өлшеулерді ажыратамыз.
Жиынтықты өлшеу - бұл шамалардың ізделіп отырған мәндері теңдеулер жүйесін шешу арқылы анықталатын, бірнеше аттас шамаларды бір уақытта өлшеу. Жиынтық өлшеулерге бірнеше біртекті шамаларды өлшеуді жатқызуға болды. Мысалы, ұзындықтарды өлшеу Lp L2, L3 және т.б. Мұндай өлшеулер бірнеше геометриялық өлшемдерді қатарынан бір уақытта өлшеуге арналған арнайы құрылғыларда орындалады.
Бірлескен өлшеу - арасындағы тәуелділікті анықтау үшін екі немесе бірнеше аттас емес шамаларды бір уақытта өлшеу. Бұл өлшеу екі немесе одан да көп шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті анықтауға арналған өлшеулер. Бірлескен өлшеулер, әдетте, өзара тәуелділігін анықтауды қажет етпейтін бірнеше әртекті (X,Y,Z және т.б.) шамаларды өлшеу болып табылады. Мысалы, электроқозғалтқыштың электрлі, күш және термодинамикалық өлшемдерінің кешенді өлшемдерін, көлік құралының жағдайы және қозғалыс өлшемдерінің (қозғалыс, жанармай қоры, қозғалтқыш температурасы, т.с.с) өлшемдерін жатқызуға болады.
Статикалық өлшеу - өлшеу уақыты мерзімінде өзгермейтін нақты өлшеу тапсырмасына сәйкес жүргізілетін физикалық шамаларды өлшеу.
Динамикалық өлшеу - физикалық шаманың өлшемі бо- йынша өзгеретін өлшеулер.
Бір шаманың бірнеше қайталап өлшеу кезіндегі нәтижелердің дәлдігіне және таралу дәрежесіне байланысты дәлме-дәл және дәлме-дәл емес, тең таралған және тең емес таралған өлшеулер болып бөлінеді.
Дәлме-дәл өлшеулер - қандай да бір шаманы бірдей жағдайларда және дәлдігі бірдей өлшеу құралдарымен өлшеулер қатары.
Дәлме-дәл емес өлшеулер - қандай да бір шаманы әртүрлі жағдайларда және дәлдігі әртүрлі өлшеу құралдарымен өлшеу- лер қатары.
Дәлме-дәл деп 1 және 2 өлшеулерде қателіктерді Д1 және Д2 бірдей деп санауға болады:
(ДгД), (17)
ал дәлме-дәл емес өлшеулерде қателіктер әр түрлі болады:
Салыстырып отырған 1 және 2 серияларының өлшеу қателіктерінің сәйкестігі мен әртүрлілігі бойынша өлшеу сериялары тең шашыраңқы немесе әртүрлі шашыраңқы болып
бөлінеді. Формалды түрде былай көрсетуге болады: Аі ~ А2
немесе Аі Ф А2.
Жоспарланған дәлдігі бойынша өлшеулерді техникалық және метрологиялық деп екіге бөледі.
Техникалық өлшеулерге алдын ала белгіленген дәлдікпен орындалатын өлшеулерді жатқызамыз. Яғни, техникалық өлшеу кезінде өлшеу қателігі А алдын ала белгіленген [А] мәнінен көп болмауы тиіс:
А < [А], (19)
мұндағы [А] - жіберуге болатын өлшеу қателігі. Техникалық өлшеулер атына сай өндірісте өте жиі қолданылады.
Метрологиялық өлшеулер - минималды өлшеу қателігіне А жету мақсатымен максималды дәлдікпен орындалатын өлшеулер.
А ^О
Бұндай өлшеулер біртекті эталонданған кезде, бірегей зерттеулер жүргізген кезде қолданылады. Бұл өлшеулердің ортақ қасиеті ретінде кез келген өлшеулерде нәтижелердің шынайы бағасын беретін А мәні анықталады.
Өлшеу кезіндегі бақылау - өлшеу жүргізгенде, есептеулер- дің уақытында және дұрыс жасалу мақсатында өткізілетін операциялар.
«Бақылау» терминін «өлшеу» терминімен алмастырға бол- майды.
Өлшеу құралдарының көрсеткіштерін есептеу - берілген уақыт ішінде өлшем құралдың шама мәнімен немесе сан мәнімен бекітілуі.
Мысал - дәл осы кездегі электр есептеуішінің көрсеткіш тақтасы бойынша мәні 505,9 кВтч тең, алынған мән оның осы кездегі бекітілген көрсеткіші болып табылады.
Өлшем сигналы - өлшенетін физикалық шаманың сандық мәлімет туралы ақпарат құрайтын сигнал.
Өлшем нысаны - бір немесе бірнеше физикалық шамалар- мен өлшенетін дене (физикалық жүйе, үдеріс, қүбылыс және тағы басқалар).
Мысалы, өлшеу нысандары, геометриялық өлшемдерін өлшейтін; технологиялық үдерісте қысым және температура- ларды өлшейтін бөлшек болып табылады.
Өлшем аймағы - өз ерекшелігімен айқындалатын, ғылыми немесе техниканың қандайда болмасын аймағының физикалық шамалар өлшемдерінің жиынтығы.
Ескерту: өлшемдер аймақтарға: механикалық, магнитті,
акустикалық, иондаушы сәулелер өлшемдері және тағы басқа- ларға бөлінеді.
Өлшемдердің түрі - өлшемдердің, өлшенетін шамалардың біртектілік айырмашылығы болатын өз ерекшелігі болатын саласының бір бөлігі.
Мысалы, электр және магнитті өлшемдер төңірегінде келесі өлшемдердің түрлері: электр кедергісін, тоқ күшін, электр жүргізу күшін, электр кернеуін, магниттік индукцияның өлшемі және тағы басқалар ерекшелене алады.
Өлшем түрлерінің классификациясы:

  1. Геометриялық шамалар өлшемі;

  2. Масса өлшемі;

  3. Күш және қаттылық өлшемі;

  4. Қысым өлшемі;

  5. Вакум өлшемі;

  6. Қозғалыс параметрлерінің өлшемі;

  7. Газдар мен сұйыктардың шығын және мөлшер өлшемі;

  8. Тығыздық және жұғу өлшемі;

  9. Физикалық-химиялық өлшемдер;

  10. Теплофизикалық және температура өлшемі;

  11. Оптико-физикалық өлшем;

  12. Акустикалық өлшем;

  13. Электрлік шамалар өлшемі;

  14. Магнитті шамалар өлшемі;

  15. Уақыт пен жиілік өлшемі;

  16. Радиотехникалық өлшем;

  17. Иондану сәулелер өлшемі.

Өлшеулерді орындау әдістемелері
1971 жылға дейін КСРО-да метрологиялық қызметтер мемлекеттік және мекемелік салыстырып тексеру арқылы өлшеу құралдарының жарамдылығы анықталатын өлшеу құралдары- ның біркелкілігін қамтамасыз етуі бойынша жұмыстар жүргі- зілді. Өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру номенклатура бойынша анықталды.
1971 жылдан бастап КСРО Мемстандарты өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізе бастады. Өл- шем бірліктерін қамтамасыз етуге көшу нақты себептерден туындады. Өлшеу қателігі аспаптан кететін қателіктер, өлшеу құралдарының мерзімді қателіктері ғана емес, әдіс қателігі және операторлармен енгізілетін қателіктер де бола алады. Өлшеу қателігіне өлшемдерді жүргізу жағдайлары да айтарлықтай ықпал етеді.
Өлшеудің бірыңғайлығын қамтамасыз ету үшін алғашқы және мерзімді тексеруді сынау немесе метрологиялық іскерлік сараптаудан өткен өлшеу құралдарының қолданылуы ғана емес, аттестатты өлшеулерді орындау әдістемелерінің қолдануы керек. 1972 жылы ГОСТ 8.010-72 «МТЖ. Өлшеулерді орындау әдістемелерін стандарттау мен аттестаттауға жалпы талаптар» бекітілген. Метрологиялық ұғымдардың санында осы кезден бастап өлшеулерді орындау әдістемесі (ӨОӘ) пайда болды.
ГОСТ 8.010-72 қайта бекітілгеннен кейін өлшеулерді орын­дау әдістемесіне стандарттар мен әдістемелік құжаттар пайда болды. ӨОӘ аттестаттау бойынша жұмыстар жүргізіле бастады.
1993 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігі туралы» заңы қабылданды және ӨОӘ мет- рологиялық аттестаттау міндетті болды.
2000 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» жаңа заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасында ҚР СТ 2.18-2001 «Өлшеулерді орындау әдістемелері. Әзірлеу, аттестаттау және қолдану тәрті- бі» және ҚР СТ 7.6-2001 «Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесі. Метрологиялық қызметтерді өлшеулерді орындау әдістемелерін аттестаттау құқығына аккредиттеу тәр- тібі» мемлекеттік стандарттары әзірленді.
ҚР СТ 2.18-2001 талаптарына сәйкес ұйым және кәсіпорын- дар төменде көрсетілген үлгі бойынша мемлекеттік бақылау аясында қолданылатын ӨОӘ құжаттарының тізімін жасау керек, ал ҚР СТ 2.18-2001 талаптарына сәйкес келмейтін ӨОӘ құжаттарды жеке бөліп көрсету қажет.

11-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет