Салыстырыптексеру бойынша нормативтік құжаттар СИ салыстырып тексеру әдісі бойынша физикалық шаманың бірлігінің өлшемін беру түсінігі жоғары тұрған өлшеу құралдарын салыстырып тексеру стандарттарға сәйкес келуі керек. ББҚ салыстырып тексеру кезінде келесі әдістер қолданылуы мүмкін:
Тікелей бірігу әдісі (салыстыру құралдарын қолданусыз) салыстырып тексеріліп жатқан үлгілік ББҚ сол түрден (яғни, шара мен шараның немесе өлшеу құралымен)
Тікелей бірігу әдісі салыстырып тексеріліп жатқан үлгілік ББҚ сол түрден компаратордың көмегімен (яғни салыстыру құралдары көмегімен)
Үлгілік шамамен ұдайы өндірілетін салыстырып тексеріліп жатқан ББҚ өлшеуін тікелей әдісі;
Шаманы салыстырып тексеруге түсетін ұдайы өңделетін шаманы үлгілік өлшеу құралымен тура өлшеу әдісі;
Тура өлшеуге түсетін шама мен осы ізделіп отырған шама негізінде белгілі тәуелділік кезінегі жанама өлшеу әдісі;
Тәуелсіз салыстырып тексеру әдісі, яғни өлшеу шамалары бірліктерінде градуирленген эталон немесе үлгілік өлшеу құралдарымен өлшеу бірліктерін талап етпейтін қатысты ша- маларды өлшеу құралын салыстырып тексеру
ББҚ салыстырып тексерген кезде біртұтас ретінде қарас- тырылады және қателік те тұтас бағаланады. Кей кезде ББҚ- ның қолдану жарамдылығына эсер ететін элементтік салыс- тырып тексеруді жекелеген бөліктердің өлшемдерін анықтап жүргізеді. Стандарт бойынша нормативті құжаттарда ББҚ салыстырып тексеру әдістерінде мынадай бөлімдер бар:
Кіру бөлімі;
Салыстырып тексеру үдерісі;
Салыстырып тексеру құралдары;
Қауіпсіздік талаптары;
Салыстырып тексеру шарттары;
Салыстырып тексеруге дайындалу;
Салыстырып тексеруді өткізу;
Тексеру нәтижелерін рәсімдеу.
Салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжаттарға салыстырып тексерудің әдістері мен құралдары енуі тиіс. Соған сәйкес, ерекше назар барынша қолдануға НҚ-дың салыстырып тексерілетін құралдардың жарамдылығы туралы сұрақты шешу үшін метрологиялық мінездемеге аударылуы тиіс. «Салыстырып тексеру үдерісі» бөлімінде барынша жүзеге асырылатын нәрсе мақсатты түрде кезекпен тізімде болады. Салыстырып тексеру құралдары. Нормативтік құжаттарда салыстырып тексеруге қажет үлгілік және көмекші салыстырып тексеру құралдарының тізімі болады. Үлгілік және көмекші салыстырып тексеру құралдары үшін осы құралдардың негізгі техникалық және метрологиялық немесе мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларының разряды техникалық талаптарды регламенттейтін нормативтік кұжаттарының нөмірі көрсетіледі. Салыстырып тексеруді өткізу шарттары. ББҚ-ны салыстырып тексеру өткізген кезінде салыстырып тексеру әдістерінің нормативтік құжаттарында айтылатын барлық қалыпты шарттар орындалуы тиіс:
293 К-да салыстырып тексеру жүретін қоршаған ортаның температурасы (200С);
Ауаның ылғалдылығы 60%;
760 мм/сын.бағ. атмосфералық қысым (101,3 кПа);
50 Гц кернеуді қамтамасыз ететін жиілік, 220 В кернеу.
Егер осы шарттар орындалмаса, онда басқа түзетулер алу керек. Тексерісті дайындау және жүргізу Тексерісті жүргізудің алдында әдетте дайындық жұмыстарын жүргізеді:
Тексерілетін ББҚ және тексеріс құралдарын орнатады және дайындайды;
әсері бар өлшемдер әрекет ететін жағдайда тексерілетін ББҚ-ын ұстайды;
температура, ылғалдылық және т.б. мәндерін тексереді;
ББҚ және тексеріс құралдарын жерге қосады;
Түйістіретін кұрылғыларды іске қосады;
ББҚ-ын кернеу астында қыздырады;
ҚТ бойынша керекті іс-шараларды жүргізеді.
ББҚ тексерісі сыртқы тексеруден, сыннан өткізуден және олардың метрологиялық сипаттамаларын анықтаудан тұрады. Сыртқы тексеріс кезінде келесілер тексеріледі:
Кешенді тізім сәйкестігі;
әрбір ауыстырып қосқыштың тағайындалуы туралы жазбалардың болуы;
дәлдік сапасын және физикалық өлшемді құрал шкаласында белгілеу;
есеп беру құрылғыларының бөліну бағасы;
техникалық шарттар бойынша олардың бар болуы қол- данысқа жіберілмейтін ББҚ элементтерінің ақауларын және олардың жабындысын белгілейді;
тауарлық белгі немесе өндіруші-кәсіпорын атауы;
түрі;
реттік нөмері;
шығарылған жылы.
ББҚ сынауын сыртқы тексерістен кейін жүргізеді. Бұл жұмыс НҚ-ға сәйкес жүргізіледі. Сынау кезінде әдетте стандартты үлгілер пайдаланылады. Сонымен қоса, үлгілі өлшеу құралдары мен қосымша тексеріс құралдары пайдаланылуы мүмкін. ББҚ сынауы мынадай тексеріске негізделеді:
басқару, реттеу және жөнге келтіру органдарының іс- әрекеттері;
тоқ көзін қосу және өшіру кезіндегі құрал көрсеткіштерінің нөлге орнатылуы;
жеке элементтердің еркін орын ауыстырулары және бел- гіленулері немесе өзара әрекеттесулері;
Басқару органдарының іс-әрекеттеріне құралдардың әсер- лері;
Жеке элементтердің жансыз жүрісі мен люфты;
Олардың жұмысқа қабілеттілігі.
ББҚ-ның метрологиялық сипаттамасын анықтау рұқсат етіл- ген шектердегі олардың атаулы мәндерінің сәйкестігін орнату үшін жүргізіледі. Стандарттарда немесе НҚ-да тексеріске әр- дайым ББҚ-ның метрологиялық сипаттамасын анықтау тәсілдерін және тексеріс операцияларын жүргізу әдістерін орнатады. Тексерістің әрбір операциясы үшін төмендегілер анықталады:
Тексеріс әдістерінің сипаттамасы;
Тексеріс құралдары туралы нұсқаулық;
Қосылу сұлбалары мен сызбалар;
Операцияны орындау реті туралы нұсқаулықтар;
Метрологиялық сипаттамаларды анықтау нәтижелерін өңдеу тәсілдері.
Тексеріс нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу НҚ бойынша тексеріске кейіннен ББҚ-на таңба орнатуына, тексеріс туралы куәлік берілуіне, ББҚ-ын тексеріліп жатқанның төлқұжаттарын- дағы жазбаларға және тексеріс мерзімін белгілеуге негізделеді. Егер тексеріс нәтижесі теріс болса, онда таңба өшіріледі, куәлік күшін жояды, ал төлқұжатқа ББҚ-ның жарамсыздығы туралы жазба жасалады. Ведомствалық метрологиялық қызметтің тексеріс бөлімдерін құру және ұйымдастыру
Метрологиялық тексеріс бөлімшелері кәсіпорындардың, ірі бірлестіктердің метрологиялық қызметінің құрамында құрылады. Соның барысында осындай қызметті құрудың немесе керекті тексеріске құқығы бар баска ұйымдар тексеріс қызметін пайдалануының егжей-тегжейлі техника-экономикалық мақсатқа лайықтылық бағасы жүргізіледі. Кәсіпорында метрологиялық қызметті ұйымдастыру білікті мамандар штатын ғана емес, сонымен қатар арнайы орындарды, тексеріс құралдарына қоса үлгілі өлшеу құралдарының болуын талап етеді. Бұның қомақты қаржы шығындарын талап ететін сөзсіз, алайда ББҚ-ның тексеріс орнына жеткізілуі болмайтыны есебінен тексеріс жылдамдығы пен сенімділігін тездетіледі. Тексеріс бөлімшелері құрғақ, таза бөлмелерде орналасқан орындарда немесе арнайы ғимаратта, басқа өндірістік аймақ- тардан оқшауланып, 90 Дб-ден жоғары шу көздерінен, электро және радиокедергілерден, күшті электрлік, жоғарыжиілікті және магниттік өрістерден, шаңнан, зиянды газдар мен булар- дан алыстатылып орналасуы қажет. Бұл орындар арқылы бу- газ өткізгіштері өтпеуі тиіс. Бөлме терезелерінің солтүстікке қарай орналасуы және перделер арқылы күннің тікелей түсуінен қорғануы жақсырақ болар еді. Күн көзі шашыраңқы және көлең- ке түсірмеуі қажет. Тексерушінің жұмыс үстелі бетіндегі табиғи жарықтанудың коэффициенті 1.00-1.500 шегінде болуы керек. Жасанды жарықтану люминесцентті, шашыраңқы болуы керек. Жұмыс деңгейіндегі жарықтану 300 лк-тан кем болмауы шарт. Бөлме қабырғасы биіктігінің % бөлігі ашық майлы бояумен, ал қалған бөлігі, үстел және төбесі шаңнан тазартуға шыдай алатын тығыз ақ бояумен сырлану қажет. Еденді линолеуммен немесе пластикпен жабу керек. Бөлме жерлендірумен жабдықталуы шарт. Бөлмеде қалыпты жағдайлар қамтамасыз етілуі қажет:
293±3 К температурасы;
Ылғалдылық 60±15%.
ББҚ-ның тексеріске сақтаумен, тазалаумен және т.б. байланысты дайындығын жеке оқшауланған орындарда жүргізу ұсынылады. Қызметкерлердің саны тексеріліп жатқан ББҚ санына, тексерістің аралық кезеңіне және әртүрлі типті ББҚ-ның тексерісіне керекті уақыт нормаларына сәйкес анықталады. ББҚ тексерісінің кейбір ерекшеліктері Қылтүтік дефектоскоптар үшін тексеріс барысында мыналар бақыланады:
Техникалық шарттары бойынша пайдаланылатын пене_ транттардың сапасы;
Штативтердің рұқсат етілген ауытқуларының тексерілуі;
Жарықтанудың анықталуы;
УФ сәулеленудің анықталуы.
Тексеріс кезінде жасанды ақаулары бар стандартты үлгілер қолданылады. Магнит ұнтақты ақаулардың тексерісі. Бұл дефектоскоптың тексерісі кезінде жинақтылық тексерісінен, сыртқы тексеру сынауынан басқа, бақылаудың нәтижелері тәуелді болып келетін дефектоскоптардың өлшемдерін анықтау қажет:
Ультрадыбыстық бақылау құралдарының тексерісі. Сонымен қатар, дефектоскоптың жұмыс істеп тұрған жиілігін, тереңдік және фронт бойынша қабілеттілігін шешетін бақылаудың максималды және минималды тереңдігін, дефектоскоптың се- зімталдығын тексеру қажет. Жұмыс істеп тұрған жиілік 10%-дан аспайтын қателік бойынша нормаланады. Бақылаудың минималды тереңдігі - эхоимпульстық әдіске тән өлі аймақ (бұйымның бақыланбайтын аймақтары). Ол да нормаланады. Өлі аймақ көлемі дефектоскоптың электронды блогы пъезотүрлендіргіштік құрылғы жүйесімен анықталады. Тереңдік бойынша рұқсат етілген қабілеттілік бір тік сызық бойында орналасқан, УЗК-ның таралу бағытымен сәйкес келетін екі бөлек анықталған ақаулар арасындағы минималды арақашықтықпен анықталады. Ол зондтайтын импулсьтің ұзақтығына және дефектоскоп жазудың жылдамдығына тәуелді болып келеді.
(25) Дг ~ (1,5 - 2) X
Фронтальды рұқсат етілген қабілеттілік Д1 (екі ақаудың көлденең тік бойымен рұқсаты) келесі формула бойынша бағаланады: Д1= ҺА, / D (26) мұндағы, һ - ақаудың орналасуы; А, - толқын ұзындығы; D - пъезотүрлендіргіштің диаметрі. УЗК-ның көлбеу енуі кезінде бұйымның УКЗ-ның ену бұрышын анықтайды. Дефектоскоптың сезімталдығы эталондық үлгілер немесе стандартты үлгілер арқылы тексеріледі. Қажет болған жағдайда, нормативті құжаттама бойынша ультрадыбыстық дефектоскопты толығымен тексереді:
Номиналды жиіліктерді;
Дефектоскоп сезімталдығын;
Аттенюатор қателігін;
Импульстардың ілесу жиілігінің қателігін;
Түрлендіргіштер сипаттамасын;
Номиналды амплитуда тексерісін;
Бақылау аймағындағы негізгі абсолютті қателіктің анық- талуын.
Нормативті құжаттарға сәйкес ультрадыбыстық эхоим- пульстік дефектоскопқа келесілер жүргізіледі:
Сыртқы тексеріс (жинақылыққа сәйкес құжаттаманың болуы, электронды блок түрлендіргішінің таңбалауының болуы, механикалық бұзылудың болмауы, кабелдердің тұтастығы және т.б.);
Дефектоскоптың жұмысқа қабілеттілігін анықтауын сынау;
Амплитуда және оның номиналды мәннен ауытқуының, ұзақтықтың, импульстар жиілігінің тексерісі;
Кіріс белгісі амплитудасы өлшеуінің негізгі абсолютті қателігін анықтау;
Тереңдік өлшеуіштің негізгі қателігін анықтау;
Үлгілі өлшемдер мен стандартты үлгілер бойынша тексеріс. КМД 4-0; КСО-2; КМД 18.0;
Шартты сезімталдықтың анықталуы;
Ұзақтық пен фронт бойынша рұқсат етілетін қабілеттіліктің анықталуы.
Тексеріс кезінде ультрадыбыстық қалыңдық өлшеуіштер үшін жүргізіледі:
Сыртқы тексеріс;
Сыннан өткізу;
Амплитуда және қоздыру импульсінің бет жағының ұзақтығының тексерісі;
өлшенетін қалыңдықтың аралығын анықтау;
қалыңдықты өлшеу кезіндегі қалыңдық өлшеуіштің негіз- гі қателігін анықтау;
УЗК-ның таралу жылдамдығына байланысты, қалыңдық өлшегіштің негізгі қателігін анықтау;
өнімнің радиус қисықтығына және бетінің бұлдырлығы нәтижесіне байланысты қалыңдық өлшегіштің қосымша қателігін анықтау;
Параллель келмейтін нұсқалардағы қалыңдық өлшегіштің қателігін анықтау.
Тексеріс кезінде стандартты КУСОТ-180 немесе КМТ-176- 1 аспаптар жиынтығы қолданылады. КУСОТ-180 аспабының құрамы:
ГСО-2217-81 қателігі 0,3-0,7 % жуандығына сәйкес;
ГСО-2218-81 ± 20 % бұйым бетінің бұдырлығына
байланысты;
ГСО-2219-81 ± 0,1 мм қисықтық радиусына байланысты;
КМТ-176-1 комплект 0,3-0,7 % жуандыққа байланысты.
Импедантты дефектоскоптарды тексеру кезінде ескеріледі:
қозғаушы генератордың жиілігі;
генератор амплитудасының қалыптылығы және көлемі;
дефектоскоп күшейткішіне және генераторға қосқандағы пьезоэлементтердің арасындағы тоқ қуаты фазаларының әртүрлілігі;
күшейткіштің сезгіштігі және талдағыштығы;
эталон бойынша тексеріс.
Ерікті тербеліске негізделген дефектоскоптар АД-50У, АД- 60С-ты, тексеру:
импульстің амплитудасы мен ұзақтығы бойынша;
импульстардың кезектілік жиілігі бойынша;
қалыптылығы мен сезгіштігі бойынша жүргізіледі.
Құйынтоқты дефектоскоптарды тексеру мыналар бойынша жүзеге асады: 100
Сыртқы тексеру;
Стандартты үлгілердің орын алуы;
Қолданып көру;
Қойылған генератордың жиілігі мен қалыптылығына бай- ланысты;
Генератордың шығаратын қуаты (қателік 10 % аспауы ке- рек);
Қозғаушы қуат күшіне.
Құйынтоқты жиындар нормативті құжат бойынша тексеріледі және мынаны жүзеге асырады:
Сыртқы тексеріс;
Қолданып көру;
Шығатын қуатты анықтау;
Жиілікті анықтау;
Қалыптан тыс жағдайды анықтау;
Күштің коэффициентін анықтау;
Сезгіштікті анықтау;
Өткізу жолақтарын;
Кіріс қарсылығын және сыйымдылығын құралдарды жөндеп шығарғаннан кейін анықтайды.
1-ден 20000 мкм-ге дейін құйынтоқ және магниттік қалыңдық өлшегіштерді тексеру нормативті құжаттарға сәйкес орындалады.
Сыртқы тексеріс;
Қолданып көру;
Нормативті құжаттарға сәйкес қалыңдық өлшегіштің негізгі қателігін және өлшеу құралдарын анықтау.
Тыйым салынбаған бақылау құралдарын тексеру кезінде
қолданылатын өлшеу құралдары ББҚ-ын тексеру кезінде өлшеудің әртүрлі құралдары пайдаланылады: амперметрлер, вольтметрлер, көпір, әртүрлі ге- нераторлар, осциллографтар, фаза айналдырғыш, фаза өлше- гіштер, жиілік өлшегіштер, сызықсыз қажалуларды және амплитуд алық-жиіліктік мінездеулерді өлшегіштер, спектр анализоторы, аттенюаторлар, веберметрлер, тесламетрлер, стандартты үлгілер, күшейткіштер. Қуат пен қысымды өлшейтін құралдар. Амперметрлер мен вольтметрлер магнитоэлектрикалық, электромагниттік, электродинамикалық, индукциялық және ло- гометрлік деп бөлінеді. Үздіксіз қуаттың қысымын электрондық құралдармен өлшейді, ал жоғары қысымды өлшеуді үздіксіз тоқ компенсаторы көмегімен өлшейді. Әрекет ұстанымы электромагниттік құралдардың қызметі ферромагнитті жүрекшелі қуаты бар магнитті кеңістіктік кон- турының қарым-қатынасына байланысты. Электромагнитті құ- ралдар ауыспалы және орнықты қуат көздерін өлшеуде қолданылады. Дәлдік дәрежесі 0,5. Құрал кемшіліктері: шкаланың өзгермелілігі, өзіндік қуатын көп жұмсауы, сыртқы магнитті кеңістікке тәуелділігі. Жақсы жақтары: құрылысының тамашалығы, 15 кА-дан 450 кв-ға дейін қуатқа төзімділігі, жоғарғы сенімділігі. Магнитоэлектрикалық құралдардың ұстанымы қуат өлшеу мен кысымы қуат өтетін магнитті кеңістік контурының қарым- катынасына негізделеді. Бұл құралдың жақсы жақтарына: өлшеудің жоғары нақтылығы (0,05 дәрежесіне дейін), шкаланың нақтылығы, жоғары сезгіштік, электр қуатын жұмсауы. Кемшіліктеріне: құрылысының қиындығы, орнықты қуатты ғана өлшеуі, жүк ауырлығына сезімталдық. Электродинамикалық құрылғылардың негізгі ұстанымы қуат өтетін екі катушканың магнитті қарым-қатынасына не- гізделеді. Электродинамикалық құралдар қозғалмалы және қозғалмайтын катушкалардан тұрады. Қозғалмалы катушка қозғалмайтын катушканың осінде орналасып, ішінде қозғалады. Бұл құралдармен қуатты, ауыспалы және орнықты қуат тізбегі 20-100 кГц болғандағы қысым мен күшті өлшейді. Олардың нақтылық дәрежені 0,1; 0,2; 0,5. Нақтылық дәрежесі 0,1 және 0,2 болатын құралдар тексеруде қолданылады. Құралдардың жақсы қасиеттеріне уақытты қалыпты көрсетуі жатады. Кемшіліктеріне төмен сезгіштік, көп энергия кетіріп, кіріспеге сезгізтігі. Электронды вольтметрлер орнықты және ауыспалы кысымды жиіліктің кең диапозонында анықтайды. Олар кірісте ауыспалы және орнықты куат күшейткіштеріне ие. Көпір тізбегі Кейбір ББҚ (құйынқуаттық) тексерісінде бел- сенді және толық қарсылықты, индуктивтікті, сыйымдылықты, катушкалардың мықтылығы мен контурлардың тербелісін толық тексеріледі. Бұл суреттеулер амперметр мен вольтметр, көпірлік және резонансты тәсілімен анықталады. 10-6 - ден 1016 Ом қазылумен ± 1,5%, қарсылық 10-6-10-5 Ом, қарсылық 10-2-1010 қазылуымен ± 0,05%-ды олардың тепе-теңдігін өлшеуде үздіксіз қуат көпірлері пайда болды. Қалыпты көпірде көрсететін құрылғы нөлді көрсетіп тұрғанда нәтиже анықталады, ал қалыпты емес көпірде нәтиже құрылғы шкаласына қарай шығады. Көпір сызбасы қарапайым (8-сурет). 8-сурет. а) тұрақты тоқ көпірі; б) айнымалы тоқ көпірі Ауыспалы қуат көпірі сыйымдылық пен индуктивтілікті анықтауда қолданылады. Өлшеу құралы ретінде лампалық неме- се түзеу құралдар қолданылады. Бұл көпірде көпірдің сабасына түсуі белсенді қарсылык пен фаза бойынша жүзеге асады. Ауыспалы қуат көпірінің нақты дәрежесі: 0,1; 0,2; 0,5; 1,2; 1,5. Бұл көпірлер сонымен қоса tg8 өлшеуде қолданылады. Өлшеу генераторлары. Өлшеу генераторының қызметі әртүрлі пішіндегі амплитуданың, жиіліктің белгілерін жасау. Зерттеу уақыты пайдаланудың аналогиялық уақытына сай болуы керек. Белгі өлшемдері анық болуы тиіс. Жиілік диапазонына қатысты генератор төмен жиілікті (20гц- 200кГц), жоғары жиілікті (30кГц-300мГц), аса жоғары жиілікті (30мГц-10ГГц) және импульсты деп бөлінеді. Үйлесімділік тербеліс генераторлары синусоидалы форма белгісін шығарады. Импульс генераторлары ұзақтығы аздаған наносекундтан ондаған миллисекунд импульстарды шығарады. Сонымен қоса шуыл дабылының генераторлары, арнайы форма генераторы және радиотехникалық құралдардың мі- нездемесін зерттейтін. Тербелген жиілік генераторлары (свип- генераторлар) болады. Төмен жиілікті генератордың сұлбасы 9-суретте берілген. Синусоидальды тербелістің қайнар көзі - RC генератор. Келісілген құралдар мен аттенюатор шығатын қарсылықтың орын алуын реттейді 600, 50 немесе 5 Ом генератордың толқындық қарсылықтармен өрбуіне қосылатын кабель. Қысым аттенюатормен реттеледі. Келесі генераторлар қолданылады: ГЗ- 33; ГЗ-109; ГЗ-7А; ГЗ-118.
9-сурет. Төмен жиілікті генератор сұлбасы
10-сурет. Сыртқы модулятор ретіндегі төмен жиілікті тербеліс геператорыпыц сызбасы Жогары жиілікті тербеліс генераторы берілген LC генераторынан, резонансты күшейткіштен, жоғары жиілікті аттенюатордан, сыртқы және ішкі модулятордан тұрады. Сыртқы модулятор ретінде төмен жиілікті тербеліс генераторы пайдаланылады. Сызбасы 5-суретте берілген.
Ультрадыбыстық дефектоскоптың электронды жүйесін тексеруде Г4-102 және Г4-158 генераторы қолданылады. Тік бұрышты импульстар генераторы әртүрлі радиотехникалық құрылғыларды тексеруге және мінездемесін жөндеуде қолданылады. Олар сытқы, ішкі қосылу тәртібінде жұмыс жасайды. Олар ультрадыбыстық дефектоскопты тексеруде қолданылады. Г5-54; Г5-26 генераторлар қолданылады. Электронды-сәулелі осциллографтар көріп-бақылауға немесе электрлік үдерістің өлшемдерін анықтауда пайдаланылады. Олармен қысым, импульс ұзақтығы, жиілік, фаза, уақыт аралығы, т.б. тексеріледі. Осциллографтар әмбебап, жылдам, стробоскикалық және еске сақтаушы деп бөлінеді. Олар бір, екі және көпсәулелі болуы мүмкін. Осциллограф УЗ-дефектоскопты (С1-65А, С1-70, С1-114) тексеруде қолданылады. Акустикалық дефектоскопты тексергенде, кіші жиілікті осциллографтар С1-76 қолданылады. Магнитті ұнтақтық дефектоскопты тексеруде амплитуда импульсын өлшеу С8-9А, С8-12 осциллографымен жүзеге асады. Электронды-есепті жиілік өлшегіштер жиілікті анықтауға, кезең, импульстің және уақыт аралығының ұзақтығын, импульстардың санын анықтауға мүмкіндік береді. Олар УЗ құралдарды (43-34А) тексеруге арналған. Фазометрлер фазаның қозғалысын өлшеуге арналған. Олар құйынқуаттық және ультрадыбыстық құралдарды тексеруде қолданылады. Ф2-13, Ф2-16 фаза өлшегіштер пайдаланылады. Магниттік шамаларды өлшеуші құралдар. СНК-ны сынау кезінде магнит өрісінің магнит ағынын, манит индукциясын және кернеулікті өлшеу талап етіледі. Магнит ағынын өлшеуге 3,5*10-5 0,35* 10-5 Вб/ бөл. баға бөлігіндегі баллистикалық гальванометрлер М197/1, М197/2 қолданылады. Сонымен қатар, М119, М1119 веберметрлері және Ф-190 фотокомпенсационды микровеберметрлер пайданылады. Магниттік және электромагниттік өрістің индукциясы мен кернеулігін өлшеуге тесламетрлер қолданылады. Бұзбайтын бақылаудың әдістері мен тәсілдерін сертификаттау
Еркін сипаттамаға ие және метрологиялық нормалар мен ережелерге куәландырылған өлшеу құралдарын сертификаттау жүйесі құрылған. Жүйені ұйымдастыруда ИСО, МЭК, ИЛАК сияқты халықаралық ұйымдардың нормативтік құжаттары, сертификаттау жүйесі мен МОЗМ сертификаттар жүйесі есепке алынды. Жүйеге кіреді:
ҚР-ның метрологиясын басқару - жүйенің орталық органы;
Үйлестіру кеңесі;
Апелляциялық кеңес;
ВНИИМС оқу әдістемелік орталығы;
Сертификаттау органдары;
Өлшеу құралдарының сынау зертханалары (орталықтары);
Жүйенің орталық органдары келесі қызметтерді орындайды:
Жүйені сертификаттау бойынша әдістемелік басшылықты жоспарлайды, үйлестіреді, жүзеге асырады;
Жүйеде сертификаттау ережелері мен негізгі ұстанымдарын бекітеді;
Сертификаттауға жататын өлшеу құралдарының номен- клатурасын анықтайды;
Сертификаттау бойынша органдарды және сынау зерт- ханаларын аккредиттейді;
Сертификаттау органдарының қызметін орындайды;
тіркелген сертификаттау жөніндегі органдар оның және сынақ зертханаларының қызметіне инспекциялық бақылауды ұйымдастырады;
сертификаттау сұрақтары бойынша халықаралық және ше- тел ұйымдарымен өзара әрекет етеді;
басқа елдер, шетел сертификаттары және сәйкестік белгілері мен сынақ зертханалары, сонымен қатар өлшем құралдарын сынаудың нәтижелері туралы құжаттардың мойындалуы туралы сұрақты шешеді.
Жүйенің оқу-әдістемелік орталығы:
қағидаларды, ережелер мен құрылымдарды өндейді;
сертификаттау жөніндегі органдар және сынақ зертханалары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
сертификатталған өлшеу құралдарын, сертификаттау жө- ніндегі органдар, сынақ зертханасы және нормативтік құжаттарды тіркейді;
жүйенің тізімін жүргізеді;
мәліметтер банкін қалыптастырады және жүйені ақпаратпен қамтамасыз етумен шұғылданады.
Үйлестіру кеңесінің құрамына қоғамдар, тұтынушылар, сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханасы, метрологиялық ҒЗИ қоғамы, техникалық реттеу және метрология комитетінің аймақтық органдары және мүдделі ұйымдардың басқа да ұйымдары кіреді. Өлшеу құралдарын сертификаттау жүйесі ескереді:
өлшеулердің кез келген түрлері бойынша метрологиялық нормалар және ережелерге сәйкес өлшеу құралдарын ерікті сертификаттауды;
өлшеу құралдарына арналған метрологиялық ережелер және нормаларды бекітетін құжаттарды әзірлеу, енгізуді;
өлшем құралдарын сертификаттау мақсаты үшін сынау бағдарламасын әзірлеу, енгізу және көкейлестілеуді;
Сертификатталған өлшеу құралдарының көмегімен өлшеуді орындау әдістемелерінің аттестаттауды;
өлшеу құралдарын сертификаттау және өлшеу құралдары- ның нақты топтарының сынақ зертханалары бойынша сертификаттау жөніндегі органдардың өлшеулерінің түрлеріне арналған тармақты желісін құруды;
сертификаттау жөніндегі органдар, зертханалар, сәйкестік сертификаттары, сәйкестік белгілерін мойындау бойынша ұлт- тық метрологиялық қызметтермен іскерлік қарым-қатынасты жүзеге асыруды.
Жүйенің негізгі мақсаттары:
өлшем бірлігін қамтамасыз ету;
экспортқа көмектесу және өлшеу құрал-жабдықтары- ның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Жүйенің негізгі міндеттері:
нормативтік құжаттарға сәйкес бекітілген метрологиялық нормалар және талаптарға өлшеу құралдарының сәйкестігін растау және тексеру;
Қазақстанда бекітілген мемстандарты эталонынан өл- шемдерді беру үшін калибрлеудің сертификатталған өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуін тексеру;
Өтініш берушіге көрсетілген қосымша талаптарға өлшеу құралдарының сәйкестігін тексеру.
Өлшеу құралдарын сертификаттауды тіркелген сынақ зерт- ханасында өткізілген сынаулардың нәтижелерін есепке ала отырып, аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар жү- зеге асырады. Сәйкестік сертификаты жүйенің Орталық органы мәлімдеушіге береді. Аккредиттеу бойынша жұмыс тәртібі МИ 2277-93- МИ 2279-93-да келтірілген. Ол:
сертификаттаудың өткізілуі туралы өтінішті Орталық ор- ганның өтініш берушілеріне ұсынудан;
өтінішті қарастыру және оны қабылдау туралы шешімнен;
сынауларды өткізуден;
өндірісті сертификаттау немесе сапа жүйесінен;
сертификатты беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау, талдау және алынған нәтижелерді талдаудан;
сынаулардың материалдарын тіркеу және сәйкестік сертификатам беруден;
сертификаттау нәтижелері туралы ақпараттан тұрады. Бұзбайтын бақылау зертханаларын аттестаттау (аккредиттеу)
Зертханаларды аттестаттау НК немесе диагностика орындауға арналған зертханалардың ұйымды-техникалық дайындығы мен техникалық кұзыреттілігін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Аттестаттауды техникалық реттеу және метрология комитетінің лицензиясы бар аттестаттау жөніндегі органдар өткізеді. Зертхана аттестаттау туралы куәлік немесе ҰСО (Ұлттық Сарапау Орталығы) тізімінде үш жылға тіркелген аттестат береді. Аттестаттауды жүргізу реті келесідей:
аттестаттауға өтінішті мына құжаттармен беру (сарапшылық комиссиясын қабылдау туралы келісімшарт, жағдай жарғысының көшірмесі, зертхананың төлқұжаты, қызметтің түрлері);
өтінішті тіркеу және шарт жасау;
құжаттардың сараптамасы;
сарапшылық комиссияны құру;
зертхананың тексеруі, комиссияның есебі;
аттестаттау нәтижелерін қарастыру;
тізімді ресімдеу, тіркеу және (аттестат ) куәліктің беру.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің органдары аттестатталған зертханалардың қызметін тұрақты қадағалауды жүзеге асырады. Аттестаттау жағдайлары бұзылған ретте зертхана куәлігі жойылуымен тізімнен шығаруы және аттестаттау құқығынан айыруы мүмкін. Соңғы кезде аттестаттау аккредиттеумен алмастырылып жатыр және техникалық реттеу және метрология комитетінің органдарымен Қазақстандық жүйе бойынша жүргізіліп жатыр. Бұзбайтын бақылау бойынша тұлғаны сертификаттау жүйесі
НК-ны қамтамасыз етуге арналған тұлғаны сертификаттау бойынша негіз болатын құжатты Қазақстанның техникалық реттеу және метрология комитетімен бекітілген. Бұл құжат НК саласында тұлғаны сертификаттау жүйесінің ережесін және құрылымның негізгі қағидаларын орнатады. Бұл жүйе халықаралық нормалар және стандарттардың не- гізінде құрастырылған және келесі негізгі терминдер және анықтамаларды қолданады: Сәйкестік - өнімге немесе қызметке (ИСО/МЭК2) қойыла- тын барлық талаптарды сақтау немесе орындалу қойылған талаптарды (ИСО9000 ) орындау. Сертификаттау жүйесі - (ИСО/МЭК2) сәйкестік сертифи- кациясын өткізуге арналған іс-шаралар мен басқарудың мен- шікті ережелері орналасқан жүйе. Біліктілік - әзірлеудің бар болуы, кәсіби білімдер, шеберлік және тәжірибе (EN473-92 ). Уәкілетті орган - емтихандарға әзірлікті өткізуге және ем- тиханды жүзеге асыруға және (EN473-92 ) тұлғаның біліктілік деңгейін анықтауға құзырлы тәуелсіз орган. Емтихан орталығы - (EN473-92 ) мамандыққа қатысты емтихандар жүргізілетін заңдастырылған уәкілетті орган немесе басқа сертификаттау жөніндегі тәуелсіз орган бекіткен орталық. Емтихан алушы - тәуелсіз сертификаттау жөніндегі орган- ның өткізген әдісі бойынша емтихан жүргізуші, емтихан ба- қылаушы, НК (EN473-92 ) бойынша біліктілік деңгейін анық- таушы, біліктіліктің 3-ші деңгейінің маманы. Сарапшы - тұлғаны сертификаттау саласында белгілі бір жұмыстар түрлерін өткізуі үшін сертификаттау жөніндегі орган құзыретті деп таныған тұлға. Қол қоюға құқылы тұлға - сертификаттау (ИСО/МЭК2) құжаттарына қол қоюы үшін аккредиттеу бойынша орган құзыретті деп таныған тұлға. Кандидат - сертификаттау (ИСО9172-92, EN473-92) бойынша органнан біліктілік сертификатын алуға ұмтылушы тұлға. Сапа жүйесі - сапа басшылығын жүзеге асыруға міндетті ұйымдық құрылым, әдістер, үдерістер мен қорлар жиынтығы. Үйымдык құрылым - қызметкерлер (ИСО9000) арасындағы өкілеттіктер, қарым-қатынас және жауапкершілікті үлестіру. Мамандыққа қатысты емтихан - тәуелсіз сертификаттау жөніндегі органмен немесе уәкілетті органмен жүргізілетін жә- не кандидаттың ортақ, арнайы және нақты білімдерін көрсететін емтихан. Өндірістік сектор - арнайы білімді, құрал шеберлігін, өнімді бақылауға дайындықты талап ететін, арнайы техникалық құралдар қолданылатын өндірістің немесе технологияның нақты бір саласы. Бұзбайтын бақылау облысында тұлғаны сертификаттау жү- йесінің мақсаты Жүйенің басты мақсаты НК-ны жүргізуші тұлға біліктілігі- нің баға сәйкестігі арқылы тексерілетін өнімнің күйі туралы нақты ақпаратты алу шартын қамтамасыз ету болып табылады. Жүйе қызметінің түрлері келесідей:
НК саласында тұлғаны сертификаттау;
уәкілетті органмен бекіту;
емтихандық орталықтарды бекіту;
сертификатталған тұлғаны инспекциялық бақылау.
Жүйенің негізгі ережелері үш деңгей бойынша НК саласында тұлға сертификаттауын қарастырады және еркін сипаттамаға ие. Біліктілігі І деңгейдегі мамандар білуі тиіс:
анықтауға тиіс ақаулар түрін, және бақылаудың нақты нысандарындағы олардың ықтимал болу аймақтарын;
НБ-дың қағидалары мен тәсілдері туралы негізгі мәлімет- терді;
жұмыс қағидалары, маман жұмыс істейтін басқару органдары мен құрылғыны реттеу ретін;
әдістеменің негізгі жағдайлары (іс-шара) мен бақылау бойынша нормативтің құжаттар, сонымен қатар, ақаулардың дәлдігін анықтауға және оны арттыруға эсер ететін тәсілдерді;
Бақылаудың нәтижелерін рәсімдеу реті;
еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника ережесін.
Олар істей алуы тиіс:
нысанды бақылауға дайындауды және құрылғыны норматив™ құжаттарға сәйкес реттеуді;
бақылау бойынша барлық операцияларды орындауды;
нысанда бақылау мен сәйкес құжаттамада ақау аймағын белгілеуді.
Бірінші деңгейдегі мамандар қорытынды бере алмайды. Бірінші топтағы мамандарға келесі талаптар қойылады: орта білім және арнайы дайындық курстарынан өту. Біліктілігі ІІ деңгейдегі мамандар білуі тиіс:
конструиктівтік ерекшеліктер, дайындаудың технологиясы, бақылау нысанының тасымалдануы мен жөнделуі, ақаулардың түрлері, олардың мүмкін болатын қауіптілігі және әрекет етіп тұрған жүктемелерді ескергендегі мүмкін аймақтарды;
бұзбайтын бақылаудың әдістерінің физикалық негіздерін;
бақылаудың арнайы әдісі үшін құрылғының құрылымы мен жұмыс істеу сұлбасының қағидаларын;
бақылаудың нәтижесінің дәлдігін анықтайтын құрылғы мен әдістің негізгі өлшемдерін және оларды өлшеу мен метрологиялық қамтамасыз етуді;
өлшенетін мінездемелер мен анықталған ақаулардың си- патын;
берілген әдістеме бойынша нақты нысандарды бақылау технологиясы (нысанды дайындауды, негізгі өлшемдерді таңдауды, құрылғыны реттеуді, бақылау жүргізуді);
бақылау нәтижелерін рәсімдеу реті мен құжаттаманы сақ- тауды;
стандарттар және берілген әдіспен нысанның нақты түрін бақылау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды;
еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника ережесін;
берілген түрдегі нысандарды бақылаудың басқа да әдістерін;
нақты нысандарды бақылау кезінде телімдер мен жұмыс орындарын ұйымдастыру ретін;
дефектоскопиялық құрылғының негізгі ақаулары мен олар- дың өндіріс шарттарында бақылау жүргізілетін мүмкін жою жолдарын.
Олар істей алуы тиіс:
құрылғының жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру мен оны қажетті өлшемдерге параметрлерге реттей алу;
анықталған түрдегі нысандардың нақты әдістермен бақылау бойынша операцияларды басқару және олардың нәтижелерін түсіндіріп беру;
сапаны бағалау және бақыланған нысанның сапасы жайлы қорытынды беру;
бақылаудың нәтижесін рәсімдеу және сәйкес қорытынды беру;
нормативтік және техникалық құжаттарға сәйкес, нақты бұйымдарды бақылаудың технологиялық карталарын жасап шығару;
инспекциялық бақылау қажет кездегі біліктілігі I деңгейдегі мамандар тексерген нысандардың сапасы туралы қорытынды беру.
Біліктілігі II деңгейдегі мамандарға қойылатын талаптар келесідей: орта, орта техникалық және жоғары білімді, соны- мен қатар, арнайы курстардан өткен. Олар аттестациялық комиссияға қатыса алады, инспекциялық бақылау жүргізе алады, нысандарды таңбалай және маркілей алады, сонымен қатар, басқарушы құжаттарды әзірлей алады. Біліктілігі III деңгейдегі мамандар білуі тиіс:
бұзбайтын бақылаудың негізгі сұрақтары;
конструиктівтік ерекшеліктер, дайындаудың технологиясы, бақылау нысанының тасымалдануы мен жөнделуі, ақаулардың түрлері, олардың мүмкін болатын қауіптілігі және әрекет етіп тұрған жүктемелер мен басқа факторларды ескергендегі мүмкін аймақтар;
бақылау тәсілдерінің физикалық негіздері;
анықталған түрдегі нысандарды тексеру үшін қолданатын бақылау жүйесі;
құрылым қағидалары, жұмыс істеу сұлбалары және бақы- лаудың берілген әдісі үшін құрылғыны тасымалдау ережесі;
бақылаудың нәтижесінің дәлдігін анықтайтын әдіс пен құрылғының негізгі өлшемдері, оларды есептеу тәсілдері және номиналды мәндерден ауытқуға рұқсатнамалар;
бақылау кезінде кедергі жасайтын факторлардан арылу әдіс- тері және бақылаудың нәтижесін бағалау үшін қажет ақпаратты анықтау және көрсету әдістері;
бақылаудың нақты әдісіне арналған метрологиялық қам- тамасыз ету;
ақауларды дәрежеге және түрлерге бөлу үшін өлшенетін мінездемелер мен ұқсастыру белгілер;
берілген әдіс бойынша әртүрлі өнімнің бақылау техно- логиясын;
нысандарды бақылау үшін нормативтік және техникалық құжаттарды әзірлеу реті;
бақылау нәтижелерін рәсімдеу және құжаттарды сақтау реті;
еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника ережесі;
бақылаудың берілген әдісі мен зиянды экологиялық факторлар және олардың қоршаған орта мен адамға әрекетінің алдын алу әдістері;
НБ бөліну жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау қағи- далары;
берілген НБ түрінің қазіргі жағдайы мен даму болашақтары.
Біліктілігі ІІІ деңгейдегі мамандар істей алуы тиіс:
құрылғының жұмыс қабілетін тексеру және оған берілген өлшемдерді реттей білу;
бақылау операцияларын орындау және бақылау нәтижелерін түсіндіру;
бір немесе бірнеше әдіс бойынша бақылаудың нәтижелерімен сапаны бағалау және бақыланған нысанның сапасы туралы қорытынды беру;
бақылаудың нәтижесін рәсімдеу және сәйкес қорытынды беру;
нақты нысандардың жасалуы, тасымалдануы және жөнделуі кезінде НБ-дың тиімді әдістері мен жүйелерін таңдау;
нормативтік және техникалық құжаттарға сәйкес, нақты бұйымдарды бақылаудың технологиялық карталарын жасап шығару;
инспекциялық бақылау қажет кездегі біліктілігі I және ІІ деңгейдегі мамандар тексерген нысандардың сапасы туралы қорытынды беру.
ІІІ деңгейдегі мамандар І және ІІ деңгейдегі мамандарды басқарады, әдістемелік және ғылыми еңбектері бар, НБ әдістемесін әзірлейді, аттестациялық комиссияға қатыса алады, инспекциялық бақылау жүргізе алады. Біліктілігі Ш деңгейдегі мамандарға қойылатын талаптар келесідей: арнайы жоғары білімді және жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес. Тігінен НБ мамандарын сертификаттау және аттестаттау жүйесі келесі түрде болады: ҚР Техникалық реттеу және метрология комитеті 4 Ұлттық аттестациялық орталығы (ҰАО) Аттестациалық бекеттер (АБ) Бұзбайтын бақылау саласындағы қызметкерді сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымы 6-суретте келтірілген. Сертификаттау жүйесін бақылауды сертификаттау бойынша ұлттық орган (ҚР Техникалық реттеу және метрология комитеті) жүзеге асырады. НБ саласында қызметкерді сертификаттау сертификаттау бойынша жетекші органмен және уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Жетекші орган жалпы шұғыл басшылықты жүзеге асырады және жүйенің тізімін басқарады. Оның атқарушы органы, жоғары біліктіліктегі қызметкер бюросы, ақпараттық қызмет көрсету бюросы, тізім және ғылыми-әдістемелік комитеті бар. Баскаруты кеңес жүйеге ғылыми және әдістемелік бас- шылықты және жүйе қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Ол ҚР-ның техникалық метрология және метрология комитетінің өкілдері, өндіріс секторлары мен сертификат беруге жауапкер- шілік артатын бұзбайтын бақылаудың Қазақстан қоғамының арнайы бақылауының органы. Уәкілетті орган Сертификаттаудың практикалық іс-шарала- рын жүргізу жөніндегі қызметтерді орындауды қамтамасыз етеді және сертификат беруге жауапты. Емтихандық орталықтар бұзбайтын бақылаудың барлық түрі бойынша емтихандарды ұйымдастырады және өткізеді. Қызметкерді аттестаттау үшін керек құжаттар:
білімі туралы дипломның көшірмесі;
арнайы дайындық туралы анықтама;
жұмыс тәжірибесі туралы анықтама;
медициналық анықтама;
емтихандарды тапсырғаны туралы хаттама(теориялық, практикалық, арнайы).
11-сурет. НБ саласында қызметкерді сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымы
Одан басқа қызметкер этикасының нормаларын бағдарлау есепке алынады. НБ бойынша сертификаты бар әрбір маман қызметі адам мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу қамын ойлауы тиіс. Білім мен практикалық тәжірибе техникалық норма мен ережелерге сай қолдануы қажет. Ол сертификат алған деңгейіне сай жауапкершілік алуға тиіс. Сертификаттаудың негізгі ережелері келесі құжаттарда көрсетілуі тиіс:
ПНК.02 «НБ саласында қызметкерді сертификаттау жүйесі. Қызметкерді сертификаттауды өткізу реті».
ПНК.03 «НБ саласында қызметкерді сертификаттау жүйесі. Уәкілетті органның бекіту реті».
ПНК.04 «НБ саласында қызметкерді сертификаттау жүйесі. Қызметкер мен уәкілетті органды сертификаттау жөніндегі орталық органның жағдайы».