метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатымен дайындау сатыларындағы өлшеу жағдайына және өндірістегі барлық өнім түрлелерін талдау жүргізу жұмыстары мен қызметтері;
сапа жүйелері мен қызметтерін және өнімнің сертификат- талуын дайындауға қатысу;
тағайындалған міндеттемелерге сәйкес технологиялық қондырғыларды тексеру үшін жаңа өнім түрлерін және технологиялық үдерістерді дайындауға қатысу;
физикалық және заңды тұлғалардың, мемлекеттік бас- қару органдарының дайындау мен шығаруға деген қызы- ғушылықтарын, метрологиялық қамтамасыз ету үшін дайын- далатын және шығарылып жатқан өлшеу құралдарын, тексеру құралдары мен шамалардың бірлік эталондарын жасауға қатысу;
метрологиялық қызмет пен оның іс-әрекеттерінің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есепке алу;
метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы жұмыстардың экономикалық тиімділігін бағалау;
өлшеу құрылғыларын сынақ жасауға уақытылы таныстыру мақсатымен өлшеу құрылғыларыньщ түрлерін белгілеу;
метрологиялық аттестацияға, тексеріске және калибрлеу үшін өлшеу құрылғыларын уақытылы таныстыру;
пайдаланудағы өлшеу құралдарының жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
нормативті және техникалық құжатқа сай міндеттемелерге сәйкес өлшеу құрылғыларыньщ пайдаланылу жағдайын қам- тамасыз ету жұмыстарын жүргізу;
шамалардың бірлік эталондарын, өлшеу құрылғыларын есепке алуға кіріспе, өлшеу құрылғыларының қолдану жағдайын жасау, осы құрылғылардың тексеріс пен калибрлеу кестелерін келістіру мен мұқият сақтау, тағайындалған міндеттемелерге сәйкес келмейтін құрылғыларды уақытылы алып тастау;
стандартты үлгілердің құрамы, заттар мен материалдардың қасиетіне байланысты дайындау және ұйымдастыру;
метрологиялық қамтамасыз етудің регламенттеуші сұ- рақтары бар нормативті құжаттарды дайындау мен енгізу, өлшеудің біртұтастығын қамтамасыз ететін саланың нормативті базасының жетілдіру жұмыстарына қатысу;
өнімнің сапалық көрсеткіштерін бақылау кезіндегі өлшеудің тиімді дәлдік нормасын, өлшенетін өлшемдердің пайдалы номен- клатурасын тағайындауға қатысу;
өлшеу үдерістерінің автоматтандыру жұмыстарын жүргізу;
метрологиялық бақылауды жүргізу;
уәкілетті орган мен осы мекемеге қарасты бөлімшелер арасындағы біртұтастық өлшемдерін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өзара байланыс орнату, мемлекеттік бақылау уәкілетті органдарына мемлекеттік метрологиялық бақылау жасауға аумақтың бөлімшелердің көмек көрсетуі;
мемлекеттік метрологиялық бақылау кезінде анықталған ескертпелерді жою кіреді.
Мемлекеттік метрологиялық қызмет: стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органнан және оның аумақтық бөлімшелерінен;
шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау- ды, жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз етуді, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуді, шама бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды, шама бірліктерінің эталондарын және жоғары дәлдікті өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүргізетін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан тұрады.