Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган- ды және оның аумақтық бөлімшелерін, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерін қамтиды.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Уақыт пен жиілік мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз етуді және Жердің айналу өлшемдерін анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды.
Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін әзірлеуге және ендіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамала- ры мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректерді әзірлеуге және ендіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері де бар: Мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін метрологиялық қызметтер құрады.
Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен келісілген нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау
Метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органда- рының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет- терін метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тек- серу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау - техникалық рет- теу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орын- дау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі қызмет болып табылады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды осы Заңның, өл- шем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республи- касының басқа да норматив™ құқықтық актiлерiнiң, халықара- лық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау нысандарына: шама бірліктерінің эталондары;