35-сурет. Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі
Өлшеу құралдарын калибрлеу - мемлекеттік метрология- лық бақылауға жатпайтын өлшеу құралдарының жарамдылығы және (немесе) метрологиялық сипаттамаларының дұрыстығын анықтау үшін осы өлшеу құралымен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған сәйкес шама мәнінің қатынасын белгілейтін жұмыстар жиынтығы. Өлшеу құралдарын калибрлеуді аккредиттелген заңды тұл- ғалардың метрологиялық қызметтері өткізуге құқылы. Аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады. Калибрлеу зертханасында заңды тұлғаның мәртебесі болуы керек және келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
өлшеу құралдарының калибрлеуде дербес шешім қабылдауға тиісті құқығы болуы;
тиісті міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін метрологиялық қызметтің болуы;
калибрлеу шарттарына сәйкес келетін жұмыс орнының болуы;
өлшеу құралдарын калибрлеу үшін қажетті тиісті техника- лық базаның болуы;
калибрлеуді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін регла- менттейтін нормативтік құжаттардың болуы;
калибрлеу жұмыстарының құжатталған сапа жүйесінің болуы.
Калибрлеу құқығына аккредиттеу үшін Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті органға мына- дай құжаттар ұсынылады: тиісті формадағы өтініш, аккредиттеу саласы, калибрлеу зертханасы туралы Ереженің көшір- месі, сапа бойынша басшылық, заңды тұлғаның метрологиялық қызметінің тәуелсіз сараптамалық бағалауының актісі. Құжаттарды қарастырудан кейін уәкілетті орган шешім қа- былдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда:
аккредиттеу аттестаты дайындалады;
аккредиттеу саласына бекітіледі;
калибрлеузертханасын реестрге тіркейді.
Калибрлеу зертханасында өлшеу құралдарының калибрлеуді кәсіби дайындығы мен біліктілігі бар, сәйкес курстарды бітіргендігін куәландыратын құжаттары бар тұлғалар жүргізеді. Калибрлеу метрологиялық қызметтер әзірлеген калибрлеу әдістемелерін қолдана отырып жүргізіледі. Қолданатын әдістемелер міндетті түрде тапсырыс берушімен келісілуі керек. Өлшеу құралдарын кабирлеулер арасындағы интервалды өлшеу құралдарын қолданушы белгілейді. Өлшеу құралдарын өндірістен, жөндеуден кейінгі калибрлеу мерзімін калибрлеу зертханасы белгілейді. Калибрлеу нәтижелері бойынша хаттамада жазылады. Егер өлшеу құралы калибрлеулер нәтижелері бойынша ол қолдануға жарамды болып танылса, онда оған калибрлеу таңбасы қойылады немесе калибрлеу туралы сертификат беріледі. Калибрлеу нәтижесінде өлшеу құралдарының жарамсыздығы анықталса, тапсырыс берушіге калибрлеу зертханасының басщылығы мен орындаушы қол қойған калибрлеу хаттамасы міндетті түрде беріледі. Калибрлеу белгілерінде мынадай ақпарат болады:
Қызметтердің территориялық орналасуы туралы, облыстар- дың кодтары ҚР аумағының классификаторына сәйкес бекітіледі;
Калибрлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе метро- логиялық қызмет туралы;
калибровка күні туралы;
калибрлеу белгісін қолданатын калибрлеушілер туралы, егер олар бірнешеу болса.
Заңды тұлғалар калибрлеу белгісін жасауды өз еркінше жүр- гізеді. Қолдану мерзімі өткеннен соң калибрлеу белгілерді жойылады. Эталондар және стандарттық үлгілер
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін бекітілген шама бірлігін дәл жаңғырту, сақтау және шаруашылықтың түрлі салаларында қолданыстағы өлшеу құралдарына олардың өлшемін дәл беру қажет. Бірліктердің өлшемдері эталондар көмегімен жаң- ғыртылады, сақталады және өлшеу құралдарына беріледі. Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары құрады, олардың құрылуын және сақталып, ұсталуын мемлекет жүзеге асырады. Шама бірліктерінің эталондары шама бірліктерін (шама бірліктерінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған және мөлшерін Қазақстан Респуб- ликасының аумағындағы осы шаманың басқа өлшем құралда- рына беру мақсатында негізгі эталондар ретінде пайдаланылады. Шама бірліктерінің эталондарын мемлекеттік метрология- лық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұл- ғалардың метрологиялық қызметтері қолданады. Эталондар мынадай белгілер бойынша жіктеледі:
қолдану орны бойынша;
пайдалану сипаты бойынша;
дәлдігі бойынша;
метрологиялық мақсаты бойынша;
конструктивті орындалуы бойынша;
бекіту деңгейі бойынша.
36-сурет. рН шкаласының мемлекеттік эталоны
Эталондардың классификациясы 37-суретте көрсетілген. Шама бірліктерінің эталондары. Эталондар
классификациясы
Ттиесілігінекарай бойынша эталондар: халықаралық, мем- лекетаралық, және ұлттық эталондар болып бөлінеді. Халықаралықэталон- ұлттық эталондардың бірліктерінің өлшемі бойынша беттестірудің (салыстыру) халықаралық негізі ретінде халықаралық келісім бойынша қабылданған эталон. Халықаралық эталондарды Халықаралық өлшем мен салмақ бюросы (ХӨСБ) сақтайды және ұстайды. ХӨСБ-ның ең маңызды мәндеті түрлі елдердің ірі метро- логиялық зертханаларының ұлттық эталондарын халықаралық эталондармен, сонымен қатар өзара беттестіру. Бұл халықаралық экономикалық байланыстарда айқындықты, дәлдікті және өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін қажет. Беттестіруге СИ жүйесінің негізгі шамаларының этолондары, сонымен қатар туынды шама эталондары да жатады. Беттестіру мерзімдері белгіленген. Мысалы, метр мен килограмм этолондары әрбір 25 жылда, ал электрлік және жарық эталондары 3 жылда бір рет беттестіріледі. Мемлекетаралықэталон— ТМД мүше мемлекеттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратындай дәлдікпен физикалық шама бірлігінің сақталуы және жаңғыртылуын қамтамасыз ететін, белгіленген тәртіппен бекітілген ТМД мемлекетаралық эталоны. Ол бірлік өлшемдерін ТМД елдеріне беру үшін қолданылады. Мемлекетаралық эталондарды Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық Кеңес бекітеді. Шама бірліктерінің мемлекетаралық эталондары Ресейде сақталады. Ресейдегі эталон базасының негізін мемлекетаралық алғашқы эталондар құрайды: метр, килограмм, секунд, ампер, кельвин және кандела сияқты негізгі физикалық шамалардың бірліктері. Мемлекетаралық ұзындық бірлігінің алғашқы эталоны метрД. И. Менделеев атындағы Санкт-Петербург қаласындағы метрология бойынша Жалпыресейлік ғылыми институтта жасал- ған және сақталады. Масса бірлігінің мемлекетаралық эталоны килограмм- халықаралық килограмм эталонның №12 көшірмесі, ол платина- иридий қорытпадан жасалған. Эталон қателігі 2*10-9 аспайтын беттестірулерді (сличение) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Масса бірлігінің эталоны да Д. И. Менделеев атындагы инсти- тутта орналасқан. Уақыт бірлігінің мемлекетаралық эталоны Жалпыресейлік ғылыми зерттеу физика-техникалық және радиотехникалық өлшеулер институтында орналасқан. Уақыт бірлігін жаңғырту қателігі 5 • 10-14. Тоқ күші бірлігінің мемлекетаралық эталоны ампертұрақты электр кернеуі бірлігінің эталоны вольтжәне электр кедергісі бірлігінің эталоны оммен бірге бірлікті кешенді түрде жаңғыртады. Олар Джозефсон мен Холл кванттық эффектілерін қолдануға негізделген. Амперді жаңғырту қателігі өлшеу диапозонына байланысты 5-10-2дан 2-10-7дейін болады. Бұл эталондар Д. И. Менделеев атындағы институтта сақталады. Ұлттықэталон- мемлекет үшін бастапқы эталон ретінде ресми түрде қабылданған эталон. Эталондар багыныштылыгынабайланысты алғашқы, екінші және жұмыстық эталондар болып бөлінеді. Алғашқыэталондарбірлікті жаңғыртады және (немесе) сақтайды, осы салада қол жеткізілген ең жоғарғы дәлдікпен олардың өлшемдерін береді. Алғашқы эталондар бірлікті жаңғырту шартына байланысты арнайы алғашқы эталондар болып бөлінеді. Арнайы эталондар бірлік өлшемін алғашқы эталоннан қажетті дәлдікпен тікелей беруге мүмкіндік болмайтын жағдайларда бірліктерді жаңғыртады (жоғары және өте жоғары жиіліктер, кіші және үлкен энергиялар, қысым мен температура, заттардың ерекше күйлері және т.б.). Алғашқы және арнайы эталондар мемлекет үшін бастапқы болып табылады және оларды мемлекеттік эталондарретінде бекітеді. Екінші эталондарды мынадай жағдайларда жасайды:
Бастапқы эталонды алдын ала тозудан сақтау үшін;
Салыстырып-тексеру жұмыстарын қолайлы ұтымды ұйым- дастыру үшін;
Эталондардың беттестірілуін қамтамасыз ету үшін;
Бастапқы эталон жаңғыртатын бірліктің өзгермеуін бақылау үшін;
Қайталама эталондарына салыстыру эталондарын және кө- шірме эталондарды жатқызуға болады. Салыстыруэталондары белгілі бір себептермен бір бірімен тікелей беттестіруге болмайтын эталондарды өзара беттестіруге арналған. Көшірме эталондар бірлік өлшемін жұмыстық эталондарға беру үшін арналған. Жұмыстық эталондар дәрежелерге бөлінеді және басқа бағынышты эталондарға өлшем бірлігін беру үшін және жұмыс- тық өлшеу құралдарын салыстырып тексеру үшін арналған. Қазақстан Республикасының эталондық базасы өлшемнің әр түрлі салаларында жұмыс істейтін эталондардың жиынтығын білдіретін ел экономикасын метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің маңызды орталығы болып табылады. Сондықтан да ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі бағыты республиканың өлшеу мүмкіндіктерін немесе өлшеу деңгейін анықтайтын болғандықтан эталондық базаны дайындау және жетілдіру болып табылады. Ұлттық эталондар саны және түрлілігі елдегі өндіріс дамуы- ның жағдайын көрсетеді, мысалы, Оңтүстік Кореяда шамамен 80, Ресейде 120, Германияда 150 ұлттық эталондар, ҚР эталон және эталондық құрылғылардың 101 данасы қолданылады. Заманауи эталондық базаның болуы ғылыми техникалық ынтымақтастық және сауда операциялары бойынша шетелдік әріптестердің елімізге деген сенімін жоғарылатады. Дамыған өндірістік әлем елдерімен тауар айырбастау жүргізуге және ҚР- дың халықаралық жүйеге интегрциялануына мүмкіндік береді. Өлшем бірлігін қамтамасыз етуде экономика салаларында қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған ҚР шама бірліктерінің эталондық базасын дайындау және жетілдіру үшін ҚР Үкіметі ұлттық эталондық базаны дамыту бағдарламаларын қабылдады, соған сәйкес келесі мемлекеттік эталондар да- йындалды және дамытылды: масса эталоны, ұзындық эталоны, рН шкаласының эталоны, меншіктік электр кедергісінің эталоны, қалыңдық эталоны, тұтқырлық эталоны, аэродисперстік орта- дағы бөліктер концентрациясының массалық бірлігі және ұнтақ тәріздес материалдардың, аэрозольдер өлшемдерінің дисперстік эталоны, Холл кванттық эффектісінің негізіндегі электрлік ке- дергі эталоны, жылу өткізгіштік эталоны, жарық күшінің эталоны, түс координатының эталоны. Әлемдік масштабта өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақса- тында әр елдің ұлттық эталондарын өзара салыстырады. Халықаралық салыстыруларға қатысу республикамызда алы- натын өлшеулер нәтижесіне іскерлік әріптестер мен шетел мемлекеттерінің санімділігін нығайтуға негіз болады, салыс- тырулар нәтижелері Халықаралық өлшем мен салмақ бюросының (ХӨСБ) мәліметтер базасында тіркеледі. ҚР өлшеу және калибрлеу мүмкіндіктері бойынша алғаш рет салыстырып тексеру нәтижелері 2010 жылы ХӨСБ сайтында (www.bipm.org) қаттылықты өлшеу саласында жарияланды. Эталон бірлікті жаңғыртуға және (немесе) сақтауға, салыстырып тексеру сұлбасында төменірек тұрған басқа өлшеу құралдарына бірлік өлшемін беруге арналған, белгіленген тәртіппен эталон ретінде бекітілген өлшеу құралы (немесе өлшеу құралдарының кешені) болып табылады. Физикалық шама бірлігін жаңғырту дегеніміз мемлекеттік бастапқы эталонның көмегімен физикалық шама бірлігінің материлизациялау бойынша операциялардың жиынтығы. Эталон “тұрақтылық, жаңғыртылу және беттестірілу” қа- сиеттеріне ие болу керек. Эталондардың бағыныштылығын сұлба ретінде көрсетуге болады (38-сурет).