Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді. Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлеріментаныстырады.
Сабақтың ортасы (31 мин.)
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін). (МК, Ұ Оқулықпен жұмыс. «Мағынаны тану» әдісі Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін, оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, практикалық тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс істеп, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.