Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет84/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

«Басбармақ» әдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым керек?





32-сабақ. «Билейтін робот» программасы

Бөлімі

VI бөлім. Роботтехника: «Билейтін робот» жобасы (ортақ тақырыптар: «Қоршаған орта», «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Билейтін робот» программасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

        1. тармақталған алгоритмді жүзеге асыру;

        2. ауызша алдын ала белгіленген алгоритмді іске асыру;

        1. ауызша нысанда көрсетілген алгоритм бойынша робот қозғалысын ұйымдастыру;

        2. программаны бастау үшін, жанап өтетін датчикті қолдану;

        3. роботқа арналған аудиофайлды жүктеу;

        4. . роботқа арналған программаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:
Билейтін роботқа арналған программа құруды үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
I. Қызығушылықты ояту
«Пальма, піл, қолтырауын» ойыны
Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы ойыншы пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді бейнелеп көрсетуі тиіс. «Піл» десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын, қалған екеуі құлақтарын; «қолтырауын» десе, ортадағы ойыншы қолтырауынның аузын, екеуі жотасын көрсетуі тиіс. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру

Пазлдар әдісі
Мақсаты: командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету.
Ресурстар: кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті ашықхатты бірнеше бөліктерге бөлуге де болады).
Ойын барысы: Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат - бөліктерді жылдам жинау.
Жаттығудың психологиялық мәні: қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.
Талдау: Командада тапсырманы орындау қалай жүзеге асырылды? Неліктен?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет