3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:
«Компьютер». Компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған пернелер.
Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «ыстық» пернелерді пайдалану.
Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау;
«Ақпаратты ұсыну мен өңдеу». Мәтіндер: мәтінді теру ережелері; маркіленген әрі нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу;
Таныстырылымдар: презентация конструкторы, программа мәзірі, презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны.
Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);
«Интернет желісіндегі жұмыс». Ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін іздеу.
Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары, жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.
«Есептей білу».
Алгоритмдер: цикл, циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалары жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністер және кейіпкерлермен жұмыс істеу.
«Роботтехника»: орташа мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.
Оқу мақсаттарының жүйесі
Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар - бөлім мен бөлімше, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 3.1.2.1 кодында: «3»- сынып, «1.2- бөлімше, «1»-оқу мақсатының нөмірленуі.
Оқыту мақсатының жүйесі әр сыныпқа бөлім бойынша берілген:
Достарыңызбен бөлісу: |