Р. Б. Доскалиева


Психоанализде жүйелілік принципі



Pdf көрінісі
бет17/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Психоанализде жүйелілік принципі адамның санасы мен 
санадан тыс құбылыс тұлға құрылымының тұтастығын басқару 
қызметімен 
үйлестіріледі, 
бірігіп 
жұмыс 
істейтіндігін 
қарастырады («мен» және «мендер»концепциясы). Келесі бір 
жағынан қарасақ, И.М.Сеченов концепциясының да маңызы өте 
зор болды. Психикалық әрекеттің рефлекторлық принципін 
И.М.Сеченов адамның барлық әрекеттері мен қылықтары сыртқы 
әсерлер салдарынан болатын детерминациялану барысында 
түсіндіріп, психология ғылымында маңызды қорытынды жасауға 
мүмкіндік берді. И.М. Сеченов әдіснамалық жұмысында 
психиканың рефлекторлық және әрекеттің психикалық реттелуі 
идеясын ұсына отырып, жүйелі психикалық талдау жасады.
И.П. Павлов И.М. Сеченовтың психикалық әрекетті мидың 
рефлекторлық қызметі деген теориясының дұрыстығын 
дәлелдеп, ілімін жалғастырып, негізгі физиологиялық заңдарын 
ашты.Ғылымның жаңа саласын –шартты рефлекстер туралы 
ілімді, жоғарғы жүйке әрекетінің физиологиялық жүйесін 
қалыптастырды. Сонымен, бұл ХХ ғасырда жүйелік түсініктер 
мен әлемді жүйелі түсіну маңызды ерекшеліктердің бірі болды. 
Мінез-құлықты мақсатты басқарудың жаңа түсініктері –
биологиялық, экономикалық немесе т.б. тұтас бірлікте 
қарастырылуда. 
Тұтастық 
Петровский 
мен 
Ярошевский 


30 
еңбектерінде жүйелілік ұстанымының бастапқы ерекшелігі деп 
есептелінеді. Бұл түсінік жеке теориялар жүйесінде әр түрлі 
көрініс тапты. Жүйе түсінігі психологиялық теориялар принципі 
ғана емес, ол арнайы психологиялық жүйелерді қамтитын түсінік. 
Психологиялық жүйе туралы түсініктердің дамуына 
Л.С.Выготский мектебінің еңбегі жоғары болды. Оның ілімі 
детерминизм принципін жүзеге асырудағы басты кезең тарихи-
мәдени концепцияны жасаумен байланысты. Бұл концепцияның 
мәні мынада: психикалық процестердің табиғи ерекшелігі 
адамның онтогенетикалық дамуы барысында тарихи қоғамдық 
факторлардың ықпалынан, адамның басқа адамдармен қарым-
қатынас жасау барысында өзгеріп дамып отырады. Қоршаған 
ортамен қарым-қатынасында сыртқы дүниені қабылдайтын және 
оған қарсы тұратын саналы жай адам ғана емес, сонымен қатар, 
объективтік шындықты белсенді қабылдайтын және оны өзгерте 
алатын әрекетке бейім адам болатыны туралы идея детерминизм 
ұстанымын жүзеге асырудағы екінші кезең болды. Сондай-ақ, 
баланың дамуы мен өсіп-жетілуі, кәмелетке толып, азаматтық 
қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де үнемі дамып 
отырған тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты. 
Келесі жүйенің бірі Т.П. Щедровицкийдің әдіснамалық 
мектебінің пәндік мақсаты жүйелі-іс-әрекеттік объекті болды. 
В.А.Барабанщиков 
С.Л.Рубинштейн 
мен 
Б.Ф.Ломов 
тұжырымдамаларының өзара байланыстылығын талдай отырып, 
негізгі 
жүйені 
тұжырым 
деп 
есептейді. 
Себебі 
С.Л.Рубинштейннің 
жүйелік 
ұстанымының 
негізі–
философиялық-психологиялық 
тұрғыдан 
қарастырылатын 
тұжырымдамалар. Ол идеялар–адам тұрмысының жартылай 
жүйелігі, оның санасы мен қасиеті, ал үшіншісі –психиканың 
бейнелеуі мен субъект іс-әрекетінің бірлігі. Бұл жағдайда 
детерминизм принципі бірінші кезекте тұрады. Детерминизм 
принципі психологияның теориясы мен тәжірибесінде тағы бір 
мәселені – психикалық дамуды, оқытуды және тәрбиелеуді 
жүзеге асырады. Психикалық дамудың қозғаушы күштерін 
сипаттау үшін, детерминизмді кезекпен пайдалану үрдісі кезінде 
тікелей психика дамуындағы биологиялық пен әлеуметтіктің, 
ішкі заңдылықтар мен сыртқы әсерлердің, даму мен оқытудың 
арақатынасы және т.б. қарастырылады. Бұл байланыс типтері 
мынандай ұғымдармен беріледі: «фактор», «жағдай», «негіз», 


31 
«жанама» және т.б.Принциптерді қарастыра отырып, психология 
тарихындағы түрлі білім мен заңдарды, психологиялық 
теориялардағы ұғым, түсініктердің өзгерісі мен дамуын 
мынандай үш деңгейге топтастырады: 
1. Ғылымға кіріспелік деңгей –ертедегі ғалыми көзқарастар 
аспектісі; тарихи кезеңдердегі жағдайлар байланысы мен 
философиялық, көзқарастарды қамтиды. 
2. Объектіні зерттеудегі тарихи деңгей- тұлғаны зерттеу. 
Бұл деңгейде тұлға теориясының батыс психологиясында дамуы; 
тарихи өзгерістердің психологиялық пікірталастарға әсері. 
3. Тұлғаның ішкі ұйымдастыру деңгейі. Бұл деңгейде тұлғаның 
индивидуалдық даму тарихының барысы қарастырылады. 
Психологиялық диагностиканың әдіснамалық негізі осы 
қарастырылған 
психологиялық 
тұжырымдамалар 
мен 
теориялардан бастау алып, зерттеу әдістері дамыған. 
1960-1970 жж. аралығында жаратылыстану ғылымдарында 
қалыптасқан күрделі объектілерді оқытудың әдіснамалық 
принципінің жүйелі ықпалы ғылым мен практиканың әртүрлі 
саласында өз нәтижесін дәлелдеді. Психодиагностикада да білім, 
басқару, 
кәсіби 
іріктеу, 
психологиялық 
кеңес 
беру, 
психологиялық түзету міндеттерімен тығыз байланыста дамыды. 
Басқа 
да 
кәсіби 
қызметтер 
секілді, 
психологиялық 
диагностиканың да интегративті, тұтастық сипаты бар. 
Психодиагностиканың 
осындай 
сипаты 
тұлғаның 
жеке 
психологиялық көріністерінде әртүрлі өмір жағдайлары мен 
қызмет барысында тұлғаны толық зерттеуге мүмкіндік береді 
және адам психикасының жүйелі сипатына сәйкес келеді. Осыдан 
адам 
психикасын 
жүйелі 
зерттеуге 
бағытталған 
психодиагностика ең күрделі қызмет болып саналады, сонымен 
қатар, жүйелі ықпалдың принциптері негізінде жалпы талдау,
адекватты сипаттау жүзеге асырылады. Психодиагностиканың 
әдіснамалық талдауының өзектілігі ғылыми-практикалық салада 
маңызды эмпирикалық мәселеге айналып, зерттеу анағұрлым 
қарқынды сипатқа ие болады. 
Психологиядағы жүйелік ықпал ұзақ уақыт тұлғаны дәстүрлі 
тұтас зерттеуге негізделген тәжірибені, психологтардың кәсіби 
қызметтерінің ең маңызды түрі - психодиагностиканы қазіргі өмір 
жағдайында өзекті мәселелердің біріне айналдырды. Осы салада 
теория мен тәжірибенің жинақталуы және психодиагностиканың 


32 
даму динамикасы, оның құрылымындағы жеке элементтердің 
өзара әрекетін тұтас, жүйелі қарау интеграциясы болып табылады.
Күрделі қалыптасу және даму жолынан өткен психодиагностика 
психологиялық зерттеудің жеке әдіснамалық принциптерін және 
экспериментік-психологиялық 
зерттеудің 
әдістер 
жүйесін 
қалыптастырады. Психодиагностиканың қазіргі кезеңі оның одан 
әрі дамуы мен психодиагностиканың әлемдік жүйеге кіріктірілуін 
талап етеді. 
Психодиагностиканың дамуының әдіснамасына жасалған 
жалпы талдау оның, ғылымның даму ерекшеліктерімен және 
әлеуметтік практиканың талаптарымен байланысты екенін 
көрсетеді. Қазіргі кезде бұл тенденциялар бір жағынан, бүкіл 
әлемде психологтардың кәсіби саласының кеңеюінен көрініс 
берсе, ал екінші жағынан, психодиагностиканың жан-жақты 
дамуын бейнелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет