Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет19/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

«Френология» саласы адамның қабілетін, жеке басына тән 
ерекшеліктерін ми құрылысы мен ми қабығы қыртыстарына 
қарай анықтауды ұсынады. Бұл ілімнің негізін қалаушы 
австриялық 
анатом 
Ф.А.Галль 
(XIX 
ғ.) 
"Психикалық 
қабілеттердің мекені" атты теориясында әртүрлі психикалық 
қабілеттің негізін бас ми қабығындағы жүйке орталықтарымен 
байланыстырып зерттеген. Осы тұжырымдамада ғалым көптеген 
қасиеттердің 
орталығын 
белгілеген, 
мысалы, 
адалдық, 
ұқыптылық, махаббат, т.б.
Ғылым тарихында бұл зерттеулердің барлығы да адамның 
индивидуалды ерекшеліктерін анықтаудағы алғашқы қадамдар 
жасап, психодиагностиканың ғылыми дамуындағы алғашқы 
тарихи бастамалар.
XIX ғ басында американдық психолог Анна Анастази
алғашқы болып ақыл-есі төмен және психикалық науқасы бар 
адамдар психологиясын зертеп, оларға психологиялық тестілеу 
әдісін жүргізуді қарастырды. Осы зерттеумен таныса отырып, 
француз дәрігерлері Жанна Эскироль (1772-1940) мен Эдуард 
Сеген (1872-1880) психикалық дертіне байланысты ақыл-есінің 
дамуы кешеуілдеген адамдар психологиясы туралы өз 
тәжірибелерін жүргізе бастады. Эскироль ақыл-есі кемдігінің 
деңгейіне қарай жүйелеуді ми құрылысы мен көлемі ерекшелігіне 


35 
байланысты жүргізу керек десе, кейіннен тілдік дамуына қарай 
критерийлер қолданады. Эскироль мұндай ауру балаларды 
оқытып, уақытты зая жіберудің қажеті жоқ деп есептеді. 
Эдуард Сеген Эскироль еңбектерімен таныса отырып, қарсы 
пікірде, ақыл-ойы кеміс балалармен жұмыстанып, олардың даму 
ерекшелігіне қарай, қандай болмасын нақты бір қорытынды 
нәтиже болады деп есептеді. Парижде ақыл-есі кем балаларға 
арнап мектеп ашты. Басқа елдердің психологтары мен 
педагогтары Сеген мектебі тәжірибесіне қызығушылық танытып, 
балаларды осы мектепке беруді мақұлдады.Сегеннің оқыту әдіс–
тәсілдері мен Сеген тақтасында түрлі фигураларды қолдануы 
қызықты болды. Сегеннің осы және басқа да әдістемелері қазіргі 
вербальды емес тестілердің дамуына бастама болды. Сондай-ақ, 
психикалық 
құбылыстарды 
философтар, 
математиктер, 
жаратылыстанушылар да зерттеп, психикалық құбылыстарды 
зерттеу барлық ғылым салаларында берік орныға бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет