Қр білім және ғылым министрлігі


Өзін - өзі бақылау сұрақтары



бет7/11
Дата16.06.2016
өлшемі2.18 Mb.
#141018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Гаструляция процесін сипаттаңыз.

2. Бластопордың маңызы және тағдыры туралы не білесіз?

3. Алғашқы, соңғы ауыздыларда мезодерма негізі қандай тәсілдермен қаланады?



  1. Гаструляция түрлерін атаңыз.

  2. Гаструляцияның маңызы неде?

9 тақырып. Білікті ағзалардың қалыптасуы.

Мақсаты: Уақытша ағзалардың кімдерде, қалай пайда болуын түсініп, оны баяндай алу.

1 тапсырма. 38 беттегі 3 тапсырманы орындау керек.

2 тапсырма. 41 беттегі 4 тапсырманы орындау керек.

3 тапсырма. “Адам амнионы” құрылысын еске алып, оның аттарын білгеннен кейін оқу дәптеріне қандай ұрық жапырақшаларынан қалыптасатынын жазып алып, оларды жақсы меңгеріп алған жөн.

4 тапсырма. “Хорион бүрі”, “Дене қатпары” препараттарын “МБИ”, “Биолам” микроскоптарына қойып, препараттарды әр объективте көріп, бейнесін дәптерге салып, белгілеу қажет.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Білікті ағзаларға не жатады? Олардың қайсысы алдымен қалыптасады?

2. Аллантоис қандай ұрық жапырақшаларынан түзіледі?

3. Сүтқоректілерде ғана болатын қағанақ қабығы неден түзілетінін атап, қандай қызмет атқаратынын түсіндіру қажет.



9 тақырып: Ланцетниктің дамуы.

Мақсаты: Бөлшектену және гаструла түзілуінің ерекшеліктерін, бластуланың құрылуын және гаструланың қалыптасуын зерделеу.

1 тапсырма. Ланцетник жұмыртқаклеткасының бөлшектенуіндегі бірізділікті (I-VI) көрсет: 1-жоғарғы беті (полюс); 2-төменгі полюс; 3-жиналған сарыуыз; 4-целобластула; 5-бластодерма жасушалары.





2 тапсырма. Ланцетниктің эмбриогенезінде мыналарды белгіле: 1-целобластула; II-IV гаструляция: 1-эктодерма; 2-энтодерма; 3-желі; 4-мезодерма; 5-жүйке тақташасы; 6-бластопордың жоғарғы және 7-төменгі ерні; 8-бластопор; 9-алғашқы ішек қуысы; 10-екінші ішек қуысы; 11-целом.





Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

    1. Онтогенез дегеніміз не? Ол қалай жіктеледі?

    2. Ұрықтану дегеніміз не? Оның биологиялық маңызы неде?

    3. Табиғи, жасанды ұрықтанбай өрбу дегеніміз не?

    4. Эмбриогенез дегеніміз не? Оның қандай сатылары бар?

    5. Эмбриогенездің әр сатысына сипаттама бер.

    6. Бластула, гаструла дегеніміз не?

Гаструляция дегеніміз не?

10 тақырып: Тілтіс, омыртқалы ганоидтар және қосмекенділердің дамуы.

Мақсаты: Олардағы сарыуыздың мөлшеріне, әрі онда балаңқұрт сатысы болатындықтан эмбриогенездің күрделенуін және ерекшеліктерін түсіну.



1
тапсырма
. Мына суреттен тілтіс жұмыртқаклеткасының бөлшектенуіндегі бір ізділікті (I-VI): 1-бластомералар; 2-амфибластула; 3-бластоцель; 4-бластодерма; 5-бластуланың төбесін және 6-түбін көрсетіңіз де, олардың бейнесін дәптерге салып алып, атауларын жазыңыз.

2 тапсырма. Қосмекенділер эмбриогенезін сипаттап, суреттерді дәптерге салып алып, төменгі белгілерді қойыңыз.

I
-амфибластула; II-III-гаструляция; IV-нейрула; 1-эктодерма; 2-энтодерма; 3-желі; 4-мезодерма; 5-жүйке тақташасы; 6-бластопордың жоғарғы және 7-төменгі ерні; 8-бластопор; 9-гастроцель; 10-жүйке түтігі; 11-жүйке өзегі; 12-бөлімденген мезодерма; 13-бөлімденбеген мезодерма; 14-сарыуызды энтодерма (сарыуыз тобы).


3 тапсырма. 35 беттегі 1 тапсырманы көшіріп алып, қойылған талабын орындаңыз.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

      1. Бөлшектену қандай жолмен жүреді?

      2. Бластуланың ерекшелігі бар ма?

      3. Гаструляция дегеніміз не? Ол қалай өтеді?

      4. Сомит дегеніміз не? Ол неден тұрады?

      5. Бұл дамудағы ерекшеліктер неде?

11 тақырып. Балықтардың дамуы.

Мақсаты: Балықтар бөлшектенуін, дискобластуланың түзілуін және эмбриогенез ерекшеліктерін түсініп алу.

1 тапсырма. Жұпбалықтар (скаты) ұрығының бөлшектенудегі бір ізділікті (I-V): 1-бластомералар; 2-перибласт; 3-мероциттер; 4-сарыуыз; 5-бластоцельді көрсетіңіз. Оны дәптерге салып алып, белгілерін қойыңыз.

2 тапсырма. Шеміршекті балық (селяхий) эмбриогенезін: I-дискобластула; II-бластодерманың ішке кіру бастамасы; III-бластодиск; IV-гаструла; V-мезодерманың қалыптасуы; 1-бластодиск жасушаларының сыртқы қабаты; 2-келешек сарыуыз энтодермасы; 3-перибласт; 4-мероциттер; 5-сарыуыз; 6-бластоцель; 7-жиек ойығы; 8-гастроцель; 9-желі; 10-мезодерма; 11-ішек э
нтодермасы; 12-эктодерма; 13-келешек жүйке тақташасын дәптерге салып алып, белгілерін қойып, толық түсініп алғаныңыз жөн.
3 тапсырма. Сүйекті балықтың сарыуыз қабының құрылысын: I-балық ұрығы сарыуыз қабымен: 1-балық денесі; 2-сарыуыз қабы; 3-сарыуыз. II-сарыуыз қабының қабырғасы: 1-ұрықтан тыс эктодерма; 2-ұрықтан тыс мезодерма; 3-ұрықтан тыс энтодерма; 4-сарыуыз түйіршіктері; 5-сарыуыз энтодармасындағы жасуша ядролары; 6-ұрықтан тыс мезодерманың қан тамырлары; 7-ұрықтан тыс эктодерманың эпителийлі жабын және 8-бокал тәрізді жасушаларды дәптерге салып алып, белгілерін қойып, зейінмен қарап, түсіну қажет.





Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

    1. Балықтар бөлшектенуінің ерекшеліктері неде?

    2. Перибласт дегеніміз не?

    3. Балық гаструляциясы қалай жүреді?

    4. Білікті ағзалардың қалыптасуында ерекшеліктер бар ма?

    5. Сары уыз қабы қандай қызметтер атқарады?

12 тақырып. Жорғалаушылардың дамуы.

Мақсаты: Жорғалаушылар эмбриогенезінің ерекшеліктерін меңгеру керек.

1
тапсырма
. Жорғалаушылар гаструляциясының: I-гаструляцияның алғашқы сатысы; II-IV-гаструляцияның екінші сатысы: 1-бастапқы тақташа; 2-гастроцель; 3-энтодерма; 4-келешек желі; 5-жүйке-ішек өзегі суретін салып алып, белгілерін қойып, ондағы өзгерістерді байқау керек.

2 тапсырма. Жорғалаушылардың дамуындағы сатыларды баяндап, олардың ерекшеліктерін сипаттаған жөн.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

    1. Бөлшектену қай кезде, қай жерде басталады?

    2. Кесірткеде, кейбір сұр жыландарда жаңа организм неге ұрық жолында пайда болады?

    3. Гаструляция жорғалаушыларда неге екі кезеңге бөлінеді?

    4. Білікті ағзалардың қалыптасуында ерекшеліктер бар ма?

    5. Аллантоис қандай қызметтер атқарады?

13 тақырып. Құстардың дамуы.

Мақсаты: Құс ұрығының даму сатыларын білу, жұмыртқаклеткасының құрылысына орай, олардың ерекшеліктерін түсіну. Құс іштөлі қабықтарының қалай қалыптасатынын меңгеру.

1 тапсырма. Салынған бейнеден құс ұрығы бөлшектенуінің ерекшеліктерін түсініп, ол жұмыртқаклеткадағы сары уыз түйіршіктерінің мөлшеріне және бөлшектену өтетін жағдайларға байланысты екеніне көңіл аудару қажет. Дәптерге мына кестені салып алып, құс ұрығы дамуының негізгі сатыларын жазып, әрқайсысының маңызын қысқаша белгілеу керек.

Даму сатылары

Даму сатыларының маңызы







2 тапсырма. Тауықтың алғашқы жолағы препаратын үлкен ұлғайтқышта көріп, онда көп қабатты бөлігі (эктодерма) көру аймағының жоғарғы, ал бір қабатты бөлігі (эндодерма) оның төменгі жағында орналасуы қажет. Эктодерма мен эндодерманың арасында болбыр мезодерма жасушалары орналасады. Бұл бейнені дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-эктодерма, 2-мезодерма, 3-эндо (энто) дерма.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

  1. Құс жұмыртқасының құрылысы қандай?

  2. Құс ұрығының дамуындағы ерекшелiктер неде?

  3. Құс ұрығының дамуында қандай кезеңдер болады?

  4. Құсқа қандай бөлшектену түрі тән?

  5. Дискобластула дегеніміз не?

Жаттығу тестлері

Дамудың негізгі сатыларының дұрыс алмасуын көрсетіңіз:

(А) морула – бластула – органогенез - гаструла

(Б) бөлшектену – гаструла – бластоциста - органогенез

(В) зигота - гаструла – бластоциста - органогенез

(Г) зигота - морула – бластоциста – гаструла - органогенез

(Д) бластоциста – морула – гаструла – органогенез



Нейруляция нәтижесінде ұрықта құрылады:

(1) жүйке айдары

(2) алғашқы жолақ

(3) жүйке жүйесінің ұлпалары

(4) ішкері эктодерма

Мезодерманың туындыларын көрсетіңіз:

(1) жүрек бұлшық еті

(2) ішектің тегіс бұлшық еті

(3) қаңқа бұлшық еті

(4) білікті қаңқа

15 тақырып. Құстың ұрықтан тыс ағзалары (қабықтары).

Мақсаты: Білікті ағзалар дегеніміз не екенін, олар қалай қалыптасатынын анықтап, құрылуының негізгі кезеңдерін, біртіндеп дамуын білу. Құс қабықтары қалай құрылатынын, олардың қандай қызмет атқаратынын ұғып алу.

Уақытша ағзалардың құрылуының негізгі кезеңдерін және біртіндеп дамуын білу. Олардың жорғалаушылардан айырмашылығы неде екенін меңгеру.



1 тапсырма. Құстардың ұрықтан тыс ағзаларының құрылу бейнесін 38 беттегі 15 суретті дәптерге салып алып, 3 тапсырмадан жазып алып, белгілерін қою қажет.

2 тапсырма. 39 беттегі 4 тапсырманы орындау керек.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

        1. Құстың іштөлі қабықтарын атап, сипаттама беріңіз.

        2. Дене қатпары туралы не білесіз?

14 тақырып. Сүтқоректілердің дамуы.

Мақсаты: Сүтқоректілер ұрығының даму сатыларын, оның ерекшеліктерін білу. Ұрықты гаструляция кезінде, ұрық жапырақшалары айқындалғанда ажырата алу. Білікті ағзалардың, іштөлі қабықтарының пайда болуын, қалыптасуын түсіну. Қағанақ дегеніміз не екенін ұғу.

1 тапсырма. Дәптерге сүтқоректілер ұрығының негізгі сатыларын жазып, әрқайсысының мәнін мына кестеде толықтыру:

Даму сатылары

Сатылардың маңызы







2 тапсырма. Дәптерге мына кестені салып, ұрық жапырақшаларынан жетілудегі ұрық бастамаларын «+» белгісін қойып, анықтау қажет.

Ұрық жапырақ

шалары


Жүйке түтігі

Тері эктодер

масы


Ішек энто дермасы

Сомиттер

Спланхно том

Эктодерма
















Мезодерма
















Энтодерма
















Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сүтқоректілер ұрығының дамуындағы негізгі сатыларды сипаттаңыз.

  2. Сүқоректілерге қандай бөлшектену тән?

  3. Трофобласт дегеніміз не? Ол қалай дамиды?

  4. Сомиттер дегеніміз не? Онда мезодерма қалай жіктеледі?

  5. Білікті ағзаларға не жатады? Әр қайсысын сипатта.

  6. Сүтқоректілерде ғана болатын іштөлі қабығын атап, ол қандай қызмет атқаратынын түсіндіру керек.

16 тақырып. Сүтқоректілердің ұрықтан тыс ағзалары (іштөлі қабықтары).

Мақсаты: Білікті ағзалар дегеніміз не екенін, олар қалай қалыптасатынын анықтап, құрылуының негізгі кезеңдерін, біртіндеп дамуын білу. Сүтқоректілердің іштөлі қабықтары қалай құрылатынын, олардың қандай қызмет атқаратынын ұғып алу.

1 тапсырма. 38 беттегі 3 тапсырманы дәптерге жазып алып, тапсырманы толық орындау қажет.

2 тапсырма. Суреттен сүтқоректілер іштөлі қабықтарының дамуын: I-амнион, аллантоис, сір қабықтар құрылуының алғашқы сатысы; II-амнион, аллантоис және бастапқы бүрлері бар хорионның құрылуы: 1-ұрық денесі; 2-дене қатпары; 3-амнион қатпары; 4-амнион қабығы; 5-сарыуызды қап; 6-аллантоис; 7-бірге біткен сір қабығы және трофобласт-хорион; 8-эктодерма; 9-мезодерма; 10-сарыуызды энтодерма; 11-аллантоис энтодермасы; 12-хорионның алғашқы бүрлерін дәптерге салып алып, белгілерін қою керек.





Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

          1. Амнион қатпары қандай ұрық жапырақшаларынан тұрады, ол қай жерде пайда болады?

2. Хорион дегеніміз не, оны сипаттап, маңызы неде екенін түсіндір?

3. Ұрықтың қай жерінде алғашқы қан тамырлары пайда болады?



17 тақырып. Қағанақ, оның жіктелуі.

Мақсаты: Әртүрлі жануарлардың қағанақ түрлерімен танысу, олардың ерекшеліктерін, жіктелуін ұғып алу. Қағанақтың ұрықтық, аналық бөлімдері қалай қалыптасатынын анықтау. Олардың құрылысын, атқаратын қызметін меңгеру.

1 тапсырма.Эпителиохориалды қағанақ препаратын қарап, суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-аналық бездегі бүрлер, 2-ұрықтық дәнекер ұлпа – бүрлер негізі, 3-ондағы ұрықтық қылтамырлар, 4-хорион эпителийі (цитотрофобласт), 5-аналық эпителий, 6-эндометрийдің дәнекер ұлпа негізі, 7-ондағы қан қылтамырлары.

2 тапсырма. Мына қағанақ: I-эпителиохориалды; II-десмохориалды; III-эндотелиохориалды; IV-гемохориалды түрлерін салып алып, 1-хорион бүрі; 2-жатыр кіріккі эпителийі; 3-жатыр кілегейлі қабығының дәнекер ұлпасы; 4-жатыр кілегейлі қабығындағы қан тамырлары жүйесінің қабырғасы; 5-қан жүйесінің аралығы; 6-қан жүйесінің эндотелийін белгілеу керек.




Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

                1. Қағанақ дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіз.

                2. Қағанақты не құрады және олар қандай қызметтер атқарады?

                3. Қағанақтарды қандай белгілеріне қарап, шашыраңқы, ыдысша, шеңбер, диск тәрізді деп жіктейді? Ондай қағанақтар қандай жануарларға тән болатынын түсіндір.

                4. Гистологиялық жіктеуге сай аталатын қағанақ түрлерін атап, олар қандай жануарларда болатынын баяндау қажет.

                5. Қағанақтың аналық бөлімін не құрады?

                6. Қағанақ тосқауылын құратын ұлпалар құрамбөліктерін ата.

20 тақырып. Білікті ағзалардың қалыптасуы.

Мақсаты: Уақытша ағзалардың кімдерде, қалай пайда болуын түсініп, оны баяндай алу.

1 тапсырма. 38 беттегі 3 тапсырманы орындау керек.

2 тапсырма. 41 беттегі 4 тапсырманы орындау керек.

3 тапсырма. “Адам амнионы” құрылысын еске алып, оның аттарын білгеннен кейін оқу дәптеріне қандай ұрық жапырақшаларынан қалыптасатынын жазып алып, оларды жақсы меңгеріп алған жөн.

4 тапсырма. “Хорион бүрі”, “Дене қатпары” препараттарын “МБИ”, “Биолам” микроскоптарына қойып, препараттарды әр объективте көріп, бейнесін дәптерге салып, белгілеу қажет.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Білікті ағзаларға не жатады? Олардың қайсысы алдымен қалыптасады?

2. Аллантоис қандай ұрық жапырақшаларынан түзіледі?

3. Сүтқоректілерде ғана болатын қағанақ қабығы неден түзілетінін атап, қандай қызмет атқаратынын түсіндіру қажет.



Жаттығу тестлері

Трофобласт, ненің бөлігі:

(А) эпибласт

(Б) ішкі жасуша массасы

(В) гипобласт

(Г) эмбриобласт

(Д) бластоциста



Арқа жақ эктодерманың туындыларын көрсетіңіз:

(А) тер бездері

(Б) жұлын

(В) жатыр эпителийі

(Г) бүйрек эпителийі

(Д) түктер



Жұмыртқакелткасының ұрықтануы мынада жүреді:

(А) құрсақ қуысы

(Б) жатыр қуысы

(В) жұмыртқаклеткасы жолы

(Г) жатырдың мойын бөлімі

(Д) жатыр мойыны аймағы



Сүтқоректілер бөлшектенуі:

(А) толық біркелкі

(Б) толық біркелкі емес

(В) жартылай

(Г) толық асинхронды біркелкі емес

(Д) жартылай асинхронды


21 тақырып. Омыртқалы жануарлардағы ұлпалардың дамуы.

Мақсаты: Ұлпалар дамуының ерекшелігін, олардың қалыптасуын зерделеу.

1 тапсырма. “Тауық ұрығы” (жаппай кесілген) препаратын көріп, бейнесін дәптерге салып, белгілеу керек.

2
тапсырма.
Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының дамуы суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: МГК–миоген жасушалары; МБЛ1–миобластың бiрiншi түрi; а–тiзбектер; б–қосылған тiзбектер; МСЦ–миосателлиттер; МБЛ2–миобластың екiншi түрi; в–бұлшық ет түтiгi, г–бұлшық ет талшығы; МФ–миофибриллдер; БМ–негiздiк жарғақ.

3 тапсырма. Сызбадан, нақпішіннен бұлшық еттердің дамуын түсініп алып, мыналарды меңгеру керек: қаңқаның бұлшық еттері мезодерма ұрық жапырағының миотомынан дамиды. Онда ланцетниктің бұлшық еттері тұлғаның оң, сол ұзын бүйір еттері түрінде дамыған. Бұлардың әрқайсысы дәнекер ұлпалы перде арқылы дорсальды, вентральды бөліктерге бөлінеді. Дорсальдыдан бел, вентральдыдан тұлғаның бүйір еттері дамиды. Балықтарда бұлшық ет миомерлері бірігіп, беткей, терең ет қабаттарына ажырайды. Жануарлардың судан құрлыққа шығуына, жүзу қанаттарының орнына аяқтарының дамуына байланысты дене бұлшық еттерінде көптеген өзгерістер болады. Денедегі бұлшық еттер сегментті (метамерлік) құрылысын жойып, бір-бірімен қосылып, ет талшықтары қызметіне орай әр түрлі бағыттарға тараған беткей, аралық, терең ет қабаттарына ажырайды. Осылардан дененің әр түрлі аумақтарындағы еттер тобы дамиды. Дененің бас, мойынында бұлшық еттер желбезек аппаратынан өрбитін висцеральды, миотомнан жетілетін денелік еттер дамиды.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

Ұлпалар қандай ұрық жапырақшаларынан дамитынын сипатта.



22 тақырып. Омыртқалы жануарлардағы ағзалардың дамуы.

Мақсаты: Ағзалардың қандай ұрық жапырақшаларынан дамитынын біліп, эктодерма, энтодерма және мезодерма қандай ұлпалардан ағза түзетінін меңгеру.

1 тапсырма. Екi күндiк тауық ұрығындағы бас миының дамуын дәптерге салып алып, мыналарды белгілеу керек:

1
–алдыңғы ми; 2–ортаңғы ми; 3–көз көпiршiгi; 4–артқы ми.



2 тапсырма. Көз дамуының сызбасы:

1–эктодерма; 2–көз бұршағын беретiн эктодерманың қалыңдау жағы; 3–көз көпiршiгi; 4–қалың эктодерманың iшке кiруi; 5–бояутек қабығының бастамасы; 6–торлы қабықтың бастамасы; 7-көз бұршағының алдыңғы қабырғасы; 8–көз бұршағының артқы қабырғасы; 9–шыны тәрiздi денешiк бастамасы; 10–көз сабағы; 11–жоғарғы қабақ; 12–кiлегейлi қабықша; 13–қасаң қабық; 14–көз бұршағы эпителийi; 15–көздiң алдыңғы камерасы; 16–көз бұршағы тамырлы қабығының алдыңғы жапырақшасы; 17–нұрлы қабық; 18–кiрпiктi дене; 19–шыны тәрiздi дене; 20–кiрпiктi айнала үлдiрi; 21–көз бұршағы денесi; 22–көз бұршағы тамырлы қабығының артқы жапырақшасы; 23–тор қабықтың нұрлы қабық бөлiмi; 24–тор қабықтың кiрпiктi бөлiмi; 25–көздiң тор қабығы; 26–бояутек қабық; 27–тамырлы қабық; 28–нәруыз қабық .



Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

    1. Онтогенезде үй жануарларының терісі қандай ұрық жапырақшаларынан дамиды?

    2. Жүйке жүйесінің филогенезіне сипаььама беріңіз.

    3. Хордалыларда жүйке жүйесі неден дамиды?

    4. Жұлын неден түзіледі?

    5. Сезім ағзалары қалай дамиды?

23 тақырып. Нейруляция және жүйке жүйесінің ерекшеленуі.

Мақсаты: Нейруляцияның пайда болу ерекшеліктерін, оның қалыптасуын зерделеу.

1 тапсырма. “Бақа нейруласы”, “Сомиттер” “Хорда”, “Жүйке түтігі” препараттарын көріп, бейнесін дәптерге салып алып, белгілеу қажет.

2 тапсырма. Сызбалардан, нақпішіннен жүйке жүйесінің дамуын зейінмен қарап, мына филогенезді түсіну керек: Бірклеткалы қарапайым организмдерде тітіркеністерді қабылдайтын, оларды өткізетін арнайы мүше болмайды және қоршаған ортадағы өзгерістерді олар денесінің сыртқы бетімен қабылдап, оған қимылымен үйлесімсіз жауап қайтарады. Жәңдіктердің әсер етуші тітіркеністердің белгілі бір түріне жауап қайтару реакциясын таксис деп атайды. Бүған жасыл эвгленаның күн сәулесіне, инфузорияның тұз қышқылына, түз ертінділеріне қимыл-қозғалыс түрінде қайтаратын жауабы жатады.

Көпклеткалы қарапайым жәндіктер дене қүрылысында (тұщы су гидрасы), тітіркеністерді қабылдау, өткізу қызметтерін іске асыратын арнайы жасушалар пайда болып, қалыптасады. Оны эпителийден, бүлшық еттен көреді. Бүл жасушалардың сезімтал талшықшалармен жабдықталған сыртқы рецепторлық бөліктері эктодерма жабыны жасушаларының ішінде, ал цитоплазмасында жиырылғыш миофибрилл жіпшелері бар эффекторлық бөліктері эктодерманың астыңғы жағында орналасады. Сейтіп, эпителий-бүлшықет жасушалары қабылдағыш, өткізгіш бөліктерден түрады. Қабылдағыш бөлігі өзінің сыртқы талшықшаларымен тітіркеністерді қабылдап, цитоплазмасы арқылы эпителий-бүлшықет жасушасының ішкі —өткізгіш бөлігіне өткізеді. Гидра денесінде бұдан басқа да, сезімтал жасушалар — жүйке, нейроңдар, нейроциттер кездеседі.

Эволюциялық дамуда қүрылысы күрделенген организмдерде тітіркенгіштікті іске асырушы — нейроциттер дененің белгілі бір бөлігінде топтаса жинақталып, болашақ қызметіне байланысты қалыптасады. Оны кейбір ішекқуыстыларда, мысалы коралл полиптері мен медузаларда байқайды.

Дене қүрылысы бірбіліктілік, екіжақты симметриялық заңдылықтарына сәйкес күрделене дамыған организмдерде нейроциттердің топтасуы айқын көрінеді. Мұндай организмдерде нейроциттер топтасып, дененің ұзына бойымен орналасқан жүйкелік баған түзеді. Бұл нейроциттер бағанының алдыңғы ұшы дененің болашақ бас жағындағы сезім мүшелерінің қызметін қамтамасыз ететін жұтқыншақ маңындағы жүйкелік сақинаға айналады. Бүл сақина жануарларда мидың қызметін атқарады. Орналасу орнына қарай жүйкелік сақина - жұтқыншақүсті, жұтқыншақасты жүйке түйіңдеріне ажырайды. Жұтқыншақүсті - дененің бас аумағында дамыған сезім мүшелері (иіс сезу, көру) қызметін үйлестіріп басқарып отырады. Жұтқыншақасты - ішек түтігімен тікелей байланыста дамиды. Осындай құрылым жәндіктерде жақсы жетілген. Олардағы дене сегменттерінің пайда болуы тұтас жүйке бағанының түйіндер тізбегіне ыдырауына ықпалын тигізеді. Сөйтіп жүйке бағаны ішектің төменгі жағыңдағы тақ, жұп құрсақтың жүйке түйіндері тізбегіне айналады. Нейроциттер жүйке түйіндерінің шеткі жағында орналасады. Ал, олардың орталығында жүйке талшықтары жатады. Жәндіктердің өзінде жүйке жүйесінің орталық, шеткі бөлімдерін ажыратады. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне мидың қызметін атқаратын жұтқыншақүсті жүйке түйіні, қүрсақтың жүйке түйіндер тізбегін жатқызады. Ал, оның шеткі бөлімін осы аталған түйіндерден денеге таралатын жүйкелер мен жүйке талшықтары құрайды.

Организмнің қүрылысы күрделенген сайын нейроциттердің топтасып, жүйке жүйесі қүрылысының күрделенуі одан әрі жүреді. Жәндіктерде, мысалы етке қонатын көк сұр шыбындарда, қүрсақтың жүйке түйіндері бір-бірімен бірігіп үлкен бір көкірек жүйке түйініне айналады. Ал, жүтқыншақүсті жүйке түйіндері аталған жәндіктерде жақсы жетілген. Бір айта кететін жәйт, жүтқыншақүсті жүйке түйінінің көру бөлігі ұшатын жәндіктерде, ал иістік бөлігі жерде тіршілік ететін жәндіктерде жақсы жетілген. Жұтқыншақүсті жүйке түйінінде орталық, оның алдыңғы жағында орын тепкен саңырауқүлақ тәрізді денелері болады. Міне, осы денелерде жәндіктердің күрделі инстинктерін (бал арасы, қүмырсқа т. б.) басқаратын аралық орталықтар орналасады.

Хордалыларда жүйке жүйесі негізінен эктодермадан, мезенхимадан дамиды. Ланцетник жүйке жүйесінің орталық бөлімін эктодермадан қалыптасқан жүйке түтігі қүрайды. Ол ішек түтігі, хордадан жоғары орналасады. Жүйке түтігі ұрықтық дамудың алғашқы кезеңінде эктодерманың орталық бөлімінен бөлінген жүйке пластинкасынан жетіледі. Оның екі жағы жоғары қарай иіліп, жүйке сайына айналады. Оның 2 жиегінде жүйке білеуліктері қалыптасады. Жүйке сайы одан әрі жоғары иіліп, оның екі жиегі бір-бірімен жанасып, ішінде орталық өзегі бар жүйке түтігіне ауысады. Ланцетник дамуының соңында жүйке түтігі жүлынға айналады. Жүлынның орталық өзегінің ішкі жағы нейроцит денелерінен қүралған сұр заттан, оның шеткі жағы жүйке талшықтары түзетін — ақ заттан тұрады. Ланцетниктің жүйке жүйесі денедегі орналасу орнына қарай орталық, шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімін — жұлын, шеткі бөлімін — жұлыннан дене сегменттеріне таралатын жүйкелер, жүйке талшықтары, жүйке ұштары құрайды.

Омыртқалы жануарлардың даму сатыларына байланысты (балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, қүстар, сүтқоректілер) жүйке жүйесінде организм қызметтерін үйлестіруші, басқарушы қүрылымдар жетіледі. Жүйке жүйесі орталық, шеткі бөлімдерге айқын ажырайды. Орталық бөлімді — ми, жүлын, шеткі бөлімді — ми, жүлын жүйкелері мен вегетативті жүйкелер, олардың жүйке талшықтары мен үштары қүрайды. Жүйке жүйесінің орталық бөлімінде нейроцит денелерінен түзілген сүр зат мидың бағандық бөліктері мен жүлында тереңірек орын тебеді. Аталған мүшелердің қүрамында жүйке жүйесі жүмысында маңызды қызмет атқаратын — торлы қүрылым дамып жетіледі. Ал, үлкен ми қыртысының дамуы қүстарда, сүтқоректілерде жоғары деңгейге көтеріледі. Жүлын мен ми сүйықтығының айналымын қамтамасыз ететін жүлынның орталық өзегі мен ми қарыншалары пайда болады. Жүйке талшықтары, тітіркеністердің өткізу жылдамдылығын арттыруға септігін тигізетін, миелин қабығымен қапталады. Нейроциттер тізбегіңдегі тітіркеністерді өткізу бағытын реттейтін синапстар жетіле бастайды. Осылардың нәтижесінде аталған жануарларда омыртқасыздарға қарағанда сезім мүшелері, сезімтал үштары жоғары дәрежеде дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет