Тақырыбы: Грипп және басқа да ЖРВИ: этиологиясы, эпидемиологиясы, лабораториялық диагностикасы, емдеу және алдын алу принцптері. Грипп және басқа да ЖРВИ кезіндегі медбикелік процестің бес сатысы.
Мақсаты: студенттерде грипп және т.б. ЖРВИ туралы жалпы түсінік, гриппен ауырған науқасқа мейірбикелік күтім көрсету.
Оқыту мақсаты:
Грипп және т.б. ЖРВИ жалпы сипаттамасын білу.
Грипп және т.б. ЖРВИ кезіндегі эпид. процесті оқу.
Грипп және т.б. ЖРВИ –дің негізгі клиникалық көріністері.
Грипп және т.б. ЖРВИ эпидемиологиялық және лабораториялық диагностикасы.
Грипп және т.б. ЖРВИ мен ауырған науқастарға мейірбикелік күтім көрсету.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Грипп, парагрипп, аденовирусты инфекциялар қоздырғыштарының сипаттамасы;
Осы инфекциялар кезіндегі эпид. процесс сипаттамасы;
Осы инфекциялардың клиникасында қандай симптомдарды бөлуге болады;
Грипп кезінде ең маңызды симптом
ЖРВИ лабораториялық диагностикалау үшін науқастан қандай материал алыну қажет?
ЖРВИ емдеуде неліктен антибиотиктер тағайындалмайды?
ЖРВИ ошағында жүргізілетін негізгі шаралар
ЖРВИ кезінде МП бес этапы;
Сабақ беру мен оқыту әдістері: (кіші-гірім топта жұмыс істеу)
Әдебиеттер:
Белоусова А.И.. Дунайцева В.Н. «Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии» Ростов-Дон, 2004г. стр. 119-127;
Н.Д. Ющук, Ю.В. Мартынов «Эпидемиология» М-2003г., стр. 284-295
Кулешова Л.И., Пустоветова Е.В. «Основы сестринского дела: теория и практика» Ростов – Дон, 2008г. стр. 167-231;
Сұрақтар:
грипп және т.б. ЖРВИ периодтылығы (маусымдылығы) бұл______
гриппен науқастанғандарды госпитализациялайды ____________
Инфекция қоздырғышының таралуын азайту үшін гриппен науқастанғандарды госпитализацияланбағанда күтімді қалай ұйымдастыру керек?
Тест:
1. Аденовирустық инфекцияның енетін жолдары: 3
а жоғарғы тыныс жолдарының шырыш қабаты
б асқазан-ішек жолдарының шырыш қабаты
в- көздің шырыш қабаты
г- тері жабындылары
д- несеп- жыныс жүйесінің шырыш қабаты
2. Аденовирустық инфекцияға тән: 4
А- енетін жолдар аумағында шырышты қабатының қабыну реакциялары
Б- регионарлық лимфа түйіндерінде лимфагенді жолмен вирустың таралуы
в лимфа түйіндерінде вирустың жиналуы
г- бактериемия
д- бауыр мен көкбауырдың макрофагалық жүйесінде вирустардың
орналасуы
3. Аденовирустық инфекцияның лабораториялық диагностикалау әдістері; 4
А- мұрын-жұтқыншақ жағындыларын және коньктива бөлінділерін
вирусологиялық зерттеу
б- топтық антигенмен ИФА
в- серологиялық диагностика (РТГА, РСК)
г- бактериоскопиялық
д- иммунды электрлік микроскопия
4. Адамдарда ауру шақыратын грипп вирусының қандай беткейлік антигендері бар: 1
1 нейтраинидаза және гемагглютинин
2 нейраминидаза
3 гемагглютинин
4 жануар вирусының гемагглютинациясы
5 жануар вирусының нейрамидазасы
5. Грипп вирусының берілу жолы 1
A) ауа-тамшылы
B) ауа-шаңды
C) тұрмыстық-қатынастық
D) тағамдық
E) сулық
6.Эпидемия алды кезеңде грипптің арнайы алдын алуы құралы 1
A) гриппозды вакцина
B) адамның лейкоцитарлы интерфероны
C) ремантадин
D) витаминдер
E) антибиотиктер
7. Аденовирусты инфекцияның лабораториялық диагностикасы 1
A) мұрын-жұтқыншақ шайындысын, конъюнктива бөліндісін вирусологиялық зерттеу
B) бактериологиялық зерттеу
C) Райт реакциясы
D) Бактериоскопиялық
E) лимфа түйіндерінің кесіндісін электронды микроскопиялық зерттеу
8. Гриппті алдын алуда ең бастапқы арнайы алдын алуы 1
шектеулі
санитарлық-гигиеналық
дезинфекциялық
госпитализация
жедел алдын алу
9. Риновирустар қай шырышты қабаттарға тропты: 1
мұрын жұтқыншақ
Көмей және трахея
Бронх және бронхиола
ішек
Тыныс мүшелерінің тіндеріне политропты
10. Грипптің вацина профилактикасын кімдерге жүргізеді, біреуінен басқа: 1
а 3 жасқа дейінгі балалар
б- 3 жастан асқан және балабақшаға баратындар
в- мектеп, техникум жоғарғы оқу орнында оқитындар
г- қарт адамдар
д- медициналық персоналға
Достарыңызбен бөлісу: |