Қр денсаулық сақтау министрлігі


Тақырыбы: Жұқпалы аурулар кезіндегі эпидемияға қарсы шаралардың қағидалары. Мақсаты



бет17/117
Дата17.04.2024
өлшемі1.51 Mb.
#499072
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   117
Силлабус-Эпидемиология-2-к-СД-каз1

Тақырыбы: Жұқпалы аурулар кезіндегі эпидемияға қарсы шаралардың қағидалары.
Мақсаты: студенттерді жұқпалы аурулар кезінде жүргізілетін эпидемияға қарсы шараларды оқыту.
Оқыту мақсаты:

  • Студенттерді эпидемияға қарсы жұмыс жоспарын құрастыруды және емдеу мекемелерінде эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігін бағалауды үйрету.

  • Студентті жұқпалы ауруы бар науқастармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Эпидемияға қарсы шараларға анықтама беру;

  • Емдеу мекемесіндегі эпидемияға қарсы шаралар;

  • Инфекциялық бақылау дегеніміз не?

  • Инфекциялық бақылау кезіндегі мейірбикенің қызметі

  • Мейірбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздік жағдайы

Сабақ оқыту мен беру әдістері (кіші гірім топтағы жұмыс).
Әдебиеттер:

  1. А.К.Белоусова, В.Н. Дунайцева «Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии», Ростов на Дон 2004г.

  2. Руководство к практическим занятиям по эпидемиологии инфекционных болезней под. ред. В.И. Покровского, И.И. Брико М. 2005 стр. 43-50

  3. Эпидемиология для медицинских учебных заведений Ростов-Дон 2001г. стр. 88

  4. Инфекционный контроль Л.И. Кулешова, Е.В. Пустоветова и др. Ростов-Дон 2003г. стр. 54-67.

Бақылау: сұрақтар

  1. Мейірбикенің жұмыс орнындағы қауіпсіздік жағдайы.

  2. Науқасты және туыстарын инфекциялық қауіпсіздікке үйрету

  3. Науқастан мед. персоналға инфекцияның берілу механизмі

  4. Төтенше жағдайдағы мейірбикенің іс әрекеті.



Тест сұрақтары:
1. Эпидемиялық процестің үшінші тізбегіне бағытталған эпидемияға қарсы шараларды көрсетіңіз 3
А) иммунды алдын алу
Б) санитарлық-гигиеналық
В) иммунды коррекция
Г) емдік
Д) жедел алдын алу
2. Алдын алу шараларына жатады: 4
А) сыртқы ортаны микробты ластанудан қорғау
Б) ауыз су талабына сәйкес суды залалсыздандыру
В) эпидемиологиялық маңызды объектіні инфекцияның әкелінуінен қорғау
Г)ел территориясына жұқпалы аурудың әкелінуінен, таралуынан санитарлық қорғау
Д) эпидемиялық ошақтарды жою
3. Алдын алу шараларына жатады: 1
A) жұқпалы аурулардың эпидемиялық ошақтарын жою
Б) жұқпалы ауру ошағындағы дезинфекциялық шаралар
В) жұқпалы ауру ошағындағы дезинсекциялық шаралар
Г) жұқпалы ауру ошағындағы дератизациялық шаралар
Д) ауыз су талабына сәйкес суды залалсыздандыру, эпидемиологиялық маңызды объектіні инфекцияның әкелінуінен қорғау, ел территориясына жұқпалы аурудың әкелінуінен, таралуынан санитарлық қорғау
4. Берілген тізімнен инфекция қоздырғышының берілу механизмін үзуге бағытталған шараны көрсетіңіз: 1

  1. емдік-диагностикалық

Б) санитарлық-ветеринарлық
В) санитарлық-гигиеналық
Г) вакцинамен алдын алу
Д) жедел алдын алу
5. Инфекция көзіне бағытталған шаралар тобын көрсетіңіз: 1

  1. науқасты ауруханаға жатқызу

Б) бактерифаг қолдану

  1. дезинсекция

Г) вакцинация
Д) күнделікті дезинфекция
6. Зооноздар кезінде инфекция көзіне бағытталған шараны көрсетіңіз: 2
А) табиғи ошақ территориясында кеміргіштерді жою (инфекция тасымалдаушылар)
Б) ауырған жануарларды амалсыздан жою
В) жануарларды алдын алу егу
Г) етті ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізу
Д) жануар текті шикізатты залалсыздандыру
7. Төменде берілген тізімнен эпидемиологиялық қадағалауда эпидемияға қарсы шаралардың қайсысы жұқпалы аурудың сырттан әкелінуіне қауіп төнгенде қолданған тиімді? 1
A) жұқпалы аурудың эпидемиялық ошағын бақылау;
Б) жұқпалы ауру ошағындағы дезинфекциялық шаралар
В) жұқпалы ауру ошағындағы дезинсекциялық шаралар
Г) жұқпалы ауру ошағындағы дератизациялық шаралар
Д) ел территориясына жұқпалы аурудың әкелінуінен, таралуынан санитарлық қорғау
8. Жұқпалы ауру кезінде эпидемияға қарсы жұмыстың сапасы қалай бағаланады? 1
A) екі жылдық бақылаумен салыстырғанда абсолюттік көрсеткіштің төмендеуі;
B) пайызбен көрсетілген эпидемияға қарсы жұмыстың фактілі және потенциальді тиімділігінің қатынасымен;
C) эпидемияға қарсы жұмыста қолданған эпидемияға қарсы құралдардың тиімділігімен;
D) эпидемияға қарсы жұмыста қолданған антибактериальді заттардың тиімділігімен;
E) пайызбен берілген эпидемияға қарсы жұмыстың тиімділігінің индексінің қорғау көрсеткішіне қатынасы.
9. Берілген шаралардың қайсысы аса қауіпті инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалау жүргізгенде қолданылады? (1)
A) жұқпалы аурудың эпидемиялық ошағын бақылау;
Б) жұқпалы ауру ошағындағы дезинфекциялық шаралар
В) жұқпалы ауру ошағындағы дезинсекциялық шаралар
Г) жұқпалы ауру ошағындағы дератизациялық шаралар
Д) ел территориясына жұқпалы аурудың әкелінуінен, таралуынан санитарлық қорғау

10. Вена ішілік инъекцияны орындау кезінде мейірбике қолына қан тамып кетті. Қай шараны бірінші кезекте орындау керек? (1)


А) ағынды суда қолды сабынмен жою;
Б) қолды 0,33 % сутегінің асқын тотығымен залалсыздандыру;
В) қолды терілік антисептикпен дезинфекциялап, екі рет ағынды суда сабынмен жуу;
Г) қолды 1 % бор қышқылының ерітіндісімен дезинфекциялап, екі рет ағынды суда сабынмен жуу;
Д) қолды 2 % лизол ерітіндісімен дезинфекциялап, екі рет ағынды суда сабынмен жуу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет