Қр денсаулық сақтау министрлігі



бет20/117
Дата17.04.2024
өлшемі1.51 Mb.
#499072
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117
Силлабус-Эпидемиология-2-к-СД-каз1

Тақырыбы: «Жұқпалы аурулар кезіндегі мейірбикелік процесс. Мейірбикелік процестің бес сатысы. Жұқпалы аурулар кезіндегі мейірбикелік процесті ұйымдастыру».
Мақсаты: жұқпалы аурулар кезіндегі мейірбикелік процесті оқу
Оқыту мақсаты;
1) мейірбикелік процестің бес сатысын оқыту;
2) мейірбикелік процестің сатыларын жоспарлау, орындау, құжаттар толтыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. жұқпалы аурулар кезіндегі мейірбикелік процесс дегеніміз не?
2. мейірбикелік процесстің мақсаты, сатылары.
3. мейірбикелік процесстің бірінші сатысының мақсаты. Науқас туралы ақпараттың көздері.
4. науқасты субъективті зерттеу әдісі
5. науқасты объективті зерттеу әдісі
6. мейірбикелік процесстің екінші сатысының мақсаты.
7. науқастың қажеттіліктерін анықтау және оның проблемаларын табу
8. мейірбикелік күтімнің мақсаттары қалай жоспарланады?
9. мейірбикелік араласулардың категориялары.
10. мейірбикелік процесстің тиімділігін бағалау.
11. мейірбикелік процесстің сатыларын құжаттауға кіріспе.
Сабақ беру мен оқудың әдістері:
1) кіші-гірім топтарда жұмыс істеу.
Әдебиеттер:
1. Л.И.Кулешова, Е.В.Пусоветова. Основы сестринского дела: теория и практика. Бөлім 1. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008, 1-40, 167-231 бет.
2. Т.П.Обуховец, Т.А.Склярова, О.В.Чернова. Б.В.Кабарухина Основы сестринского дела. Басылым 11. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2008, 100-152 беттер.
Бақылау (тест сұрақтары)
1. Науқасты күтудегі мейірбикенің міндеттерін тәжірибеде іске асыру және ұйымдастыру әдісі – бұл 1
А) аурудың диагностикасы;
Б) емдік процесс;
В) мейірбикелік процесс;
Г) ауруларды алдын алу.
Д) алынған сынаманы лабораторияға жеткізу
2. Мейірбикелік процестің мақсаты – 1
А) науқас туралы ақпарат жинау
Б) сапалы жақсы өмірді қамтамасыз ету;
В) мейірбикелік араласудың сипатын анықтау;
Г) мейірбикелік күтімнің сапасын бағалау.
Д) лабораториялық диагноз қою
3. Мейірбекелік процесті бағалау анықтауға мүмкіндік береді 1
А) мейірбекелік күтімнің жылдамдығын;
Б) аурудың ұзақтығын;
В) мейірбекелік күтімнің сапасын;
Г) аурудың себебін.
Д) сауығу уақытын
4. Мейірбикелік процесс – .....көмек көрсетудің ұйымдастырушылық әдісі 1
А) жедел жәрдем
Б) медициналық
В) мейірбекелік
Г) клиникалық
Д) диагностикалық
5. Науқастың қажеттіліктерін мейірбике анықтайды 1
А) науқасты тексергенде;
Б) күтімнің мақсатын анықтағанда;
В) мейірбекелік көмектің көлемін анықтағанда;
Г) мейірбекелік көмектің жоспарын іске асырғанда.
Д) ЕПМ-ге түскенде
6. Мейірбикелік процестің бірінші сатысында құжат толтыру – шарт 1
А) үздіксіз;
Б) міндетті емес;
В) міндетті;
Г) уақытша.
Д) тұрақты
7. Мейірбекелік процестің сатыларында құжат толтыру жүргізіледі 1
А) науқастың медициналық картасында;
Б) амбулаторлық картада;
В) кеңес беру қағазында;
Г) науқастың мейірбикелік тарихында
Д) ЕПМ-ге түскенде тіркеу журналында
8. Лабораториялық зерттеулердің мәліметтері – ақпарат көзі 1
А) біріншілік;
Б) субъективті;
В) қосымша;
Г) негізгі.
Д) маңызы жоқ
9. Науқастың әлеуметтік мәселесі – 1
А) жанұясындағы даулы жағдай;
Б) зәрін ұстай алмауы;
В) операция алдындағы қорқу сезімі;
Г) АІЖ қызметінің бұзылуы;
Д) өлімнен қорқу
10. Науқастың психологиялық мәселесі – 1
А) ұйқысының бұзылуы;
Б) жақын адамдарынан айрылу;
В) жұмысынан айрылып қалудан қорқу;
Г) жұмыссыздық.
Д) жақын адамын жоғалту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет