Р. К. Керимбаева



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата28.03.2024
өлшемі1.18 Mb.
#496714
1   2   3   4   5   6   7
107-Статья для антиплагиата-1038-3-10-20210528

Зерттеу әдіснамасы. Мемлекет басшысы 
Қ.Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы 
Қазақстан» 
атты 
мақаласында 
атап 
өткеніндей Абайдың «Толық адам» ілімі – 
халқымыздың рухани тазару жолындағы 
теңдесі жоқ құрал»-деді [1].
Кеңес дәуірінде дініміз бен ана тіліміздің 
құлдырауы, 
халқымыздың 
ұлттық 
болмысы мен мінез-құлқы, санада рухани 
құндылықтардың жоғалып кету салдарына 
әкелгені мәлім. Бүгінгі таңда халқымыздың 
рухани 
қазынасын 
қайта 
жаңғырту, 
бұлжытпай сақтау дәрежесіне көтеру – 
баршамызға ортақ мақсат. Бұл мәселенің 
шешімін іздеуде, осыдан екі ғасыр бұрынғы 
бабалар мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеп, 
теориялық талдау жасай отырып, «кемел 
адам» ілімін жазған Абайдың еңбегін 
сараладық.
«Толық адам» деген сөз ағылшын тіліндегі 
«A man of integrity» түсінігімен сәйкес келеді 
екен. Бұл – ақылды, қайратты, ізгілікке 
ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама. 
Бүгінде философия мен психология 
ғылымында үлкен мән беріліп отырған осы 
ұғымға ойшыл Абай өз дәуірінде «толық 
адам» деген атау беріп, оны – еліне қызмет 
етуші, еңбексүйгіш, ойлы, жігерлі, қажырлы, 
парасатты, терең білімді, жүрегі нұрлы, 
мейірімді адам деп түсіндірген.
Адамзатқа 
ортақ 
«толық 
адам» 
тәрбиелеуді мақсат еткен Абай ілімі – бүгінгі 
рухани жұтаған қоғам үшін теңдесіз қымбат 
қазына. Халықтың түбегейлі мүддесін, 
арман-тілектерін 
ойшылдық 
деңгейге 
көтеріп, көркемдік қуатпен бейнелеуі – ұлы 
Абайдың философиялық тұлғасы. 
Абайды «ойшыл» ақын, парасат 
падишасы дейміз. Себебі, ақынның өмір 
құбылыстарын терең толғап айту қасиеті, 
адамдардың ішкі тұлғалық болмысын 
суреттеуі, оның бүгінгі заманмен астасуы, 
ерекше көрегенділіктің белгісі. Оған дәлел
Абайдың өмір, адам тағдыры, дүние, заман 
ағымы жайлы пікірлері, дүниетанымдық 
өлеңдері мен қара сөздері. Қазақ халқының
ұлттық санасының оянуы, рухани қайта 
жаңғыруы, қоғамның озық күштерінің 
өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік 
әділдіктің орнауы Абай есімімен тікелей
байланысты. 
Ақынның шығармалары өзі өмір сүрген 
тұтас бір тарихи кезеңді жан-жақты, 
барынша толық бейнелеп береді. Сол 
дәуірдегі қоғамдық өмір салтының, ой-сана, 
ұғым-түсініктердің қаншама ғасырлар бойы 
қалыптасқанын, түп-тамырын тереңнен 
алатынын 
ескерсек, 
Абай 
поэзиясы 
қоғамның қалыптасып дамуындағы ерекше 
елеулі кезеңді, халықтың тағдырын, ұлттық 
мінез-құлқын, тарихи тұрғыдан сипаттайды.
Қаншама дәуірлер алмасып, уақыт өтседе, 
қоғам өміріндегі әділдік, бірлік, достық, 
еңбексүйгіштік, талаптылық, адалдық сынды 
адамгершілік, моральдық құндылықтар, 
озбырлық, жауыздық, екіжүзділік секілді 
сан түрлі мінез-құлық дерттері толассыз 
болатын – заман шындығы. Ал ақынның 
поэзиясы кейінгі дәуірлердің, оның ішінде 
бүгінгі замандағы өмір шындығын танып-
білуге себін тигізеді. Олай болса, Абайдың 
еңбектері сол кезеңнің ғана емес, өскелең 
ұрпақ үшін тарихи маңызды, қоғамдық ой-
санаға ықпалы мол асыл мұра.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа 
жолдауында: «...Біз қазақ халқының сан 
ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін 
сақтап, түлете береміз...» – дейді [2]. 
Осындай міндеті жүзеге асыруда ұлы 
тұлғалардың өнегелі өмірі мен тағылымы 
мол мұрасы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу, 
ұлттық коды қалыптасқан тұлғаны дамыту 
қажет. Абай шығармаларының негізгі 
идеясы, адамзат пен оның ақыл-ойы. 
Ақынның еңбектерінің алтын қазығы – 
Адам. Абай өзінің саналы ғұмырын нағыз 
aдам, толық aдам, кәміл aдам тұлғасын 
зерттеуге арнаған.
Абайдың 
шығармаларында 
адам 
жаратылысы һәм, оның жан сыры жайындағы 
терең философиялық, психологиялық ой 
толғаулары таным теориясының негізін 
құрайды. Ол өзіне дейінгі өмір сүрген Әл-
Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, 
Қ.Яссауи және Ж.Румидің кемел адам жайлы
ой-пікірлерін талдап, салмақты тұжырымдар 
жасады. VIII-IX ғасырда ғұмыр кешкен Әл-
Фараби ұсынған моральдық-этикалық ілім 
Абай әлемі: білім беру, ғылым, мәдениет және өнер
Мир Абая: образование, наука, культура и искусство
The world of Abai: education, science, cultury and art


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№3, 2020
198
негізіне, түркі халықтарының мінез-құлық, 
ой-сезімдерін, сергіту идеясы мен парасатты 
адам (инани фазыл) туралы танымы 
жатады. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды 
қала тұрғындарының көзқарастары» атты 
философиялық трактатында «Қайрат», 
«Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға 
түсінік бере келіп: «Жүрек – басты мүше, 
мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі 
билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да 
басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші 
емес» [3], – дейді. 
Әл-Фараби 
түркі 
әлемінде 
өз 
философиясының негізі жүрекке баса мән 
беруі, Абай негізін қалаған «толық адам» 
ілімінің түп төркінін білдіретін құнды 
дерек көздеріне жатады. Әл-Фарабидің осы 
философиялық тұжырымы Абайдың «Он 
жетінші» қара сөзінде логикалық жалғасын 
тапқан. Ғақлияшы осы сөзінде «Қайрат», 
«Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін 
мықты санап, айтысып, таласып, соңында 
«ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл 
үшеуінің сөзін тыңдай келе: – Сен үшеуіңнің 
басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ 
билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. 
Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп 
қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына 
жаны – діні құмар болады. Көнбек түгіл 
қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. 
Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. 
Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, 
сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске 
күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды 
босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін 
жүрекке билет, – депті. Осы үшеуің бір 
кісідей менің айтқанымдай табыссаңдар, 
табанының топырағы көзге сүртерлік 
қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен 
«Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, 
қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа 
әрдайым қарайды» – деген қорытындыға 
келеді[4]. 
Мұнда 
қазіргі 
таңда 
психология 
ғылымының қарқынды зерттеу нысанына 
айналып отырған «эмоционалды интеллект» 
феноменін байқай аламыз. Осы мәселені 
анағұрлым терең зерттеген ғалымдардың 
бірі Г.Доулманның пікірінше: «эмоциялық 
интеллект – тұлғаға өзін-өзі сезінуге, 
түрткілендіруге, көңіл-күйін басқаруға, 
импульстік 
көріністерді 
бақылауға, 
фрустрациядан бекіну, күнделікті өмірде 
табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін 
факторлар жиынтығы[5]. 
Яғни психологиялық процестердің бірі – 
ерік-жігермен астарлас болған «қайратты», 
сол секілді ой-қиялмен мағыналас болған 
«ақылды» адам бойындағы эмоцияның 
қайнар көзі болған «жүрекке» басқартқанда 
адамның ішкі әлемімен қоса тұлға аралық 
әрекеттесуінде де үйлесімділік орнайтынын
заманынан оза туған ойшыл ақын болжай 
білген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет