Р. К. Керимбаева



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата28.03.2024
өлшемі1.18 Mb.
#496714
1   2   3   4   5   6   7
107-Статья для антиплагиата-1038-3-10-20210528

Абай әлемі: білім беру, ғылым, мәдениет және өнер
Мир Абая: образование, наука, культура и искусство
The world of Abai: education, science, cultury and art


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№3, 2020
200
білген қайраткер ақын қарапайым халықты 
мұндай індеттен сақтап қалудың бірден бір 
жолы, осынау албырт кезеңде ұлт өзегін 
берік сақтайтын «толық адам» ілімін жасауы 
еді.
Абайдың 
«толық 
адам» 
туралы 
концепциясының түп төркіні «Ғылым таппай 
мақтанба» өлеңінен бастау алады. Бұл өлең 
жыл өткен сайын өзінің философиялық, 
психологиялық, 
педагогикалық 
мән-
мағынасын арттырып, қырлана түспесе, 
құнын жоғалтқан емес. Мұндағы «егер дүние 
бейне жүзік болса, онда адам оның бетіндегі 
гауһар» идеясы – гуманистік психологияның
ең асылы, ең ардақты саналатыны «Адам». 
Сол адамның бойындағы болатын мінез-
құлықтың ең басты сипаты неден тұрады? 
деген сұраққа, әр заман ойшылдары 
өздері өмір сүрген дәуір талабына орай 
жауап бермекке ұмтылған. Исламият 
әлемінде, әсіресе, Түркістан өлкесінде 
бұл өзекті мәселеге Әл Фараби бастаған 
XI ғасырдағы Жүсіп Қас Хаджиб, XII-XIII 
ғасырлардағы Ясауи, Ш.Табризи (Тарази), 
Ж.Руми жалғастырған жәуанмәртлік, хал 
ілімі, камили инсани жайындағы тың 
идеяларымен, ой-толғаныстарымен жаңа 
дем берген болса, ал XIX ғасырдың екінші 
жартысында Абай бұл мәселеге ерекше назар 
аударып, өзіне дейінгі ойшылдар дәстүрін 
өзіндік 
дүниетанымдық 
тұжырыммен 
қорытады. 
Абай адам болу хақысында «Ғылым 
таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсені 
жүйелей қамтып, толық адамға айналу 
формуласын дәл сипаттайды. М.Әуезов 
Абайдың бұл өлеңін мән-мағынаға толы
қорытынды ой түюге көмектесетін 
бағдарламалық өлең деп жоғары бағалайды 
[9].
Абай өлең жолдарында жазылған «адам 
болудың» шарты замана көшін бір жарым 
ғасыр ілгерілетсе де өз құндылығын жоғалтар 
емес. Себебі, біз әлі күнге дейін өсек пен 
өтірікке құмартып, оған мақтанымызды қоса 
айтып, іс бастауға кегенде ерініп, арзан ойын-
күлкіге беріліп, жиған малды бекер шашып 
жүрген сүреңсіз өмір салтынан арыла алар 
емеспіз. Әрине, ойын тереңге бойлатып, 
таудай талап қойып, ерте еңбектеніп, қанағат 
пен рақымды да ойлай жүретін ойлыларымыз 
аз емес. Дегенмен, тұлғамызды ұлы Абай
атаған бес дұшпаннан қашық, бес асылға 
асық етіп тәрбилесек, адамдықтың негізін 
қалыптастыратынымыз анық. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында 
XXI ғасырда қоғамдық сананы қайта 
қалыптастырып, рухани жаңғыруды заман 
талабына сай бейімдеу арқылы халыққа 
жаңа серпін беру жолын айтады. Әрбір 
адамның өз бойындағы мінмен алысып, 
Абай көрсеткен, ізгілік қасиеттерді, асыл 
құндылықтарды жинай отырып, қазіргі заман 
ағымына икемдеп, жаһандану дәуірінің 
белесіне шығар көшбасшы болатындығымыз 
айтылған [10].
Абай өлеңдерінің психологиялық мәні 
ақынның жетінші қара сөзінде сипатталып 
«жанның тамағы» – деген философиялық 
мағынадағы ұғыммен астасып жатыр. Абай 
түсінігіндегі «жанның тамағы» дегеніміз – 
жанның қуаты арқылы толығатын рухани 
байлық негізі, өзегі болып отыр. Себебі, 
Абай: «...Құмарланып жиған қазынамызды 
көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», 
– деп көрсетуі арқылы жас ұрпақ, өзінің 
саналы өмірін, дүниетанымын қалыптастыру 
жолында жанын пайдалы тамақпен
сусындауға бет бұрса ғана, толық адам 
жолына түседі деген. Яғни Абай танымы 
толық адамдық қаситетті баланың жас 
кезінен сіңіру керектігі идеясын меңзейді.
Адамзатты адамдыққа жетелейтін Абай 
еңбектері, бүгінгі таңда ел арасында нақылға 
айналған «Атаңның баласы болма, адамның 
баласы бол», «Атымды Адам қойған соң 
қайтып надан болайын», «Адамзаттың 
бәрін сүй бауырым деп...», «Адамды сүй, 
Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде 
одан басқа» –деген өлең – жырларының 
тармақтары бар. Абайдың «адам бол, адамды 
сүй, адам болып қал»-деген ой-пікірлерінің 
негізі, бүгінгі таңдағы гуманистік педагогика 
ғылымында кеңінен қолданылып жүрген 
ұстанымдарға жатады. Осы тұрғыда, жас 
ұрпақты тәрбиелеуде ең алдымен, оларды 
адамды сүюге баулудан басталуы керек деген 


201
тұжырымнан шығады. Абай үшін дүниенің 
басты құндылығы – адам, жәй ғана адам 
емес, рухани тұрғыда, кемелденген толық 
адам. Адамзат өркениетіндегі барлық игі 
қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, 
әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, 
қайраткерлік, 
азаматтық, 
жомарттық, 
әділеттік т.б. сапаларды бойын жетілдіре 
білген, дамыған адам – Абай ұсынған «толық 
адам» концепциясы. 
Осындай 
тұжырымның 
Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт – 
2020» ұлттық жобасының «адами капитал»
идеясымен өзектесе құрылуы, жас өркеннің 
осынау терең тағылымды ілімінің мәңгілік 
екендігін көрсетеді [11].
Адам өмірі біртұтастық түрлі қарым-
қатынастардан құралады, осыз адам 
қоғамнан бөлініп қалады. Адам қоғамның 
бір бөлшегі, құрамдас бөлігі, құрастырушы, 
құрылысшысы деп қарастырады. Аайдың 
отыз жетінші қара сөзінде «Дүниеде 
жалғыз қалған адам – адамның өлгені. 
Қапашылықтың бәрі соның басында дейді». 
Бұл неміс философы Гетенің «Адам 
жалғыздықта өмір сүре алмайды, ол әлеуметке 
мұқтаж» деген даналық нақылымен үндесіп 
жатыр. Бригам Янг университетінің (Юта 
штаты, АҚШ) психологтар бірлестігінің 
зерттеу нәтижелері бойынша жалғыздықта 
өмір сүретін адам көптеген ауруларға бейім 
келеді екен. Олардың қатарындағы ең жиі 
ұшырасатыны депрессия мен психикалық 
бұзылыстар көрінеді. Яғни Абай айтқан 
«қапашылық» 
осы 
дерттерге, 
жан 
күйзелістеріне апарып соқтырса керек.
Абай поэзиясындағы психологизм, әр 
түрлі адамдардың мінез-құлқын, жан-
дүниесін, қандай жағдайда, қандай әрекет 
ететіні 
ашып 
көрсету 
шеберлігімен 
ерекшеленеді. Мысалы «Бөтен елде бар 
болса», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» секілді 
өлеңдерін атауға болады. Қиын-қыстау 
жағдайда жалтарғыш, «бір сөз үшін жау 
болып, бір күн үшін дос болып» қырық 
құбылып жүретін адамдардың мінезін, 
іс-әрекетін ақын дөп басып, надан адам 
бейнесінде сипаттайды.
Абай шығармаларында қазақ әкімдерінің, 
ел билеушілерінің бейнесін көрсетуде де 
мысқылшыл, сатирик ақын, психолог-
суреткер ретінде танылады. Мысалы, 
«Болыс болдым мінекей» өлеңінде ақын 
сол уақыттағы қазақ қоғамында белең ала 
бастаған 
мансапқорлық 
психологиясы 
ашық, әрі айқын суреттелген. Билікке 
ұмтылу, жақсы өмірге құштарлық, адамның 
бойындағы жағымсыз қасиет ретінде 
бейнеленген. Дегенмен де, бұл қасиет ақыл-
санаға бойұсынуы тиіс, себебі ақыл адамның 
мінезі мен іс-әрекетін басқарушы күш.
Ал адамның билікке деген құштарлығын 
ақылға бағындырғанда, онда жауапкершілік 
сезімі күшейеді. Ал жауапкершілік сезімі 
адамнан көркем мінезді, адалдықты, 
шынайы білім мен іскерлікті қажет ететін 
болғандықтан осының барлығын ескеріп, 
бойына жиған адам ғана қоғамда тура 
басшылық жүргізе алады.
Осы негізде жоғарыда айтылған асыл 
қасиеттерді бойына терең сіңіріп, өзін 
уақыттың талабына икемдей алатын адам, 
қоғамды алға жетелеуші тұлғаға айналмақ. 
Ал сол кезеңде болыстық билік үшін барын 
салып, жанын салып, таласып, мінез дертіне 
шалдыққан қазаққа Абайдың ұсынған
рухани емі - «толық адам» ілімі еді. Осындай
рухани ілімі арқылы әр қазақтың бойын 
ізгілік тұрғысынан жаңғырту, іс-әрекетті
ар таразысына салуға ұмтылған Абайды, өз 
заманында қалың көпшілік түсіне қоймады.
Ақынның жиырма бірінші қара сөзінде 
адамның мақтан деген қасиетін толық адам 
сипатына келмейтін көрініс ретінде талдайды. 
Мұнда Абай адамның мақтангершілік
қасиетінен аман болуы өте қиын іс екендігі, 
бөтен адамдарға мақтанғандық ләкин нағыз 
надандық дейді. Ал екінші адамдар өз елінің, 
жұрттың ішінде мақтан іздейді, ол толық 
адамға лайық емес, надан дейді. Ал үшіншісі 
өз үйіне, немесе ауылына келіп айтпаса, 
өзге адамдар қостамайтын мақтанды іздейді 
дейді, ол наданның наданы.
Абай адам бойындағы қасиеттерді 
ұғынықты тілмен көркем талдай отырып, 
ұлттық болмыс пен ұлттық мінез де, сапалық
қасиеттер арқылы көрініс табатындығын 
түсіндірген. Қырық төртінші қара сөзінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет