ҚР Ұко эцқ құралын алуға арналған жеке тұлғалар үшін нұсқаулық



Дата08.07.2016
өлшемі127 Kb.
#185444




«Ұлттық ақпараттық технологиялар»

акционерлік қоғамы


ҚР ҰКО ЭЦҚ құралын алуға арналған жеке тұлғалар үшін нұсқаулық

Астана қаласы 2011 жыл.



ҚР ҰКО ЭЦҚ құралын алуға арналған пайдаланушы нұсқауы



1. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының бағдарламалық қамтамасыз етуін орналастыру 3

3.Өтініш расталған соң сертификатты орнату 11

4. Сертификаттарды экспорттау 15

5. Басқа компьютерге сертификат және кілт орнату. 18

6. Қосымша ақпарат 21

6.1 Mozilla Firefox браузерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Куәландырушы орталығының (бұдан әрі - ҰКО) цифрлық қолтаңбасын орнату жөніндегі нұсқау 21

6.2 Opera браузерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Куәландырушы орталығының (бұдан әрі - ҰКО) цифрлық сертификатын орнату жөніндегі нұсқау 27



1. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының бағдарламалық қамтамасыз етуін орналастыру





  1. http://www.pki.gov.kz/docs/tumar.exe сілтемесіне өте отырып бағдарламалардың дистрибуттарын жүктейміз.

Орнатуды жалғастыру алдында барлық браузерлер терезелерін жабу ұсынылады.

Бағдарламаны (инсталляция) орнату үшін Сізге сол жақ тінтуір тетігін екі рет «tumar.exe» орнату файлына басу қажет. Ашылған терезеден тек «Алға» тетігін басамыз (1-сурет):



1 - сурет.


  1. Келесі қадам Сіздің компьютеріңізге орнатуға бағдарламаларды жүктеу үшін директории таңдауға мүмкіндік береді. Біз орнату орнын ауыстырмай, Сізге бағдарлама ұсынған түрінде қалуын ұсынамыз. «Алға» тетігін басамыз (2-сурет):



2 - сурет.


  1. Бұдан кейін «Алға» тетігін басамыз (3-сурет):




3 - сурет.


  1. TumarCSP конфигураторының орнату шеберінің бірінші терезесі ашылады. «Ары қарай» тетігін басамыз (4-сурет):



4 - сурет.


  1. Келесі терезеде лицензиялық келісіммен танысып, оның шарттарын қабылдау қажет (сол бөлімді белгілеп), «ары қарай» тетігін басамыз (5-сурет).



5 - сурет.


  1. Келесі терезеде бағдарлама орнатуға дайын екенін хабарлайды. Және бағдарламаның қалай орналасуы директориясын көрсетеді. Сонымен бірге «іске қосу» мәзіріне жол сілтейді. «Орнату» тетігін басамыз (6-сурет).




6 - сурет.


  1. Орнату үдерісі бір-екі секундқа ғана созылады, кейін орнатудың аяқталғаны туралы терезе пайда болады. «Аяқтау» тетігін басамыз. (7-сурет).




7 - сурет.



  1. Қанат белгісін (галочка) алып тастап, «Соңы» тетігін басыңыз (8-сурет).




8 - сурет.

Java
-ны орнату.
TumarCSP үйлестірушісін (конфигуратор) орнатқан соң, http://www.pki.gov.kz/docs/jre6u25.exe сілтемесі арқылы жүктеп алуға болатын Java.exe қосымшасын орнату қажет.


  1. Бұл бағдарламаны орнату үшін «jre6u25.exe» бағдарламасының орнатушы файлына тінтуірдің сол жақ тетігін екі рет басу қажет.

Ашылған терезеден «Install» («Орнату») тетігін басу керек (9-сурет):

9-сурет.



  1. Орнату үдерісі екі секундқа созылады, кейін орнатудың аяқталғаны туралы терезе пайда болады. «Close» тетігін басамыз (10-сурет).



10-сурет.
Орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысының кедергісіз болуы үшін «Компьютерді қайта қосу» қажет.

1. ҚР ҰКО электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін он-лайн өтініш беру


  1. Электрондық цифрлық қолтаңба алуға өтініш беру үшін http://www.pki.gov.kz/cms?host=ru-ekey&path=/fizlic/fizegov сілтемесіне ауысу керек, ашылған терезеден «ЭЦҚ алуға өтініш беру» тетігін басыңыз (10-сурет)

Ескерту: Бұған қоса өтініш беру үшін сіз http://egov.kz/wps/portal/EDSRegistration?lang=ru сілтемесіне өте отырып, «Электрондық үкімет» порталын пайдалана аласыз.



10-сурет


  1. Ары қарай Сіздің компьютеріңізде қажетті бағдарламалық қамтамасыз етудің бар-жоқтығын тексеретін терезе ашылады, қандай да бір бағдарламаның жоқтығы туралы қателік орын алған жағдайда Сізге «БҚ орнату жөніндегі нұсқауға» қайта оралу қажеттігі туындайды.




  1. Егер бәрі сәтті болса, «ары қарай» тетігін басамыз (11-сурет)


11-сурет




  1. Келесі қадамда өзіңіздің кім екеніңізді, «жеке тұлға» немесе «заңды тұлға» болып табылатындығыңызды таңдайсыз (12-сурет)


12-сурет.




  1. Ары қарай сертификатта көрсетілетін өзіңіз туралы мәліметтеріңізді толтырасыз.

ЖИН – Жеке идентификациялық номер (жеке куәлік және жаңа төлқұжатта)


  1. ЖИН енгізген соң «Дерек қордан тексеру» тетігін басу қажет (13-сурет).


13-сурет.




  1. «Аты-жөні» және «Әкесінің аты» жолдары автоматты түрде толтырылады. «Электрондық пошта» жолын толтырып, «ары қарай» тетігін басамыз (14-сурет).


14-сурет.





  1. Келесі қадамда ҚР ҰКО-ның Тіркеу орталығын көрсету керек, Тіркеу орталығының өтініш берушінің құжаттарын ұсыну үшін қажеттігін білу маңызды, сондықтан оны өзіңіз тұратын мекен-жайыңыз бойынша көрсеткен жөн (15-сур.) Сосын «Ары қарай» тетігін басамыз.


15-сурет.




  1. Келесі терезеде Сіз енгізілген мәліметтерді тексеріп, құрылған өтінішті таңдалған ҚР ҰКО Тіркеу Орталығына жібереміз (16-сур.)

Сіз оларды «Мәліметтерді түзету» тетігіне баса отырып жөндей аласыз.


16-сурет.




  1. Арықарай Сіздің өтінішіңіздің номері жазылған терезе ашылады, өтінішті басып шығарыңыз және қол қойыңыз, өтініш беру аяқталды. Енді Сізге қажетті құжаттарды Тіркеу Орталығына өткізу керек.




  1. Кейін өтініш беру кезінде Сіз көрсеткен электрондық мекен-жайға сертификатты орнатуға сілтеме берілген хат келеді. Сілтемеге өтіңіз.



  1. Өтініш расталған соң сертификатты орнату





  1. Сертификатты орнату екі жолмен іске асады:




    1. Поштадағы хатта көрсетілген certex3@pki.gov.kz сілтемесіне өтеміз (17-сур.) :

17-сурет.




    1. Немесе сілтеме бойынша өтініш мәртебесін тексеру үшін: https://ind.pki.kz/webra/checkRequest.seam сілтемесіне өтеміз (18-сур.):


18-сурет.


«Мәртебесін тексеру» тетігіне басып, сертификатты орнатуға тағы да сілтеме аламыз (19-сур.).

19-сурет.




  1. Сілтемеге өткен соң, «Сертификаттарды орнату» сілтемесіне басамыз (20-сур.).


20-сурет.




  1. Сертификаттың сәтті орнатылғаны туралы терезе ашылады (21-сур.). «Ок»-ді басамыз.

21-сурет.




  1. Сертификаттардың дұрыс орнатылғанын тексереміз:

  1. «Тумар Конфигураторды» ашамыз (Іске қосу - Бағдарламалар– Gamma Tech – Tumar CSP v4 – TumarCSP Конфигуратор) (22-сурет).

22-сурет.




  1. USER_NCA профайлға басамыз (23-сурет).


23-сурет.




  1. Егер сертификаттар сәтті орнатылса, кілттер тізімінен сіздің «сертификаттар кілті мен алқасы» көрінеді (24-сурет).


24-сурет.




  1. Егер барлығы дәл 24-суреттегідей болса, сізді сертификаттардың сәтті орнауымен құттықтаймыз.

Енді «Сертификаттарды импорттауды» іске асыру қажет.
Егер орнату кезінде қателік орын алса, Сіз 1414 номері бойынша немесе sd@nitec.kz пошта мекен-жайына тәулік бойы қызмет ететін техникалық қолдау орталығына хабарласуыңыз қажет.

4. Сертификаттарды экспорттау





  1. «Тумар Конфигураторын» ашамыз (іске қосу (Пуск) – Бағдарламалар – Gamma Tech – Tumar CSP v4 – TumarCSP Конфигуратор) (25-сурет).


25-сурет.




  1. USER_NCA профайлына басамыз (26-сурет).


26-сурет.




  1. Тінтуірдің оң жағын бірінші сертификатқа басамыз, егер сертификат RSA алгоритмінде болса, «Сертификатты Open SSL форматында экспорттауды» таңдаймыз (27-сур.)

27-сурет.




  1. Сұраным терезесі ашылады (28-сур.), «Иә»-ні таңдаймыз.


28-сурет.




  1. Кілттерге арналған кілтсөзді енгіземіз (кілтсөзді еске сақтаңыз, сертификаттарды импорттау кезінде қажет болады) (29-сур.):

29-сурет.




  1. Файлды сақтау үшін папка көрсетеміз және «Файл атауы» жолына «keys_rsa» жазып «Сақтау» тетігін басамыз (30-сурет).

30-сурет.




  1. Кілттің сәтті экспортталуы туралы хабарлама пайда болады. «Ок»-ді басамыз (31-сур.)


31-сурет.


Екінші МЕМСТ сертификаты үшін болатын рәсім осыған ұқсас.

5. Басқа компьютерге сертификат және кілт орнату.



«Конфигуратор TumarCSP» бағдарламасын жүктеңіз. USER_NCA контейнерін таңдаңыз (немесе өзіңіз импорттағалы отырған кілт пен сертификат) (32-сур.).

32-сурет.

 

Кілттер тізімі жазылған кез келген бос жерге тінтуірдің оң жағын түртіңіз және «Кілтті импорттау (PKCS#12/ PKCS#8)» тетігін басыңыз (33-сур.).

33-сурет.


Сіздің сертификаттарыңыз орналасқан папканы көрсетіңіз және импорттау керек сертификатты таңдаңыз, сосын «Ашу» тетігін басыңыз (34-сур.).

34-сурет.

 

Сіздің сертификаттарыңызды жүйенің сертификаттар қоймасын құрып, сонда орналастыру үшін «Иә» тетігіне басыңыз (35-сур.).



35-сурет.


Ашылған терезеге кілтсөзді енгізіп, «Ок» тетігін басыңыз (36-сур.).

36-сурет.


Соңында жүйе сертификаттың сәтті импортталғаны туралы хабарлама береді (59-сур.). Енді профайлда сертификат бар (37-сур.).

37-сурет.


37-сурет.


Екінші сертификатпен де осы әрекеттерді қайталаңыз. Импорт аяқталды.

6. Қосымша ақпарат




6.1 Mozilla Firefox браузерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Куәландырушы орталығының (бұдан әрі - ҰКО) цифрлық қолтаңбасын орнату жөніндегі нұсқау


 

Аутентификаттау (RSA) үшін сертификатты орналастыру

 

Mozilla Firefox браузеріндегі «Құралдар» - «Орнатылымдар» мәзіріне кіріңіз (38-сур.).



38-сурет.


«Қосымша» қосымша бетін таңдаңыз, сосын «Шифрлау» және «Сертификаттарды қарау» тетігін басыңыз. (39-сур.).



39-сурет.
Сертификаттар менеджерінде «Сертификация орталықтары» қосымшасын басыңыз (40-сур.).

40-сурет.


Ұлттық куәландырушы Орталықтағы сертификаттар қоймасына негізгі сертификатты енгізу үшін «Импорттау» тетігін басыңыз.
Назар аударыңыз: ҚР ҰКО негізгі сертификаттарын мына сілтемеден жүктеп алуға болады: http://www.pki.gov.kz/docs/sertifikaty_u_na_algoritme_gost_i_rsa~1.rar
CA_GOST.cer және CA_RSA.cer сертификаттарын кезекпен орнатыңыз.

Сертификатты таңдап, «Ашу» тетігін басыңыз (41-сур.).


41-сурет.


Суретте көрсетілгендей қанат белгісін қойыңыз, «Ок» тетігін басыңыз (42-сурет).

42-сурет.

Осындай әрекеттерді екінші сертификатпен де қайталаңыз.

Бұдан кейін сіз браузерге қосылған негізгі сертификаттарды көре аласыз (43-сурет).



43-сурет.


Бұдан кейін «Сіздің сертификаттарыңыз» қосымшасына өтіңіз

Сертификаттар менеджеріндегі «Импорттау» тетігін басыңыз (44-сурет).



44-сурет.


Пайда болған терезеден дисктік тасығыштағы keys_rsa.p12 файлын таңдаңыз және «Ашу» тетігін басыңыз (45-сур.).

45-сурет.


ҚР ҰКО тіркеу куәлігін шығаруға өтініш толтырған кезде көрсеткен кілтсөзіңізді енгізіңіз және «ОК»-ді басыңыз (46 сур.).

 

46-сурет.
«ОК»-ді басыңыз (47-сурет).

47-сурет.


Сертификаттың сәтті импортталғанына көз жеткізіңіз. (48-сур.).

48-сурет. 


Орнатылым дұрыстығын тексеру

 

Жеке сертификаттардың орнатылу дұрыстығын тексеру үшін келесі қадамдарды жасаңыз.



«Іске қосу» мәзірінен «Орындау»-ды таңдаңыз. Төмендегі суреттегідей жазуды жазыңыз және «OK»-ді басыңыз (49-сурет).

49-сурет.

 

6.2 Opera браузерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Куәландырушы орталығының (бұдан әрі - ҰКО) цифрлық сертификатын орнату жөніндегі нұсқау



Аутентификаттау (RSA) үшін сертификат орнату

 

Opera браузеріндегі «Құралдар» - «Орнатылымдар» мәзіріне кіріңіз (50-сурет).



50-сурет.


«Қосымша» қосымша бетін таңдаңыз, сосын «Қауіпсіздік» тетігін басып, «Кілтсөз орнату» тетігін түру қажет. (51-сурет).

51-сурет.

 

Қауіпсіздіктің ерікті кілтсөзін енгізіңіз. Кілтсөзді есте сақтаңыз. «ОК» тетігін басыңыз (52-сурет).



52-сурет.


«Сертификаттарды басқару» тетігін төменгі Суреттегідей басыңыз (53-сур.).

53-сурет.


Сертификаттар менеджеріндегі «Сертификаттау орталықтары» қосымшасын басыңыз (54-сурет).

54-сурет.


Сертификаттар сақтау қоймасына Ұлттық Куәландырушы Орталықтың негізгі сертификатын енгізу үшін «Импорт» тетігін басыңыз.
Назар аударыңыз: ҚР ҰКО негізгі сертификаттарын мына сілтеме бойынша жүктеп алға болады: http://www.pki.gov.kz/docs/sertifikaty_u_na_algoritme_gost_i_rsa~1.rar
CA_GOST.cer және CA_RSA.cer сертификаттарын кезекпен орнатыңыз.

Сертификатты таңдаңыз және «Ашу» тетігін басыңыз (55-сурет).


55-сурет.


«Орнату» тетігін басыңыз (56-сурет).

56-сурет.


«ОК» тетігін басыңыз (57-сурет).

57-сурет.


Бұдан кейін Сіз браузерден қосылған негізгі сертификаттарды қарай аласыз (58-сурет).

58-сурет.

 

Пайда болған терезеден «Импорт» тетігін басыңыз (59-сурет).



59-сурет.


Пайда болған терезеден дискілік тасығышта орналасқан keys_rsa.p12 файлын таңдаңыз және «Ашу» тетігін басыңыз (60-сурет).

 

 



60-сурет.


ҚР ҰКО тіркеу куәлігін шығаруға өтініш толтырған кезде көрсеткен кілтсөзіңізді енгізіңіз және «ОК»-ді басыңыз (61-сурет).

 

61-сурет.
«ОК»-ді басыңыз (62-сурет).

62-сурет.

 

Бұдан кейін қауіпсіздік кілтсөзін енгізіңіз (63-сурет).



63-сурет.


Орнатуды аяқтаңыз, «ОК»-ді басыңыз (64-сурет).

 



64-сурет.

«ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЫ



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет