ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас маманы Дулат Әлімбайұлы Арапбаевқа



Дата15.04.2024
өлшемі19.02 Kb.
#498723
МІНЕЗДЕМЕ


МІНЕЗДЕМЕ


ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас маманы 
Дулат Әлімбайұлы Арапбаевқа
Дулат Әлімбайұлы Арапбаев 1982 жылы 24 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, мамандығы – заңгер.
Дулат Әлімбайұлы Арапбаев 2003 жылғы 15 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бас маман ретінде қабылданды. Алғашқы күннен бастап, ол берілген тапсырмаларды дер кезінде, тиянақты орындап, өз ісіне жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсетті.
Қызмет ету кезеңінде өзін сауатты, тыңғылықты орындаушы және тәртіпті офицер ретінде көрсетті. Өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.
Сырт келбеті ұқыпты. Дене бітімі дамыған. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды.
Оперативтік жұмыста біліктілік, мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік байқатты. Қызметтік міндеттерін адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді. Алдында тұрған міндеттерді шешуге басшылық және оперативтік құрам күшін шебер бағыттайды. Қол жеткізген нақты нәтижелері үшін мақтау қағазымен марапатталған.
Дулат Әлімбайұлы Арапбаев келешекте жоғары дәрежелі, білікті офицер болады деген сенім білдіреміз.
Төрағасы қолы аты-жөні 


Үлгі 2.
МІНЕЗДЕМЕ
Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының маманы
Рахметова Райхан Рахметуллақызына
Рахметова Райхан Рахметуллақызы 1980 жылы туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген, мамандығы – филолог, оқытушы.
Рахметова Райхан Рахметуллақызы 2003 жылдың 18 ақпанында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасында маман ретінде қызметке қабылданды. Алғашқы күннен бастап, Рахметова Райхан Рахметуллақызы берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, өз ісіне жауаптылығын, ұқыптылығын танытты.
Жұмыс барысында өзін тек жақсы жақтарымен көрсетті. Қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарады. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген және сауатты.
Осы ерекшеліктері ескеріліп, 2003 жылдың сәуір айынан бастап, ол кадрлар бөліміне ауыстырылды. Бұл бөлімнің де құжаттарымен сауатты да ұқыпты жұмыс істеу, ісін тиянақты да уақытылы орындау, тапсыру сияқты талаптарына сай жақсы қызмет атқарып келеді. Сонымен бірге аударма ісімен де жақсы жұмыс істейді.
Жұмыс барысында өзін ұстауы, адамгершілігі, қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеуі жоғарғы дәрежеде деуге болады. Орталықтың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде атсалысады.
Өзіндік ерекшеліктері – іскер, ұстамды, алдына талап қоя алатын, ісіне мұқият қызметкер.
Төрағасы қолы аты-жөні
«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет