Р. М. Муталиева Қазіргі қазақ Әдебиеті



бет12/20
Дата04.01.2023
өлшемі137.48 Kb.
#468106
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
2 5192750047959187964

Мысалы
«Саулы Бозінген» деген әйел оқиға желісінде Ақбілек ақтардан қашып келе жатып бір ауылға тоқтағанда көрінеді. «Бозінген» бүкіл ауылды құлақтандырып барып, Ақбілекті көруге келеді. Өзінің екіқабат боп ұзатылған Айтжанымен салыстырады. «Бозінген отбасының әйелі емес, бір болыс елдегі әңгімені үйде отырып біліп отыратын, еркектердің партиясына да, дау-шарына да кірісіп кететін, сақ құлақ, еті тірі көшелі кісі ғой. Және біздің «Бозінген» еркектермен дойбы, карта, асық ойнайтын, насыбай ататын, қонаққа өлең айтқызбай жібермейтін, бозбала келсе, екі езуі жиылмайтын сері кісі ғой. … таза көрпелері салтақ-салтақ боп, төсек-орны жуырда жиналмай, қоқып, ыбырсып жатар еді» [9, 190 б.].
Жазушы Бозінгенді мақтап отырған жоқ, кекетіп отыр. Жақсы әйел «Бозінген» атанбайды ғой. Бозінген - әйелдер арасында кездесе беретін шаруаға қыры жоқ, өсек-аяң, қыдыруды жақсы көретін, еркекке жеңілтек әйелдердің бір үлгісі.
Ал Өрік – нағыз тасбауыр өгей шешелердің жиынтығы. Оның портретінің өзі сөйлеп тұрғандай: «Ақбілек жаңа шешесіне көз қырын салды. Көзі тікшиген, жұқа қабақ, қаймақ ерін, таңқы мұрын, тымырайған, қайқаңдау, қара сұр адам екен. Үйге жылан кіріп келгендей Ақбілектің жүрегі су ете түсті» [9, 273 б.].
Өріктің қандай адам екенін түрі айтып тұр. Ауыл әйелдері де оның шеше боп жарытпайтынын, көк долы екенін аңғарады. Өрік келе шаруаны қолға алады, бір сабақ жіп бермейтін сараңдығын көрсетеді. Балаларға мейірімсіз болады. Ара түскен Ақбілек:
Ойбай-ау! Ұят қой! Пәленшенің қатыны дейді ғой, – деп тағы бірдеңе айтпақ болып еді, Өрік одан жаман дәуірлеп:
Қатыны болсам, не ғыппын? Ойнас қылыппын ба? Өтірік айтыппын ба? Құдайға шүкір, оң қолым таза, аузым оймақтай? Құдай сендей абиыры кеткеннен, орыс салдақылағаннан сақтасын! – деп бастырмалатып, аузынан көбігі бұрқырап жатқанда, Ақбілек шыдай алмай, еңіреп шыға жөнеледі» [9, 277 б.].
Өрік Ақбілек пен әкесін араздастыра түседі. Ақбілектің аяғы ауыр екенін білу үшін түймеңді салып шық деп өтірік қамқорсыған болады. Өзіне камзол пішпек боп, Ақбілекке «түймеңді салшы, қиғанын көрейін» деп аярлық істейді. Тіпті болмаған соң Ақбілек ұйықтап жатқанда ішін ұстап көреді. «Ақбілекпен өштігі әуелде өткен күнін көксеуден туса да, жүре-жүре ол себеп ұмытылып, енді тек өштіктің қызығына түскендіктен өшігуші еді. Жығылғанды жұдырықтау оған өнер, мақтан есепті көрінуші еді. Үйткені адам – айуанның айуаны ғой. Кімнің басына күн туса, соны табалауға, мұқатуға, одан әрі батпаққа батыруға құмартып тұрады: табаласа, аяғымен таптаса, сонда айызы қанады. Әсіресе, ел мақтаған, кірсіз адамды кірлеуге жаны өш болады. Үйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды, күндейді; өзіндей қылуға тырысады» [9, 280 б.]. Жүсіпбектің «Адам – айуанның айуаны» дегені де Достоевскийдің адамның қатыгездігі туралы айтатын тұжырымымен үндес келеді.
Әйелдердің кешірімсіз болатыны туралы да Достоевский мен Жүсіпбек пікірлері бір жерден шығады: «Дүниеде әйел бір-бірімен өштеспесін. Әйел өштессе, аяу дегенді білмейді. Қайдағы жараның аузын жұлып алатын нәзік, жанды жерді аңдиды. Әйел шақса, шаяннан бетер шағады. Әйел өмірі кешірмейді» [9, 279 б.]. Достоевский «Ағайынды Карамазовтар» романында кейіпкеріне былай айтқызады: «Әйелге кінә менде, кешіре гөр деп кінәңды мойындап көрші:кекетіп-мұқату міне сонда басталады! Бұл сылтыңсыз жай кешіре салмайды, әбден жер-жебіріңе жетіп, болмағанды болды деп, жоқты бар деп мысыңды құртады, ештеңені де ұмытпайды, бірдеңені ойлап шығарудан да тайынбайды, сонсоң кешірсе, осыдан кейін ғана кешіреді» [11, 711 б.].
Өрік келте ойлайтындығын, ақылы шолақтығын көрсетті. Кейін Ақбілек оқыған боп өзгеріп қайтқанда Өріктің қарауға беті болмайды. Қалай қарасын? Ақбілек жаны қысылып толғатып жатқанда Мамырбай екеуі үйлерінен қуып шықпады ма? Сонда Өрік: «Сені жайратып отыра алмаймыз, сенің қағанағыңды жуатын адам жоқ» деген болатын.
Ақбілектің жеңгесі Ұрқия адамгершілігі мол, жүрегі таза, адал, кеңпейіл әйел. Ақбілектің шешесі қызын Ұрқияға ғана сеніп, ойынға жіберетін. Ақбілектің қиын күндегі серігі, сырласы Ұрқия ғана болады. Ақбілек үшін Ұрқия өтірік екіқабат боп, жазықсыз сәбидің көзге түрткі болмай өсуіне себеп болады. Бірақ сондай жақсы адам бір балаға зар болады. Зар болса да Мағжанның Шолпаны секілді күнә жасамайды, күйеуінің көзіне шөп салып, бала табуға ұмтылмайды. Ұрқия – баяғы замандағы жақсы, адал жеңгелердің үлгісі.
Мұқаштың әйелі Алтынай – жоқтан бар жасайтын, үнемшіл, шаруақор әйел. «Алтынай малын сауады, өргізеді, көздейді, байлайды, отынын тереді, отын жағады, суын әкеледі, күлін шығарады, тамағын істейді, киімін өзі тігеді, үйін жаяды, сыпырады, қорасын тазалайды. Жұмыстан қалт етіп қолы босаса, есік алдына шықса, ауыл-үйді қыдырса, болмаса абысын-ажындарымен әңгімелессе, қолынан ұршығы түспейді. Не дегенмен Алтынайдың қолы берекелі қатын. Жылына тістей қатып, тырнақтап жүріп, үш сиырдан үш-төрт қарын май алады» [9, 165 б.].
Тұрмысы оңды болса, Алтынайға одан басқа ешнәрсе керек емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет