ҚР мемлекет және құқық тарихы пәні мен әдістері



бет2/3
Дата20.09.2022
өлшемі65.52 Kb.
#461047
1   2   3
тема1

Үшiншi, Арнаулы әдiстемелер. Оған арнаулы-тарихи және арнаулы-құқықтық әдiстемелермен бiрге тарихи-генетикалық әдiстемелер жатады. Тарихи-жүйелi зерттеп-зерделеуден кейiнгi қол жеткiзетiн бiрден-бiр әдiстеме — ол тарихи-салыстырмалы әдiстеме.

  • Үшiншi, Арнаулы әдiстемелер. Оған арнаулы-тарихи және арнаулы-құқықтық әдiстемелермен бiрге тарихи-генетикалық әдiстемелер жатады. Тарихи-жүйелi зерттеп-зерделеуден кейiнгi қол жеткiзетiн бiрден-бiр әдiстеме — ол тарихи-салыстырмалы әдiстеме.
  •  Тарихи-салыстырмалы әдiстеме — ежелгi Қазақстан территориясын қоныстанған халықтардың мемлекет және құқық тарихының даму заңдылықтарын, сонымен бiрге өзге территорияларды қоныстанған халықтардың және олардың қай дәуiрлерде өмiр сүргенiн салыстырмалы түрде анықтауға мүмкiндiк бередi
  • Төртiншi, нақты-проблемалық немесе жеке әдiстемелер — ол өзiнiң аты көрсетiп тұрғандай iс-әрекеттердiң барысын, сипатын нақты оқып үйретуге бағытталады. Объектiнi оқып-зерттеу барысында қолданылатын әртүрлi әдiстердiң жиынтығы тарихи-құқықтық ғылымның әдiстемесiн құрайды.
  • Заңды тұрмыс-тiршiлiк — әр түрлi әдет-ғұрып, рәсiм, салт-жора, iс-әрекет, тәртiп пен тәлiм арқылы қалыптасып, солардың көмегiмен құқықтық қызмет ретiнде жүзеге асады. Ал адамдардың iс-әрекеттерi олардың әдiлеттi немесе әдiлетсiздiк, заңды не заңсыздық деген ұғымдарды қалай қабылдап, қалай түсiнуi арқылы айқындалады.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері

  • 1. Қазақстан территориясында мемлекет және құқықтың пайда болу кезеңi.
  • 2. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң өркендеу кезеңi.
  • 3. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң жойылуы мен дағдарысқа ұшырау кезеңi.
  • Бiрiншi көшпелi ғұн империясы кезеңi (III ғасырдан бастап V ғасыр аралығы)
  • Екiншi кезең VI ғасырдан бастап көшпелi түрiк империясының Түрiк-ашин iрi мемлекетiн құрайды да, оның құлдырауына дейiнгi аралықты айқындайды. Содан кейiн қарлұқ, Қарахан, қыпшақ, керей, найман мемлекеттерi құрылып, олар өздерiнiң тыныс-тiршiлiгiнде түркi дәстүрiн сақтайды.
  • Үшiншi кезең болса ХIII ғасырдан бастап Моңғол-қыпшақ көшпелi империясы деп аталады.
  • Төртiншi кезең ХV ғасырдан бастап ХVIII ғасыр басы аралығындағы тұтас қазақ хандығы
  • 4. Қазақстанның Ресей және КСРО құрамында конституциялық даму кезеңi.
  • ХVIII ғасырдың басында тұтас қазақ хандығы ыдырап, Қазақстандағы көшпелiлердiң мемлекеттiк құқықтық жүйесi дағдарысқа түсiп, келе-келе жойылу кезеңi басталды. Оны үш кезеңге бөлуге болады:
  • - протекторат кезеңi. ХVIII-ХIХ ғасыр басы;
  • - Ресей боданындағы әкiмшiлiк-құқықтық жүйенiң пайда болу кезеңi (ХIХ ғасырдың 20-шы-60-шы жылдары);
  • - Ресей боданындағы әкiмшiлiк-құқықтық жүйенiң беку кезеңi (ХIХ ғасырдың 60 жылдары — 1917 жыл).
  • 5. Тәуелсiз Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң қалыптасу кезеңi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет