Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын төмендегiдей кезеңдестiруге болады. - Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын төмендегiдей кезеңдестiруге болады.
- 1. Қазақстан территориясында мемлекет және құқықтың пайда болу кезеңi (бiздiң заманымызға дейiнгi III мың жылдық - бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасыр);
- 1.1. мемлекет құрылғанға дейiнгi кезең (бiздiң заманымызға дейiнгi III мыңжылдық — бiздiң заманымызға дейiнгi IХ ғасыр);
- 1.2. алғашқы мемлекеттiк кезең (бiздiң заманымызға дейiнгi VIII-III ғасырлар).
- 2. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң даму кезеңi (бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасыр — бiздiң заманымыздаға ХVIII ғасырдың басы);
- 2.1. ғұндардың көшпелi империясы кезеңi (бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасыр-бiздiң заманымыздың Y ғасыры);
- 2.2. түрiктердiң көшпелi империясы кезеңi (бiздiң заманымыздың VI-ХII ғасырлары);
- 2.3. моңғол-қыпшақ көшпелi империясы кезеңi (ХIII-ХIV ғасырлар);
- 2.4. тұтас қазақ хандығы кезеңi (ХV ғ.-ХVIII ғасыр басы).
- 3. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң дағдарыс және жойылу кезеңi (ХVIII-ХХ ғасыр басы);
- 3.1. протекторат кезеңi (ХVIII-ХIХ ғасырлар басы);
- 3.2. отарлау әкiмшiлiк-құқықтық жүйесiнiң ену кезеңi (ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары);
- 3.3. отарлау әкiмшiлiк-құқықтық жүйесiн бекiту кезеңi (ХIХ ғасырдың 60 жылдары — 1917 жылдың ақпаны).
- 4. Қазақстанның Ресей және КСРО құрамындағы конституциялық даму кезеңi (1917 жылдың ақпаны — 1991 жылдың желтоқсаны);
- 4.1. конституциялық дамудың таңдау-балама кезеңi (1917 жылдың ақпаны мен 1920 жыл);
- 4.2. Қазақстанның РСФСР құрамындағы конституциялық даму кезеңi (1920-1937 жылдар);
- 4.3. Қазақстанның КСРО құрамындағы конституциялық даму кезеңi (1937-1991 жылдары).
- 5. Тәуелсiз Қазақстан кезеңi (1991 жылдан бүгiнгi күнге дейiн).
Достарыңызбен бөлісу: |